Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 155
Любовь к детям - 136
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 436
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.