ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Спорттық би бойынша Халықаралық турнирдегі жетістік
29-05-2017 06:21
Спорттық би бойынша Халықаралық турнирдегі жетістік

      «Би сиқыры - 2017» спорттық би ІІ Халықаралық турнир қорытындысы бойынша № 25 ЖОМ-ның 10-шы сынып оқушысы Карима Шакенова бірнеше номинацияда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Латынамерикалық бағдарламада «Жастар» жас ерекшелік категориясында І орын, Қазақстан Республикасының спорттық би Федерациясы Ассоциасының ашық біріншілік классында латынамерикалық би бойынша «Жастар»+«Ересектер» тобында І орын, 16 - 18 жас ерекшелігінде Rising Stars жарысындаІІ орын алды. Карима спорттық-балдық би түрімен  Павлодар қаласындағы «Классик» спорт-би клубында 11 жасынан шұғылдануда. Оның жаттықтырушылары Алексей Николаевич Верига және Татьяна Григорьвна Верига. Әрбір жүлделі орын үшін Карима грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды. Карима ән айтуды, шетел әдебиетін оқуды жақсы көреді. Жүктелген кестесіне қарамастан, мектепте Карима озат оқушы.

 

      Халықаралық турнир Алматы қаласында «ЭКСПО - 2017» аясында 13 - 14 мамыр күндері өтті. Турнирге ТМД елдерінен 6 - 25 жас аралығында 920 би жұптары қатысқан болатын. Карима қатысқан 16-18 жас аралығындағы категорияда 14 жұп болды. 7 мамыр Карима Омбы қаласында өткен «Магия танца - 2017» спорттық би турнирына қатысып, «Жастар» жас ерекшелігі категориясында І орынды иеленді.