Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сарбаздар ботқасы» сайысы
11-05-2016 07:41
«Сарбаздар ботқасы» сайысы

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары алаңға барып «Сарбаздар ботқасын» дайындау сайысына қатысты. Бұл ботқа басқа қатысушылардың ботқаларынан ерекшелігі, оның дайындалу құрамында: су, пияз, арпа, бұқтырылған ет болды.

Сонымен қатар қара нан, ботқаны дайындау кестесі, сарбаз ас үйі, сол кездегі ыдыстар қолданылды. Сайыста оқушылар өз өнерлерін барынша ұсынды. Соғыс кезіндегі киімдерді киіп, әндерді орындап, көріністер бейнеледі. Дәм татқан ардагерлер, сол кездерге оралып, көздеріне жас алды. Ардагерлер тілек-ниеттерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Лицей оқушылары өздерінің алдына қойған, ойлаған мақсаттарына жетіп, ардагерлерді қуаныш сәттеріне бөледі.