Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жұлдызыңды жақ» жүргізушілер мектебі байқауы
13-03-2024 18:49
«Жұлдызыңды жақ» жүргізушілер мектебі байқауы

       2024 жылғы 13 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Наурыз мерекесіне орайқалалық «Жұлдызыңды жақ» байқауын  өткізді.

   Байқаудың мақсаты - мемлекеттік мерекелер мен іс-шараларды, концерттік бағдарламаларды жүргізетін талантты жүргізушілерді анықтап, оларға қолдау көрсету, оқушылардың орындаушылық шеберліктерін арттыру және көптілділікті насихаттау.

       Қалалық байқауға қаланың 16 жалпы білім беру мектептерінен 5-10 сыныптың 20 оқушысы қатысты.

      Байқау шарты бойынша қатысушы өзі дайындап әкелген мерекелік сценарий оқып, сондай-ақ, дауыс ырғағын көрсетуге мүмкіндік беретін өлеңдер қара сөз, көркем шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқыды.

  Қорытынды кезеңінде арнайы жағдаяттық сұрақтар беріліп, оқушылардың жағдаяттық сұрақтарға толық жауап берулері қаралды.

   Қалалық байқау  қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен № 33 орта мектептің 9 сынып оқушысы Уразбекова Даяна марапатталды.

    ІІ дәрежелі дипломды № 2 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қанағатқызы Толғанай, Ш.Шөкин атындағы гимназия мектебінің 9 сынып оқушысы Мордовец Данелия иеленсе, ІІІ дәрежелі дипломмен № 7 орта мектептің 9 сынып оқушысы, Мухтарова Тоғжан, № 31 орта мектептің 9 сынып оқушысы Абильдина Жасмин, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Тумаренко Аурика марапатталды.

  Байқауға қатысқан оқушыларға «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  сертификаттары беріледі.