Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шахматтан ардагерлермен өткен жолдастық кездесу
15-02-2017 12:59
Шахматтан ардагерлермен өткен жолдастық кездесу

Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған ауқымды іс-шараларымыздың бірі салауатты өмір салтын қалау болса, бүгінгі күні соның  нәтижелері көрініп жатыр. Мектебімізде ашылған  шахмат кабинетінің жоспарлы жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. «Шахмат үйірмесіне» қатысушы оқушылардың арасында түрлі деңгейлерде өткізіліп жатқан турнирлердің жеңімпаздары да бар.

«Шахмат» кабинеті қала көлемінде ғана емес, облыс деңгейінде басқа да білім ордаларының арасында үлгіге айналып отыр. Алдағы уақытта атқарылады деген істер бойынша жоспарымыз да көп. Солардың бірі – ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналып оқушылар мен ардагерлер арасындағы шахмат ойынынан жолдастық кездесу.

Жолдастық кездесуге келген ардагер Шарипов Мажит қария оқушыларымызға толағай табыстар тілесе, Зияшев Қайыркеш қария жолдастық кездесуді ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігі мен оқушыларға ақ батасын берді.

Қонақ болып келген ардагерлерге оқушылар шахмат ойынынан шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар өнерлерін де  көрсетті.

Ұйымдастырылған жолдастық кездесу тартысты өтті. Ардагерлер оқушылардың өнеріне тәнті болды.