ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте инклюзивті білім беру
06-05-2022 11:14
Мектепте инклюзивті білім беру

«Инклюзивті білім беру бойынша мектептің психологиялық-педагогикалық қызметі қызметтің негізгі аспектісі»  атты тұрақты қалалық семинар аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында онлайн режимде «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу ерекшеліктері» атты семинар-практикум өткізді. Инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін 100 директор орынбасары, пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психологтер, педагог-ассистенттер, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы «Білім беру мекемелерінің инклюзивті білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету» тақырыбында сөз сөйледі. № 18 мектеп директорының орынбасары Акимбекова Лейла Мұратқызы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектептегі жұмыс жүйесін ұсынды. Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО филиалының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі Идилуп Айман Тулюгуновна «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағдарламалары мен жеке қызмет түрлерін қолдану» тақырыбында сөз сөйледі.

Практикалық бөлімде «Аустикалық спектрдің бұзылулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру» тақырыбында Мошняга Галина Петровна, педагог-психолог, Набиева Светлана Фларитовна, логопед-мұғалім жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сидорова Елена Валерьевна, биология пәні мұғалімі, «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2022» қалалық байқауының жүлдегері (III орын) «биология пәні бойынша, 7-сынып ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған қалыптастырушы бағалауды бейімдеу» оқу-әдістемелік құралын дайын карточкаларымен және қысқа мерзімді сабақты жоспарлау мысалдарымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімі Надежда Филипповна Менькова үйде оқыту жағдайында «Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету және профилактикалық жұмыс» тақырыбымен таныстырды. Көру қабілеті бұзылған оқушылармен үйде оқыту тәжірибесін көрсетті, көзге жүктемені азайтуға көмектесетін жаттығуларды орындау бойынша ұсыныстар берді. География пәнінің мұғалімі Гайбель Татьяна Игоревна «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларда географияны оқытудың ерекшеліктері» мәселелеріне тоқталды. Сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының әртүрлі үлестірмелі түрлерін қолдану мысалдарын келтірді. Кентай Анар Оразалықызы, педагог-ассистент «Педагог-ассистент: инклюзивті практиканы іске асыру жағдайында балаларды сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледі. Ағылшын тілі мұғалімі Ғайни Асылбекқызы Молдакимова әріптестері әзірлеген «Балалардың жеке білім алу қажеттіліктерін есепке алу олардың жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу факторы ретінде» оқу-әдістемелік құралын, карточкалар мен құралға арналған тапсырмалар үлгілерін таныстырды. Ляхова Светлана Анатольевна, бастауыш сынып мұғалімі әдебиеттік оқуға арналған «Бастауыш мектептегі сабақтарда инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы әдістемелер» сабақ жоспарын ұсынды.

Семинар рефлексиясы өткізілді, жұмыс оқу жоспарларын құру, зияткерлік жетіспеушілігі бар балалардың ойлауын дамыту және түзету, мектеп педагог-психологтерінің, логопед-мұғалімдердің, педагог-ассистенттердің жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. № 18 ЖОМ және қала мектептері мұғалімдерінің оң жұмыс тәжірибесі тамыз педагогикалық оқуларында ұсынылады. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.