Ұлттық бірыңғай тестілеуді
ұйымдастыружәнеөткізу жөніндегі
нұсқаулықты және негізгі нысандарын
бекіту туралы
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – нұсқаулық);
2) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі нысандары (бұдан әрі – нысандар) бекітілсін.
2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С. Әбдиев):
1) ұлттық бірыңғай тестілеудің нұсқаулығын және нысандарын жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін;
ұлттық бірыңғай тестілеудің нұсқаулығының және нысандарының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.