Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қауіпсіз Интернет» Ақпараттық науқаны
25-04-2017 04:39
«Қауіпсіз Интернет» Ақпараттық науқаны

2017 жылғы 10 - 21 сәуір аралығында №43 ЖОМ ММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бастамасымен «Қауіпсіз Интернет» Ақпараттық науқанын өткізді.
 Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандарға, педагогтер мен ата-аналарға басқыншы интернет-контент мәселесі деңгейінің, интернет ресурстарын пайдалану мәдениетінің артуын, кәмелеттік жасқа толмағандардың белсенді интернетті бақылауға қатысты ересектер интернет пайдаланушылардың жауапкершілігін жоғарлатуға бағытталған ақпаратты хабарлау.
Есеп кезеңінде, оған сәйкес шаралар жоспары жасалды:
Психологтар 6-7 сыныптар арасында «Интернетке тәуелділік» сауалнамасын жүргізді, дағдарыс орталығы мамандарымен кездесу ұйымдастырды, 4, 9 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізді. 5-11 сыныптарда: «Интернет деген не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттарын өткізді. 8-інші сынып оқушылары сынып сағаттарында ақпаратты алып, «Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына шығарма жазды. 5-інші сыныптарда Paint-те «Мейірімді интернет» тақырыбында суреттер сайысы өтті. 6-ншы сыныптар «Интернет маған несімен көмектеседі» тақырыбына презентация жасады. 8-9-ыншы сынып оқушылары «Интернет: жақтаушылар мен қарсылар», «Мен қалай интернетсіз 1 күн өмір сүруші едім» тақырыптарымен өткен пікірсайысқа қатысты.
Апта белсенді өтті, балалар сайыстарға зор қызығушылықпен қатысты. Өткен науқанның нәтижесі бойынша сайыс жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.