Сенім телефоны
33-81-23
email: sosh27@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 33-81-23, бухгалтерия: 33-81-46, әдістемелік кабинет: 33-81-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 14.00 - 18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ежелгі әлем еліне саяхат
15-02-2019 16:08
Ежелгі әлем еліне саяхат

   15 ақпан күні №27 ЖОМ  ежелгі әлем тарихы бойынша гуманитарлық бағыттағы пән апталығы аясында тарих мұғалімі Ж. Т. Шоқанова «Ежелгі әлем еліне саяхат» тақырыбына  5"А", 5 "Б" және 5 "В" сыныптарында зияткерлік сайысын өткізді. 

Апталықтың мақсаты оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, тарихты зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тарих апталығын өткізу-бұл оқушылар үшін ойын-сауық емес, сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру формаларының бірі, ол оқытудың негізгі бағдарламалық курстарымен байланысты болуы, оны тереңдету, толықтыру және сол арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру, олардың дамуына ықпал ету, олардың ой-өрісін кеңейту.

Сайыс-ойын  «Өз ойыным» қызықты және танымды түрде өтті. Сұрақтарға жауаптар мен сұрақтар презентацияда ұсынылды. Әр команда кроссворд сұрақтарына тез және дәл жауап беріп, өз білімдерімен растау қажет болатын басқатырғыштарды шешті.  Сонымен қатар, шара соңында балалар "өткеннің алғашқы қауымдық адамы" тақырыбында үй тапсырмасын дайындап, жоғары білімдерін көрсетті, бірақ бірінші орынға 5 «А» сынып оқушылары ие болды, II орынға 5 «Б» және III орынға 5 «В» сынып оқушылары ие болды.

Бұл іс-шара балалар үшін қызықты, танымды болды. Оқушылардың пікірін ескере отырып, оларға ойын сәттері, жарыстар, еркін жағдай және бір-біріне жағымды қарым-қатынас өте ұнады.