Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ең үздік мектеп командасы-2023»
27-01-2023 16:36
«Ең үздік мектеп командасы-2023»

Оқушылардың роботтарды бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 24 қаңтарда "Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша республикалық жарыстардың қалалық кезеңі өткізілді, оған қаланың 30 мектебінен 81 команда құрамында 162 оқушы қатысты. 4-11 сынып оқушылары арасындағы жарыс жеті бағыт бойынша өтті:" Кегельринг - квадро"," Робо - сумо"," Лабиринт"," Эстафета"," Сызық бойынша жарыс"," Биатлон – кіші санат","Биатлон - аға санат". «Сызық бойынша жарыста» І орынды 7 сынып оқушылары Абдракова Ясмин, Жұманазар Әзірет, Исакаев Асылхан, «Эстафета» бойынша І орынды 8 сынып оқушысы Дигай Салауат, Ахметов Адильжан, «Лабиринт» бойынша І орынды 8 сынып оқушысы Мукин Абылай, Орынғазы Дидар марапатталды. Жетекшілері: информатика мұғалімі Томаров Жарас Жолдасбекович."Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің қалалық кезеңінде ең үздік нәтижелер көрсеткен үшін №25 жалпы орта білім беру мектебіне І дәрежелі «Ең үздік мектеп командасы-2023» атағы берілді. Құттықтаймыз!