Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ, КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 28 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНДАРЫН ДӘРІПТЕЙІК» АТТЫ МЫЛТЫҚ АТУ САЙЫСЫ
16-02-2017 08:53
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ, КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 28 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНДАРЫН ДӘРІПТЕЙІК» АТТЫ МЫЛТЫҚ АТУ САЙЫСЫ

Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінде 2017 жылдың ақпан айының 8-жұлдызында «Мәңгілік ел ұландарын дәріптейік атты» мылтық ату сайысы өткізілді. Жарысқа Павлодар қаласы мектептерінің 8-10-сыныптар аралағындағы оқушылар және командалар қатысты. Бұл сайыстың мақсаты- өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық рух пен азаматтыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-         әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің танымдылығы;

-         ұлттық дәстүрге деген сенімді қалыптастыру;

-         отан қорғаушы кәсібін танымал ету;

-         жастарды спортқа баулу;

-         салауатты өмір салтын ұстау;

Сайыстың қазылық тізгінін қолға алған басшылық құрамы төмендегідей:

Тасыбаев Н.Ж –білім беру бөлімінің әдіскері;

Майкотов Б.Н – Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Ахметова Н.А – «Нұр Отан» партиясы ПҚФ төрағасының бірінші орынбасары;

Сайыстың бас төрешісі – Тайкебаев Т.А,  КОМ-нің АӘД жетекшісі.

          

Жалпы бұл шараның ұйымдастырушысы - №25  ЖОББМ-нің АӘД пәнінің жетекшісі М.Жақсылық.

Сайыс барысында оқушылар қару түрі-пневматикалық винтовка, көздеуіш-ашық түрде, тұрып ату, нысана түрі-№9, көздеу қашықтығы- 10 м,  оқ саны-5 сынды сайыс кезеңдерінде өз деңгейлерін көрсете білді.

Өткізілген іс-шараға барлық қала мектептерінің оқушылары белсенді қатыса білді. Өздерінің ұшқырлық деңгейлерін көрсетіп ғана қоймай өз елінің ұландары екендіктерін дәлелдеді. Сайыстың қорытындысы бойынша ер балалар арасында:

І-орын – Нован Данил (№ 26 мектеп)

II-орын - Мильченко Александр (№29 мектеп)

III-орын – Вирченков Артем (№36 мектеп)

Ал қыздар аарсындағы жүлделі орындарға ие болғандар төмендегідей:

I- орын – Жигомпар Алина (№22 мектеп)

II-орын – Шевцова Анастасия (№16 мектеп)

III-орын- Кулбулдинова Канипа (№12 мектеп)

Өздерін жан-жақты, қырағылықтарымен көрсете білген мектеп командалары да марапатталды. Солардың ішінде №20 мектеп командасы 44 ұпай жинап ІІІ-орынға ие болса, 45 ұпаймен №22 мектеп командасы ІІ-орынды қанжығасына байлады. 48 ұпай жинап №16 мектеп командасы І-орынмен қоржындарын толтырды.

          Қорыта келгенде барлық мектеп командалары осал емес екендіктерін көрсете білді. Қырағылық пен ұқыптылықты талап ететін бұл іс-шараның оқушылар үшін маңызы зор. Жалпы сайыс өткізілу барысында мектеп ұжымының  ұйымдастырған концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаз деп танылған командалар қаржылай және қалалық білім бөлімінің және «Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің», қалалық «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты мадақтамаларымен марапатталды.