kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37
Бір жылда2363173
Бір айда122982
Бір аптада21364
Кеше4263
Тәулік472
Біздің жетістіктеріміз
14-02-2017 12:27

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балаларды үш жастан 100% қамту сақталған, осы көрсеткіш 2 жастағы балалар үшін  88% (2015 жыл - 83%), оның ішінде 711 (2015 жыл - 446) орынға жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жетті. Жеке-меншік нысанындағы «Асем-Ай» балаларды дамыту орталығы» ЖШС өз қызметін қайта бастады.

Жалпы орта білім беру мақсатты көрсеткіштер бағдарламасы: оқулықпен қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлармен, кең жолақты интернет желісі, жылы дәретханалар, ыстық тамақ, жазғы демалысты ұйымдастыру 100% орындалды. Жалпы орта білім беру жүйесінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар балаларын, жетім-балаларды тегін тасымалдау мен тамақтандыру 100% қамтамасыз етілді, апаттық және үш ауысымды мектептер жоқ.

Күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру  320 миллион теңгеге өсуі  12 білім беру ұйымын жөндеуге, жоспарға сәйкес мазмұнды жаңарту бойынша 15 робототехника кабинеттерін ашуға мүмкіндік берді.Барлық білім беру мекемелері жоғары жылдамдықты Интернетке қосылды. Интерактивті тақталармен және мамандырылған химия, биология, физика кабинеттерімен 82,4 % мектептер жабдықталды.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жалпы орта мектептерінің 1-сыныптарында жаңа мемлекеттік білім беру стандартын енгізу қамтамасыз етілді, 23 мектепте тәжірибе (эксперимента) режимінде – үш тілде оқыту. Қаланың 23 мектебінде үш тілділік білім беруді жүзеге  асыру үшін жағдайлар жасалған. Биология, информатика, физика, химия пәндерінің 77 мқғалім тілдік  даярлықтан өтті.

Арттерапия кабинеттерін ашу арқылы жалпы білім беру жағдайында бейімдеуге ерекше білім беруді қажет ететін балаларғаинклюзивті білім беруді қамтамасыз етуде жағдайлар мен формалар жетілдірілді. 

 Балалар техникалық мектебінің жаңа ғимараты ашылды.

Білім беру мекемелері толық көлемдепедагог кадрлармен қамтамасыз етілген. Қала мектептеріне 143 жас мамандар келді.

Жаз мезгілінде демалыстың, сауықтырудың және бос уақыттарын қамтудың барлық формаларымен 100% оқушылар қамтылды, осындай жұмыстар қалалық білім беру бөліміне «Жаз-2016» облыстық конкурстың Бас-жүлде иегері болуға мүмкіндік берді.

Павлодар қаласының білім беру жүйесі білім беру қызметтерінің сапасы бойынша жыл сайынғы баға беру қортындысымен облыс бойынша 1-рейтингтік ұстанымға қол жеткізді.

2017 жылы білім беру сапасын одан әрі  арттыру қаланың білім беру жүйесінде жоспарлануда. Бұл бағыттағы бірінші нақты қадам деп қаланың барлық мектептерінде шахмат кабинеттерінің ашылуын айтуға болады.

Павлодар қаласының білім беру жүйесінде алдағы уақытта келешегі мол үлкен жоспарлар белгіленді, оның орындалуы 650,0 млн.теңгеге күрделі мақсаттағы шығынның екі есе өсуінің есебінен жүзеге асырылмақ. 

Оның ішіндегі жоспарлар -1950 орындық мемлекеттік тілде оқытатын 3 мектептің жобалауы, 700 орындық бұрынғы 3 балабақшаның ғимаратын қайта орнына келтіру, 14 мекемені күрделі жөндеуден өткізу, әр мектепті компьютерлармен, спорттыққұрал-саймандармен, робототехника кабинеттерімен жабдықтау.