ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи балабақшалардағы білім беру үдерісін ұйымдастырудағы өзгерістер
28-03-2017 04:09
Заманауи балабақшалардағы білім беру үдерісін ұйымдастырудағы өзгерістер

Мектепке дейінгі мекеме балаларына білім беру қызметін кеңейту мақсатында оқу жоспарына вариативтік компонентінің хореография, дойбы мен шахмат, жіппен бейнелеу, оригами оқу іс-әрекеттері енгізілді. Бұл ретте балалардың қызығушылығы мен бейімділігі ескеріледі, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтауын және тілін қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Вариативтік бағдарламаны әзірлеу педагогикалық ұжымның шығармашылық жұмысы  болып табылады. Балабақша педагогтарымен білім беру үрдісінің мазмұнын жаңартуға бағытталған инновациялық әдістемелер мен технологиялар  пайдаланылады. Сонымен, № 4, 35, 102, 121, 33, 15 балабақшаларда жіппен бейнелеу әрекеттері барысында 3 - 4 жастағы балалар жіпті бұрауға үйреніп, оларды балапан суретіне жабыстыруға тырысады. Ал ересек, даярлық топтарының тәрбиеленушілері әшекейлеу үшін бисерді қолданып,  жіптерден көлемді картиналар, ермексаз, саз бен майшамнан ғажайып пейзаждар жасап шығарады.

         Дойбы мен шахмат ойнау үшін арнайы заттық-дамытушы орта құрылған. Мысалы, № 44 сәбилер бақшасының ауласында дойбы мен шахмат ойнауға арналған ойын алаңы қарастырылған, ал басқа балабақшалар шахмат ойынының қыр-сырын көлемді фигуралар көмегімен «Шахмат Ханшайымы»  патшалығына саяхат жасау арқылы  меңгеруде.

         «Мектепке дейінгі  білім беру саласындағы жаңартылған мазмұнды енгізу заманауи балабақшадағы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы елеулі өзгерістерге себеп болды. Бұл әрекеттерді ұйымдастыру барысында негізгі принцип баланың дамуы, әр түрлі таным тәсілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады» деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Б. Қ. Қрықбесова.