Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Игілікті ұрпақтар» бейінді лагері “Мен - көшбасшымын” жасағы
13-07-2016 04:33
«Игілікті ұрпақтар»  бейінді  лагері    “Мен - көшбасшымын” жасағы

Келді міне тағы жаз,

Күн шуағымен жылытып.

Жылуын төгіп бізге

Бәрімізді қуантып.

2016 жылы №38 ЖНМ қабырғасында «Игілікті ұрпақтар» атауымен бейінді лагерь құрылды. Бейінді лагері бірнеше жасақтардан тұрады: “Мен - патриотпын”, “Мен - көшбасшымын”, “Sunny English”, “Олимпиадалық мектеп резерві”. Бейінді лагеріміздің ашылу салтанаты мектеп директоры мен лагерь басшысына сөз беріліп, жалпы күн лагердің жұмыс жоспарымен таныстырылды, алда атқарылатын жұмыстарға жоспарлар құрылды. Ашылу сальтанатынан соң әр жасақ өз кабинеттеріне жайғасып жұмыстарын жалғастырды.

Рисунок2

«Кітап жанашыры» науқаны

Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балаш, Кітабыңның беттерін. Науқан барысында ерліктер жұмысқа белсенекірісіп үлкен мұкияттылық пен жауапкершілік танытып, әр кітап беттерін желіммен және жабыстырмамен жабыстырған болатын. Рисунок4

Скаут орталығының еріктілерімен кездесу

Бейінді лагерінде әр аптаның сенбі күндері ойынға арналған. Осыған орай бірінші сенбі күні Скаут орталығынан қонақтарымызды қарсы алдық. Кездесу танысудан бастау алып, әртүрлі ойындармен жалғасты. Сонымен қатар олар өз тарихымен, дәстүрлерімен, заңдарымен, таңбаларымен ойын, треннинг, интервью түрінде таныстырып өтті. Рисунок3

«Азық-түлік себеті» науқаны

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін игі істері ерекше орын алады. Қарияларымызды әрдайым еске ала отырып, оларға көмек жасау біздің парызымыз. Осыған орай, жасақ балалары ауылымыздың жалғыз басты қарты Серафим Григорьевичке азық-түлік апарып, тілек сөздерін білдірді. Рисунок5 Рисунок6

«Әрқашан күн сөнбесін» науқаны

«Игілікті ұрпақтар» бейінді лагерінің әр жасақ балалары мектепалды лагерь балаларына арнап ағылшын, қазақ тілінде ертегілер, породия, күй, ән орындап, оларға шағын-концерт ұйымдастырды. Бүлдіршіндерімізге концерт өте ұнады. Мектепалды лагерінің басшысы Қ.Б.Төлеуова бейінді лагерінің балаларына алғыс білдіріп, бірігіп суретке түсуге ниет білдірді. Рисунок7

«Жылы лебіз» науқаны

Жасақ балалары түрлі-түсті қағаздан “тілек гүлін” жасады. Әр гүлге өз тілектерін білдіріп, бір-бірлеріне сыйға тартты. Осы арқылы балалардың бойында өзара сыйластық пен бауырмашылдық және «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бір-біріне қамқор болу қасиеттері сезілді. Рисунок8