Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп туралы
«Павлодар қаласының № 40 ЖОМ» ММ туралы ақпараттық анықтама
 
    Мектеп 1966 жылы салынған, 2009 жылы жалғай салу жүргізілді .Жобалық күші – 840 орындық. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 9020,2 шаршы метр, ескі ғимараттікі 2534,5 шаршы метр.
Мектепте мәжіліс залы, спорт залы,хореография залы, оқу залы бар 70 орындық кітапхана, медицина блогі, 100 орындық асхана, мамандандырылған кабинеттер  физика, химия, биология, интербелсенді тақталары бар 2 компьютер сыныбы және лингафонды кабинет бар.
2001-2002 оқу жылынан бастап мектепте  оқыту қазақ  және орыс тілдерінде  жүргізіледі. Қазақ тілінде оқитын оқушылар  саны – 141.
2006-2007 оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушылары үшін бейінді оқыту ұйымдастырылған.
10-11 сынып оқушылары жаратылыстану- математика бағыты, физика және биология бейіні бойынша оқытылады.
Мектепте  3 гимназия сыныбы (5А, 5Б және 2Б сыныптары) ашылды және 6в сыныбында биология пәні тереңдете оқытылады.
Екі оқушымен үйде оқыту ұйымдастырылған.
Жетінші сыныпта психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда.
Оқушыларды мектепке дайындау мақсатында мектеп жасына дейінгі екі топ, шағын орталық және ұзартылған күн тобы жұмысы ұйымдастырылған.
5-9 сыныптарда бейіндік алды даярлау мақсатында элективті курстар енгізілді. Мектеп ұстаздары қолданбалы курстар мен элективті бағдарламаларды өздері құрастырып, іс-тәжірибеде қолдануда. Мектепте ЖОО оқытушыларымен жүйелі байланыс жасау жолға қойылған.  
Мектептің негізгі бағыты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 2001 жылдан бастап «Денсаулықты нығайтуға бағытталған мектеп» жобасына енді.
2008 жылдан бастап мектепте «Мектеп -жоба» инновациялық технологиясы енгізілуде.
Мектеп 2011 жылдан бастап «Мектепте экологиялық білім беру» қалалық эксперименттік алаңына айналды.
2012-2013 оқу жылында 21 мектеп бітірушінің 8-і мемлекеттік білім грантына ие болса, 14-і жоғары оқу орындарында білім алуда.
2013-2014 оқу жылында мектепті 16 түлек бітірді.
2010 жылы «Ең үздік ауыл мектебі» облыстық сайысында мектебіміз гран-при иегері атанды.
2011 жылы мектеп ауыспалы кубок ие болды және қалалық оқушылар спартакиадасында жеңімпаз атанды.  
2012 жылы жазғы демалыс кезінде оқушылардың демалысын, сауықтыруын және бос уақытын ұтымды ұйымдастырғаны үшін «Жаз-2012» қалалық сайысында жеңімпаз атанды.
2013 жылы мектепке «Жаңа оқу жылына мектептің материалдық-техникалық базасын үздік дайындағаны үшін» Павлодар қаласы әкімінен ақшалай сыйлық және сертификат табыс етілді.
Мектепте оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған, білім алушылардың  түрлі  сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, жарыстарға қатысуына, жүлделі орындар иеленуі мүмкіндіктері бар.

 

      Бүгінгі күні мектепте 708 оқушы білім алуда, 38 сынып жиынтығы, оның ішінде 11-і - оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптар, 49 оқу кабинеті, 70 орындық оқу залы бар кітапхана, металл өңдейтін шеберхана, еңбекпен қамтамасыз ету кабинеті бар.

   7 түзету сыныбы, гимназиялық бағыттағы 3 сынып, оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілетін 2 мектепалды даярлық сыныбы бар.

     Педагогикалық ұжымды 68 мұғалім құрайды, оның ішінде педагогтардың 85,3% жоғары білімді, 48,5%-ы жоғары және бірінші санатты, 2 мұғалімнің атақ, марапаттаулары бар.

         Мектеп педагогикалық ұжымы білім сапасын арттыру бойынша жұмыла еңбек етуде. Мектептің негізгі міндеті - жалпы орта білім беру мектебі жағдайында денсаулықты сақтайтын білім беру кеңістігін қалыптастыру.

         Жыл сайын пәндерді тереңдете оқыта отырып әрі қарай бейіндік оқытуға бағытталған сыныптар желісі арта түсуде.

       Оқу мекемесінде бес кабинеттен тұратын медициналық блок орналасқан:

  • дәрігердің кабинеті
  • ем-шара кабинеті
  • тіс емдеу кабинеті
  • егу кабинеті
  • логопед кабинеті

Барлық кабинеттер заманауи медициналық техникамен жабдықталған.

Бұл мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсетуге, оларды сауықтыру бойынша сапалы жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

     Ырғақ және «Акварель» хореографиялық тобының сабақтары арнайы жабдықталған хореографиялық залда өткізіледі.

   Химия және биология зертханалары практикалық жұмыстарды өткізуге мүмкіндік беретін арнайы құралдармен жабдықталған.

  2014 жылда Қазақстан Республикасының Бірінші президенттінің  кабинеті қазіргі талаптармен жабдықтанды.

   Екі шет тілі кабинеті лингафондық құралдармен жабдықталған. Оқушылар ағылшын және неміс тілдерін меңгеруде.

    12+1 жергілікті компьютер желісімен жабдықталған 2 информатика және есептеу техникасы кабинеті бар. Мектеп 10 интербелсенді тақтамен жабдықталған.

  Химия кабинеті оқушылармен теориялық және практикалық жұмыс өткізу үшін тиісті жабдықтармен қамтылған.

        Мектепте екі спорт залы бар. Жаңа мектептегі спорт залдың бір ерекшелігі – едені арнайы жұмсақ жабынмен төселген, ер балалар мен қыз балалардың киім шешетін орындарында шайынатын кабиналар бар.

      Қазіргі заман талабына сай 160 орындық мәжіліс залы бар, тек мектепте ғана емес сонымен қатар қалалық мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге арналған музыкалық жабдықтармен қамтылған.

    2010 жылғы 1 қыркүйекте мектепте шағын орталық ашылды. Шағын орталықтың жалпы ауданы 298,37 шаршы метрді құрайды.

    Шағын орталықта 8 педагог қызмет етеді, оның ішінде 1-і- бірінші санатты, 3- екінші санатты, 3- нің санаты жоқ.

    Орталықта 2 мектепке дейінгі топ ашылған болатын. Оқу орыс тілінде жүргізілетін жоғары топта 25 бала болса, оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін жоғары топта 25 бала бар.

     Шағын орталық жайы жеке блокта орналасқан, жеке кіретін жері бар. Жатын бөлмесімен біріктірілген 2 ойын залы, музыкалық зал, дамыту залы, санитарлық бөлме, киім шешетін шкафтары бар кең фойесі бар.

         Ойын бөлмелері жиһаздармен жабдықталған және ойнайтын, оқитын, ұйықтайтын аймақтарға бөлінген. Ойын аймағы тиісті ойындармен, ойыншықтармен жабдықталған. Оқу аймағы тиісті әдебиетпен, әдістемелік6 үлестірмелі құралдармен, дамыту және пәндік-рөлдік ойындармен жабдықталған. Маркерлі тақталар бар.

      Әр топта ауысым бойынша 2 тәрбиеші мен 1 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді.  Шағын орталық таңертеңгі сағат 7.00-ден 19.00- ге дейін жұмыс істейді: балалар күніне 4 рет тамақтанады, сабақ оқиды, ұйықтайды, таза ауада демалады. Топтар ата-аналардың өтініші негізінде құрылды.

       Шағын орталық мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуының психологиялық-педагогикалық және мазмұнды аспектілерін ашатын, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған «Біз мектепке барамыз» мектеп жасына дейінгі жоғары топ балаларын оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша қызмет етеді.

      Мектепте қазіргі заман талаптарына сай технологиялық жабдықтармен қамтылған 90 орындық асхана бар, онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

      Аз қамтылған, көп балалы, жайсыз отбасы, жетім балалар санынан 683 мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтылған. Жалгерлер есебінен 10 оқушы тамақтанады.

         Түрлі тағамдар жиынтығынан тұратын ас мәзірі даярланды.

    Педагогтар мен мектеп оқушылары облыстық, қалалық шаралар мен түрлі

сайыстарға белсенді қатысады.Физика мұғалімі А.В.Иванов «Жыл мұғалімі – 2010» қалалық сайысының жеңімпазы, 1 оқушы математикадан қалалық пән олимпиадасының жүлдегері, 3 оқушы «Білім мен ғылымның кіріктірілуі» атты республикалық ғылыми конференцияның жүлдегерлері атанды. 2010-2011 оқу жылында 1 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері, тағы бір мектеп бітіруші үздік аттестат иегері атанды. 3 оқушы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері және жеңімпаздары, 2 оқушы қалалық Абай оқулары, 3 оқушы Мақатаев оқулары сайысының жүлдегерлері атанды. «Акварель» би тобы бірнеше жыл бойы «Балауса» қалалық балалар шығармашылығы сайысының лауреаты атанып келеді. Мектеп оқушыларының құрама командасы – қалалық спартакиаданың жеңімпаздары.
      2013-2014 оқу жылында мектеп бойынша ҰБТ қорытындысы 85 баллды құрады.
    Мектеп 2013-2014 оқу жылының қорытынды бойынша «Жақсы ауылдық мектеп» білім бөлімінің дипломы және Павлодар қаласының әкімнін сыйлық ақысы берілді.
   «Жаз – 2014» жазғы компанияның нәтижелеріне арнылған мектеп бірінші орын және Павлодар қаласының әкімнің сыйлық ақысына ие болды.