Ата-аналарға балалардың тілектері:
* Мені сіздер еркелетпеңіздер, менің талабымның бәрінің орындалуы міндетті емес екенін мен жақсы білемін. Мен тек қана сіздерді тексеремін.
* Менімен қатаң болуға қорықпаңыздар.Бұл маған өз орнымды анықтауға мүмкіндік береді.
* Менімен қатынаста күшке сенбеңіз. Бұл мені тек қана күшпен ғана санасуға әдеттендіреді.Мен Сіздің бастамаңызды ықыласпен қолдаймын.
* Дәйексіз болмаңыздар. Бұл мені дұрыс жолдан тайдырады да ,ақырғы сөз менде болуға табанды тырысуға күштейді.
*Орындай алмайтын уәдені бермеңдер. Ол менің сіздерге деген сенімімнен айнытады.
* Мен не істесем де,не айтсамда сіздерді ренжітіп, арандатуыма жол берілмеңіздер. Өйтпесеңіздер одан кейін мен одан да үлкен «жеңіске» жетуге тырысамын.
*«Мен сіздерді жек көремін» десем аса қатты ренжімеңіздер». Мен оны маған жасағандарыңызға өкіндіру үшін ғана айтамын.
*Мені өз жасымнан кіші сезіндіруге тырыспаңыздар. Мен сол үшін «жылауық», «ұайымшыл» болып сіздерді жазалаймын.
* Мен өзім істей алатынды мен үшін, менің орныма орындамаңыздар. Олай болса мен сіздерді қызметші ретінде пайдалануға әдеттенемін.
* Маған «жаман әдеттеріммен» өздеріңіздің ерекше назарларыңызды аударуға жол бермеңіздер. Бұл тек қана оларды жалғастыруға рухтандырады.
* Бөтен адамдар алдында маған ескерту жасамаңыздар Егер сіз ескертуді маған жеке көзбе-көз айтсаңыз сонда мен ескертуді дұрыс түсінемін.
* Менің тәртібімді жанжалдың қызып тұрған шағында айыптамаңыз,бұл жағдайда менің есту қабылетім нашарлап, дұрыс қабылдамаймын. Бұл әңгімені артынан қозғасақ дұрыс болады.
*Маған үгіт,уағыз айтуға тырыспаңыздар.Ненің жақсы,ненің жаман екенін менің жақсы білетінімді білгенде, сіздер таңданып қаласыздар.
* Менің қылығым үлкен кінә деп менің сезуіме мәжбүрлемеңдер. Мен өзімді ештеңеге жарамсыз санамай .қәте жіберуге үйренуім керек.
* Маған орынсыз кінә тағып маған күңкілдеп ұрысу тырыспаңдар.Егер олай жасасаңыздар, мен өзімді саңырау адамдай қорғауға мәжбүр боламын.
* Менің жасаған қылығыма түсініктеме талап етпеңіздер. Мен кейде өзім де қылығымның себебін түсінбеймін.
* Мен адалдығымды қатты сынамаңыздар. Қорыққаннан мен оп-оңай өтірікші болып шығамын.
* Менің эксперимент жасауды жақсы көретінімді естен шығармаңыздар, мен солай дүниені тануым керек, оған көнуді өтінемін.
* Менің өз қатемнің салдарынан қорғамаңыз..Мен өмірлік тәжірибемнен сабақ алуды үйренемін.
* Менің сәл ауырғаныма аса көп назар аудармаңдар.Өзім жайсыз сезінгенімнен мен рахат алуға үйрене аламын,егер маған сол үшін көп назар аударылатын болса.
*Ашық сұрақ қойсам, менен құтылуға тырыспаңыздар. Егер менің сұрағыма жауап бермесеңдер мен қайтып сұрақ қоймай, жауапты сұрақтарыма сырттан іздейтін боламын.
* Түкке тұрмайтын, мәнсіз сұрақтарға жауап бермеңіздер. Егер оны жасайтын болсаңдар көп ұзамай мен сіздердің менімен көп айналысуды қалайтынымды ұғасыздар.
* Ешқашан өздеріңіздің мүлтіксіздігіңізге, қателеспейтіндеріңе тұспалдамаңыздар да.Бұл маған сіздерге ұқсауға тырысудың мағынасыз екенін сезіндіреді.
* Біз сіздермен бірге аз уақыт өткізетінімізге абыржымаңыздар.Сол уақытты қалай өткізетініміз мәнді.
* Менің қорқынышым мен үрейім сіздерді қорқытпасын.Керісінше мен одан бетер қорқатын боламын. Маған ерліктің үлгісін көрсетіңіздер.
* Естеріңізде болсын, мен ескертусіз,қолдаусыз ойдағыдай дами алмаймын, ал мақтау адал айтылған болса да, кейде ұмытылып қалады. Ал қатты сөгіс ешқашан.
* Маған өз жолдастарыңызға қарағандай қараңыздар.Сонда мен де сіздерге достай боламын.Естеріңізде болсын, мен сынға түсіп емес, үлгілерге еліктеп үйренемін.
Дегенмен мен сіздерді сойдай өте жақсы көремін, мен сіздердің де махаббаттарыңызға мұқтажбын…
Психологтің ата-аналарға кеңестері
1. Ешқашан өз балаңызға оның басқаларға ұқсамағаны үшін аяушылық білдірмеңіз.
2. Балаға өз махаббатыңызды, назарыңызды сыйлаңыз,дегенмен оған басқа да отбасы мүшелері мұқтаж екенін ұмытпағаныңыз жөн.
3. Қандай жағдайда болмасын өз балаңыз туралы жақсы ойдан айықпаңыз.
4. Балаңызды өз міндеттері мен мәселелері қорғаштамаңыз. Барлық шаруаны онымен шешіңіз.
5. Балаға әрекет жасауда, шешім қабылдауда тәуелсіздік беріңіз.
6. Өз шырт пішініңізді, мінез-құлқыңызды бақылаңыз. Бала сізді мақтаныш етуі керек.
7. Баланың талабы тым артық болса, оны қабылдамаудан қорықпаңыз
8.Баламен жиі сөйлесіңіз.Естеріңізде болсын теледидар да, радио да Сіздей бола алмайды.
9. Баланың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз.
10. Педагогтер мен психологтердің кеңесіне жиі жүгініңіз.
11. Сіздің балаңызбен жұмыс істейтін мұғалімге өз тлегіңізді жиі білдіріңіз.
12. Балалары бар отбастарымен қарым-қатынас жасаңыздар. Өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді беріңіз,ал бөтенді алмаңыз,
13. Естеріңізде болсын, бір күндерде бала да есейеді де, өз бетімен өмір сүруі керек болады.
14. Баладан күн тәртібін орындауды талап етіңіз.Оны өзіңіз де орындауға тырысыңыз.
15. Балаға сабақ орындауға көмектесіңіз, ол үшін жасамаңыз,бірақ оны түзетіңіз.
16. Балаға ұрысқанда оның жеке басын қорламаңыз. Оның әрекеті мен қылықтарын, оның жеке басының жағымды жақтарына көңіл аудыра отырып, қалай істеуді көрсетіп, түсіндіріп талдаңыз. Бала әртүрлі өмірлік ахуалдарда дұрыс мінез-құлық үлгісін білмеуі мүмкін.
17. Балаға тіпті ол жаман қылық жасаса да оны жақсы көретініңіз туралы айтып жүріңіз. Жағымсыз қылықтарды түзетуге болады, сіздің махаббатыңыз оларға қолдау жасайды.балларға ол ауадай қажет.
Оны болашақ өмірге дайындаңыз, өмір туралы айтыңыз.