Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЭО АЖ пайдаланушылардың жұмыс жасау регламенті

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Регламент қызметінің арналуы және саласы

Осы регламент электрондық оқытуды енгізу жобасына (бұдан әрі – Жоба) қатысатын, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭО АЖ, жүйе) пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды сипаттауға және іске асыруға арналған.

ЭО АЖ орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру үдерістерін автоматтандыруға және әкімшілік басқаруға арналған.

Осы регламентте мынадай терминдер мен қысқартулар пайдаланылады:

«ҰАТ»АҚ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

ЭО АЖ, Жүйе

Электрондық оқыту ақпараттық жүйесі

АҚ

Ақпараттық қауіпсіздік

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жоба

2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы іс-шараларды қосатын, электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасы

БҰ

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

ЦБР

Цифрлық білім беру ресурстары

1.2 Жоба бойынша бағдарламалық-техникалық жабдықтау құрамы

ЭО АЖ жұмыс істеуі үшін білім бееру ұйымдарында қажетті жағдайлар жасау мақсатында жоба аясында пайдаланушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін техникалық құралдарды: дербес компьютерлерді, ноутбуктерді, интерактивті мультимедиялық құрал-жабдықтарды, ұйымдықтехникаларды қосатын, материальдық-техникалық жабдықтау жүзеге асырылады.

Пайдаланушылардың жұмыс орындарын техникалық жабдықтау жөніндегі ақпарат
1 кестеде сипатталған. Техникалық жабдықтау бірліктерінің саны білім беру ұйымдарының типтері мен жылдар бойынша ерекшеленеді.

1кесте          

 

Атауы

Арналуы

Орналасу

Пайдалану

Саны

1

Дербес компьютерлер(1 тип)

Оқытушының жұмыс орны

Әдістемелік кабинет немесе мұғалімдер бөлмесі

Жалпы

1-5

2

Дербес компьютерлер(2 тип)

Оқытушының жұмыс орны

Кітапхана

Жалпы

1-6

3

Дербес компьютерлер(2 тип)

Оқушының жұмыс орны

Компьютерліккласс

Жалпы

5-15

4

Дербес компьютерлер(3 тип)

Оқытушының жұмыс орны

Оқукласстары

Дербес, не болмаса жалпы

10-30

5

Ноутбуктер

Оқушының жұмыс орны

Оқукласс(тары)ы

Жалпы

5-15

6

Интерактивтіпроектор

Оқытушының жұмыс орны

Компьютерліккласс

Дербес

1

7

Мультимедиялықпроектор

Оқытушының жұмыс орны

Оқукласс(тары)ы

Жалпы

1-2

8

КФҚ

Оқытушының жұмыс орны

Кітапхана немесе мұғалімдер бөлмесі

Жалпы

1

9

Принтер

Оқытушының жұмыс орны

Кітапхана немесе мұғалімдер бөлмесі

Жалпы

1

10

Цифрлықподиум

Семинарлар өткізу, оқу материалдарын көрсету

Акт залы немесе  компьютерлік класс

Жалпы

1

11

Прокси-сервер

Интернет желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру, антивирустық деректер қорын сақтау, файрвол, ЦБР жергілікті қоймасы

Серверлік бөлме

Жалпы

1

12

Тасымалданатын компьютерлерді сақтауға арналған шкаф-сейф

Ноутбуктерді, планшеттерді, Classmateсақтау және зарядтау

Оқуклассы

Жалпы

1

Білім беру ұйымдарына тікелей жеткізілетін, бағдарламалық қамтамасыз ету келесі қораптық бағдарламалық өнімдерден тұрады:

1.      CRMS (Class Room Management System) классын басқару жүйесі.

2.      AdobeCaptivate және AdobeCreativeSuite  – авторлық оқу курстарын (ЦБР) құру үшін графикалық бейнелермен жұмыс жасау жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету.

CRMS бағдарламалық қамтамасыз етуі 1 кестенің 3,5 тармақтарының класстарында 15 лицензия санында әрбір БҰ пайдаланушылардың жұмыс орындарында компьютерлерде және ноутбуктарда орнатылған.

Adobe бағдарламалық қамтамасыз етуі әрбір БҰ-да 1 типті дербес компьютерлерде орнатылған.

ЭО АЖ бағдарламалық шешімі орталық серверде (Астана қ.) орнатылған, оған қолжетімділік https://e.edu.kzмекенжайы бойынша Интернет желісі арқылы жүзеге асырылады.

ЭО АЖ модульдік қағида бойынша құрылған және мынадай кіші жүйелерден тұрады:

·         Білім беру ұйымын басқару жүйесі (SMS);

·         Оқытуды басқару жүйесі(LMS);

·         Білім беру ұйымдарының порталы;

·         Ұлттық білім беру деректер қоры;

·         АЖ әкімшілендіру жүйесі;

·         БҒМ корпоративтік порталы.

ЭО АЖ модульдерінің функционалы Білім беру ұйымдарының порталында «ЭОЖ бойынша құжаттама» - «Нормативтік құжаттар» бөлімінде орналасқан, пайдаланушылардың нұсқаулығында толық сипатталған.

 

2. ЭО АЖ-ДАҒЫ НЕГІЗГІ РӨЛДЕР ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАР

2.1 ЭО АЖ рөлдерінің тізбесі

ЭО АЖ-да пайдаланушылардың келесі рөлдері үщін функциялар әзірленді:

·         Білім беру ұйымының директоры

·         Директордың орынбасары

·         Кадрлық қызмет басшысы

·         Кадрлық қызмет қызметкері

·         Оқытушы

·         Өндірістік оқыту шебері

·         Сынып жетекшісі/куратор

·         Хатшы-іс жүргізуші

·         Жүйелік әкімші (БҰ әкімшісі)

·         Ата-ана

·         Оқушы

·         Жаһандық әкімші

2 кестеде білім беру ұйымдарының штаттық бірліктерінің лауазымдары мен ЭО АЖ-дағы мүмкін рөлдер келтірілген:

2кесте

р.с.

Лауазымы

ЭО АЖ-дағы мүмкін рөлдері

1

Білім беру ұйымының директоры

Білім беру ұйымының директоры;

Кадрлық қызмет басшысы;

Оқытушы;

Сынып жетекшісі/куратор;

Хатшы-іс жүргізуші;

Ата-ана.

2

Директордың (бастықтың) тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Директордың (бастықтың) бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;

Директордың (бастықтың) оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Директордың  оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі;

Аға шебер;

Оқу бөлімінің хатшысы.

Директордың орынбасары;

Кадрлық қызмет қызметкері;

Оқытушы;

Өндірістік оқыту шебері;

Сынып жетекшісі/куратор;

Хатшы-іс жүргізуші;

Ата-ана;

Жүйелік әкімші.

3

Мұғалім/ Оқытушы;

Алғашқы әскери дайындық жөніндегі ұйымдастырушы-оқытушы;

Өндірістік оқыту шебері;

Әдістемеші.

Кадрлық қызмет қызметкері;

Оқытушы;

Өндірістік оқыту шебері;

Сынып жетекшісі/куратор;

Жүйелік әкімші;

Ата-ана.

4

Кадрлар бөлімінің меңгерушісі;

Кадрлар мәселелері жөніндегі инспектор;

Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспекторы.

Кадрлық қызмет басшысы;

Кадрлық қызмет қызметкері;

Оқытушы;

Сынып жетекшісі/куратор;

Өндірістік оқыту шебері;

Ата-ана;

Жүйелік әкімші.

5

Іс жүргізуші;

Хатшы.

Кадрлыққызметқызметкері;

Оқытушы;

Сыныпжетекшісі/куратор;

Өндірістікоқытушебері;

Хатшы-ісжүргізуші;

Ата-ана.

 

2.2  «Бідім беру ұйымы директорының» рөлі

Ұйымдастырушылық функциялары:

1.         Компьютерлік техникамен жұмыс жасау дағдыларына ие, БҰ-дағы қызметкерлер қатарынан ЭО АЖ жүйелік әкімшісін тағайындайды және жеке қызметкерді жұмысқа қабылдайды (білім басқармасының немесе бөлімінің келісімі бойынша штаттық бірлік бөлінген кезде);

2.         Директордың орынбасарлары қатарынан ЭО АЖ-да оқу үдерісінің негізгі деректерін (оқушылардың контигенті, жұмыстық оқу жоспары (ЖОЖ), сабақтар кестесі, күнтізбелік-тақырыптық жоспар (КТЖ) және т.б.) уақытылы толтыруға және өзектілеуге жауаптыларды белгілейді;

3.         ЭО АЖ Білім беру ұйымының порталында ақпараттарды толтыруға және өзектілеуге жауаптыны (жауаптыларды) белгілейді;

4.         ЭО АЖ Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) ақпараттарды енгізуге жауаптыны (жауаптыларды) белгілейді;

5.         ЭО АЖ-дағы қызметкерлер (Кадрлық қызмет басшысы, Кадрлық қызмет қызметкері)туралы ақпараттарды толтыруға және өзектілеуге жауаптыны (жауаптыларды) белгілейді;

6.         ЭО АЖ арқылы БҰ көрсетілетін, электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді өңдеу жөніндегі функцияларды және «Іс жүргізу» модулін толтыруға және өзектілеуге жауаптыны (жауаптыларды) белгілейді;

7.         ҰБДҚ-ға енгізілген ақпаратты бекітеді және толықтығын тексереді;

8.         БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды;

ЭО АЖ-дағы функционалы:

            БҰ директорының ЭО АЖ-дағы функционалы ЭО АЖ-да белгіленген рөлдерге тәуелді.

 

2.3 «Директор орынбасарының» рөлі

Ұйымдастырушылық функциялары:

1.         Сынып жетекшілерін/топ кураторларын/өндірістік оқыту шеберлерін олардың сыныбында/тобында оқушылардың контингенті туралы ақпаратты толтыруға және өзектілеуге жауапты етіп белгілейді;

2.         Оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды уақытылы толтыруға және өзектілеуге жауаптыларды белгілейді;

3.         Өндірістік оқыту шеберлері/оқытушылар туралы ақпараттың өзектілігін бақылайды;

4.         «Жалпы оқыту» модулінде 0-ден18-ге дейінгі жастағы барлық балалар туралы деректерді тіркеу үдерісін бақылайды;

5.         Кабинеттер паспорттарын құру және өңдеу үдерісін бақылайды;

6.         БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету.

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.         Жұмыстық оқу жоспарын редакциялау;

2.         Жұмыстық оқу жоспарын көшіру;

3.         Сыныптар/топтар/кіші топтар бойынша БҰ оқушыларды бөлу;

4.         Сыныптарды/топтарды/кіші топтарды тарату;

5.         Сынып жетекшісін/топ кураторын/өндірістік оқыту шеберін тағайындау;

6.         Сынып жетекшісін/топ кураторын/өндірістік оқыту шеберін ауыстыру;

7.         ҚР БҒМ бұйрығы негізінде оқу үдерісі кестесін құру;

8.         ТжКБ үшін жұмыстық оқу жоспары негізінде оқу үдерісі кестесін құру;

9.         Оқу үдерісі кестесін өзгерту;

10.     Мұғалімнің педагогикалық жүктемелерін (штаттан тыстарды қосқанда) анықтау;

11.     Сағаттар саны бойынша нормативтердің артуын бақылау;

12.     Пәндер бойынша сағаттар санының сәйкестігін бақылау;

13.     БҰ паспортынан/кабинеттер паспорттарының аудиторлық қорын қалыптастыру;

14.     Кабинеттер паспорттарынан ақпаратты автоматты түрде толтырумен БҰ паспортын құру;

15.     Сыныптар/параллельдер/топтар үшін жеке үзілістер ұзақтығын және сабақтардың басталу/ақталу уақытын белгілеу;

16.     Оқу үдерісі кестесі негізінде кестені автоматты түрде туындату;

17.     Оқу орнынан тыс аудиториялар белгілеу;

18.     Кестені редакциялау;

19.     Үйде оқытылатын балалар үшін кесте құру;

20.     Кестені файлға шығару;

21.     Ауыстыру журналын жүргізу;

22.     Өндірістік практика жүргізу жоспарын құру;

23.     Үйден оқытуды ұйымдастыру;

24.     Стипендиаттар тізімдерін редакциялау;

25.     Стипендия түрлерін белгілеу;

26.     Оқушының үлгерімі, қатысуы,  БҰ педагогикалық жүктеме, аудиторлық қоры бойынша есептілік қалыптастыру.

 

2.4 «Кадрлық қызмет басшысының», «Кадрлық қызмет қызметкерінің»рөлдері

Ұйымдастырушылық функциялары:

1.         БҰ-ға жұмысқа қызметкерлерді қабылдау/босату туралы жүйелік әкімшіге мәлімдейді;

2.         БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындайды.

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.         Штаттық кестені қалыптастыру;

2.         Педагогикалық жұмыскерлердің жеке құрамын есепке алу кітабын қалыптастыру;

3.         Педагогикалық кадрлардың жеке істерін жүргізу;

4.         Қызметкердің жеке ісіне бұйрықты кіргізу/алып тастау;

5.         Қызметкерді бұйрықпен таныстыру фактісін тіркеу;

6.         Науқастық парағын тіркеу;

7.         БҰ қызметкерлерінің қауқастануы туралы статистикалық ақпарат алу;

8.         Еңбек демалысы кестесін құрастыру;

9.         Еңбек демалысынан мерзімінын бұрын шақыртуды тіркеу;

10.     Демалыстарды (мұрсатана) тіркеу;

11.     Ауысуларды тіркеу;

12.     БҰ қызметкерлерімен біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін тізімді құрастыру, редакциялау;

13.     Жаңа оқу жылы көшу кезінде БҰ қызметкерлерінің өтілін өзгерту;

14.     Біліктілікті арттыруда және қайта даярлауда оқытушылардың жеке тілектерін есепке алу;

15.     Қызметкерді бір БҰ-дан басқасына ауыстыру;

16.     Берілген кезеңде БҰ-да жұмыс жасау туралы анықтама қалыптастыру.

 

2.5 «Хатшы-іс жүргізушінің»рөлі

Ұйымдастырушылық функциялары:

БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету.

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.         Берілген аттестаттар мен дипломдарды тіркеу;

2.         Берілген мақтау қағаздарын тіркеу;

3.         Сынақ кітапшаларын, студенттік билеттерді есепке алу;

4.         Бұйрықтарды, хаттамаларды, құжаттарды тіркеу;

5.         Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу;

6.         Тапсырмаларды тіркеу және олардың орындалуы туралы белгі қою;

7.         ЭО АЖ арқылы көрсетілетін, электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді тіркеу және өңдеу.

 

2.6 «Оқытушының», «Өндірістік оқыту шеберінің»рөлдері

Ұйымдастырушылық функциялары:

БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету.

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.         Типтік оқу бағдарламасы негізінде жұмыстық оқу бағдарламасын/ КТЖ туындату;

2.         Сыныпқа/топқа жұмыстық оқу жоспарын/ КТЖ белгілеу;

3.         Жұмыстық оқу бағдарламасы негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар енгізу;

4.         КТЖ құру/редакциялау;

5.         Үлгерім журналдарында сабақтар тақырыптарын редакциялау;

6.         Үлгерім журналында бағалар қою;

7.         Үлгерім журналында қалуды/кешігуді тіркеу;

8.         Үй тапсырмаларын белгілеу.

«ЦБР дизайнері» модулінде жұмыс жасау

9.         Оффлайн-режимінде ЦБР әзірлеу;

10.     Онлайн-режимінде оқу курстарын әзірлеу;

11.     Оқу курстарын құру үшін шаблондар әзірлеу.

«Электрондық кітапхана» моділуінде жұмыс жасау

12.     Авторлық білім беру контентіне қолжетімділікті басқару;

13.     «Менің оқу материалдарым» бөлімінде жеке жұмыстық кеңістікті ұйымдастыру;

14.     Үй тапсырмасы ретінде таңдалған, ЦБР-ға сілтемелер қосымшалау;

15.     Авторлық контентті жариялау.

«Тесттер дизайнері» модулінде жұмыс жасау

16.     Тесттерді онлайн әзірлеу.

«Тестілеу» модулінде жұмыс жасау

17.     Тестілік сұрақтарды орындау режимін күйге келтіру;

18.     Бағалау межесін күйге келтіру;

19.     БҰ оқушыларына тесттер белгілеу;

20.     Тест нәтижелерін тексеру.

 

2.7 «Ата-аналар», «Оқушылар»рөлдері

Ұйымдастырушылық функциялары:

1.         Электрондық күнделікте үлгерімі туралы ақпарат болмаған жағдайда сынып жетекшісіне/топ кураторына/ ӨО шеберіне мәлімдейді.

2.         БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету;

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.         Күнделікті (сабақтар кестесі, бағалар, үй тапсырмалары) қарау

2.         Оқу материалдарын іздеу;

3.         Өндірістік практика күнделігін толтыру;

«Электрондық кітапхана» модулінде жұмыс жасау

4.         SCORM-форматындаоқу материалдарын ойнату;

5.         Оқу материалдарын дискіге көшіру;

6.         Танымал форматтардың оқу материалдарын қарау;

7.         Оқу материалдарының сипаттамасын қарау;

8.         Оқу материалдарының рейтингтері және талқылау;

«Тестілеу» модулінде жұмыс жасау

9.         Қателермен жұмыс жасау;

10.     Тесттерді орындау.

 

2.8 «Жүйелікәкімшінің»және «Жаһандық әкімшінің»рөлдері

Ұйымдастырушылық функциялары:

1.         ЭО АЖ пайдаланушыларды АҚ саясатымен және құжаттарымен танысуды қамтамасыз етеді;

2.         БҰ-да ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау;

3.         БҰ техникалық құралдарын және жергілікті есептеу желілерін жұмыстық жай-күйде ұстау;

ЭО АЖ-дағы функционалы:

1.      Пәндер жіктеушілерін (вариациялық құрауыштарын) құру және жүргізу;

2.         БҰ құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары/кафедралары/бөлімшесі/БАО/әдіст.бірлестік) анықтамалықтарын редакциялау және қолдау;

 

3.ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

3.1 Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құжаттар тізбесі

Ақпараттық қауіпсіздік талаптары ЭО АЖ барлық пайдаланушыларымен орындау үшін міндетті болып табылады.

Жоба аясында Ақпараттық қауіпсіздік саясаты және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мынадай нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді:

1.      Штаттан тыс жағдайларда әрекет ету туралы нұсқаулық

2.      Парольдік қорғау туралы нұсқаулық

3.      Резервтік көшіру туралы нұсқаулық

4.      Сервер әкімшісінің функциялары мен уәкілеттіктерін бекіту жөніндегі нұсқаулық

5.      Антивирустық қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

6.      Компьютерлік құрал-жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жөніндегі нұсқаулық

7.      Жүйелік әкімшілердің жұмысына арналған жадынама

8.      Есептеу техникалары құралдарын пайдаланушының жадынамасы

9.      Пайдаланушылар мен әкімшілердің серверлік үй-жайларға қолжеткізу ережесі

10.  Есептеу техникалары құралдарын паспорттау және ақпараттық ресурстарды пайдалану ережесі

11.  Корпоративтік ақпараттық желіде пайдаланушыларды тіркеу ережесі

            Жүйені пайдаланушылар Ақ саясатымен және барлық нұсқаулықтарымен танысуы тиіс.

            Пайдаланушылар Парольдік қорғау туралы нұсқаулықта сипатталған, жүйеге қол жеткізу үшін парольдерді ауыстыру тәртібін және жеке парольдерді қалыптастыру, сақтау ережесін сақтауы тиіс.

            Парольдерді бөлуге және парольдік қорғауды басқаруға жауапкершілік БҰ жүйелік әкімшіге жүктеледі.

            БҰ жүйелік әкімшілері парольдің жарамдылық мерзімін қарастыратын, парольді ауыстыру саясатын анықтауы, парольдерді ауыстыру қажеттілігі туралы пайдаланушыларға ескертуі және парольдің жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша ЭО АЖ-ға қолжетімділікті бұғаулауы тиіс.

  ЭО АЖ-да есептік жазбаны бұғаулау қажет жағдайда, ЭО АЖ пайдаланушы
БҰ жүйелік әкімшісіне өтініш беруі қажет.

  БҰ жүйелік әкімшісінің есептік жазбасын бұғаулау қажет жағдайда, жаһандық әкімшіге өтініш беріледі.

  ЭО АЖ пайдаланушылардың және әкімшілердің парольдерін жоспардан тыс толық ауыстыру ЭО АЖ парольдік қорғауды басқару жөніндегі өкілеттік берілген, тұлғалардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда (босатылу, басқа жұмысқа ауысу және с.с.) жүргізілуі тиіс. Ауыстыру  осы пайдаланушының жүйемен жұмыс жасауының соңғы сеансынан кейін кешіктірілмей жүргізіледі.

            Пароль әшкереленген жағдайда, ЭО АЖ пайдаланушы және әкімшілер өз паролін жедел ауыстыруы тиіс.

            Ұзақ еңбек демалысына кеткен (60 күннен астам), ЭО АЖ пайдаланушының есептік жазбасы БҰ кадрлық бөлімшеден жазбаша мәлімдеме алған кезеңнен бастап БҰ жүйелік әкімшісімен бұғаулануы тиіс.

            ЭО АЖ-да ұмытылған парольді қалпына келтіру үшін, пайдаланушының жеке ісінде электрондық поштаның мекенжайы болмаған жағдайда БҰ жүйелік әкімшісіне есептік жазбаны бұғаулауға өтініш беру қажет.