Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеппен қоштасу кеші
12-06-2017 12:53
Мектеппен қоштасу кеші

          Мектеп бітіру кеші – мәңгі есте қалатын қуанышты сәт.. Бақытты балалық шақ аяқталды! Алғашқы мұғалім, мектептегі қуанышты іс-шаралар, шулы үзілістер және тіпті дайындалмаған сабақтар бәрі артта қалды. Алда үлкен өмірдің қызықты да, қиын баспалдақтары жаңа жетістіктер сені күтіп тұр. Университеттің мәжіліс залына түлектер, ұстаздар және ата-аналар жиналды. Бірнеше жыл бойы қалыптасып кеткен дәстүр бойынша № 20 лицей-мектебіндегі түлектер кеші салтанатты бөлімін бастады. Алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Г.Т. Топанова түлектерге және ата-аналарға арнады. Бұл салтанатты кеште 44 түлектің бәріне жалпы орта білім аттестаты табыс етілді. Содан кейін тілек сөздерімен түлектерді кеш қонағы ИнЕУ проректоры, ф.ғ.д, профессор А.Р. Бейсенбаев, оқытқан ұстаздар, ата-аналар өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Мектеп түлектері де өздерін алғыстарын мектепке, ұстаздарға жылы сөздерін, тілектерін айтты. Жылдағыдай түлектерге арналған қаланың орталық стадионында қызықты шоу мен керемет от шашу көрінісін тамашаладық. Алдын-ала ата-аналармен дайындалған балалар мұрағатынан бейнефильм , «шетелдік эстрада жұлдыздарының» концерті , флеш-моб, жаңа музыкалық нөмірлерге жұрт сүйсініп тыңдайтын әндер, мұғалімдерінен сазды сәлем, би кеші керемет көңіл-күй қалдырды. Мектеп бітіру кеші таң ағарғанша созылғанмен бір сәттей өте шықты! Сәт сапар, Түлек - 2017!