Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 104
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 55
Всего проголосовало: 304
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектебім алтын бесігім»
03-06-2017 07:30
«Мектебім  алтын  бесігім»

25 мамыр күні №39 жалпы орта білім беру мектебінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Мектебім – алтын бесігім» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар: қала әкімінің орынбасары Берік Ахмедияұлы Ақылбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, №39 мектептің түлегі Илья Сергеевич Теренченко, білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаева, «Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, мектептің демеушісі Вячеслав Андреевич Руф қатысты. Қала әкімінің орынбасары Б. А. Ақылбеков мектепке сыныпты компьютерлік жабдықтау үшін 1650000 теңген і құрайтын сертификат табыс етті.
«Туған жер» атты бағдарламаны іске асыру шеңберінде табыскер түлектер – танымал адамдар, депутаттар, мәжілісмендер, сенаторлар, кәсіпкерлер т.б. іскер адамдар туған мектептеріне көмек көрсетуді жоспарлап отырған «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды. Салтанатты мерекеде И. С. Теренченко өзінің туған мектебіне музыка кабинетін қайта жөндеу жобасын табыс ету арқылы бұл акцияны бастап кетті.
Мектеп директоры Е. И. Булгакова «Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлерін, сонымен қатар пән олимпиадасында, фестиваль, спорттық жарыстарда және әр алуан сайыстарда көптеген жеңістерге қол жеткізген түлектерді атап өтті.
Түлектерге жаңа форматта өткізіліп жатқан емтихандарды сәтті тапсыруға ынталандыруда «Соңғы қоңыраудың» игі әсер етуі мүмкін екендігі сөзсіз. Түлектерге білім жолында алда талай асуларды бағындыруға шын жүректен тілектеспіз.