XVI облыстық қысқы спартакиада қорытындысы бойыншаПавлодар қаласы мектептерінің оқушылар командасы оқушылар арасында 8 спорт түрінен облыс қалаларының арасында І орында.
Шайбалы хоккей мен оқ атудан оқушылар спартакиадасына облыс аудандары мен қалаларынан 12 команда қатысты. Сайыстар қалалық «Ровесник» және «Восход» хоккей корттары мен балалар-жасөспірім клубтарында өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Шайбалы хоккей бойынша қалалар арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Ақсу қаласы және III орынды Екібастұз қаласы иеленді. Оқ ату бойынша жарыс аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының тирінде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қала командалары арасында I орынды Павлодар қаласының, II орынды Екібастұз қаласының және III орынды Ақсу қаласының командалары иеленді.
Қысқы Президенттік көпсайыс, спорттық бағдарлау және үстел теннисі бойынша спорттық жарыстарға 14 команда құрамында 333 қатысушы қатысты.
Президенттік көпсайыс бойынша жалпы командалық біріншілікте қалалар арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Ақсу және III орынды Екібастұз қалалары иеленді, қысқы спорттық бағдарлау бойынша қала командалары арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Ақсу қаласы және III орынды Екібастұз қаласы алды. Үстел теннисі жарыстары бойынша қала командалары арасында I орынды Ақсу қаласы, II орынды Екібастұз қаласы және III орынды Павлодар қаласы иеленді.
Шахмат үйі мен «Зеленая роща» шаңғы базасында облыстық оқушылар арасында дойбы, шахмат және шаңғы жарыстары бойынша 16-шы қысқы спартакияда өткізілді. Жалпы жарысқа 14 команда құрамында 308 қатысушы қатысты. Жарыс қорытындылары жалпы командалық дойбы бойынша қалалар арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Екібастұз қаласы және III орынды Аксу қаласы иеленді. Жалпы командалық шахмат бойынша қалалар арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Екібастұз қаласы және III орынды Аксу қаласы иеленді. Шаңғы жарыстары бойынша қалалар арасында I орынды Павлодар қаласы, II орынды Аксу және III орынды Екібастұз қалалары иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру басқармасының дипломдарымен, грамоталарымен және ескерткіш медальдармен марапатталды. Жарыстар Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылғықаңтар - ақпан аралығында үш сатыда өтті.