«Біз өмірді таңдаймыз!» акциясы
Оқушылар арасында өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында мектепте «Біз өмірді таңдаймыз!» атты дәстүрлі акциясы өткізілді. Аталған акцияға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар қоғамдастығының мүшелері, педагогикалық ұжымның мүшелері қатысты. Мектеп оқушылары «Өмір үшін!» дауыс берді, бір-біріне бақыт сыйлап, өмірді бағалауға, туған-туысты сүюге шақырды. Мектепте күні бойына жағымды көңіл күй, мейірімді қарым-қатынас орнады.