Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ
«Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бекітемін                                                                      
Мектеп директоры:                                       
_______Л.В.Задубняк
«______»  ____2014ж.                             
 
 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары
2014-2015 оқу жылы
 
 
Тақырыбы: «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын  дамыту»
 
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай туғызу
 
Міндеттері:
1.        Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың фунцияналдық сауаттылықтарын дамыту .
2.        Мұғалімдердің жеке тақырыптар бойынша жұмысын белсендету.
3.        Оқу үрдісіне ақпараттық  коммуникациялық технологияларды қолдану.
4.         Оқу-тәрбие ісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енгізуді  қамтамасыз ету.
 
 
ӘБ жұмысының бағыттары
Жоспарланған шаралар
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
Білім сапасын арттыру
Алғашқы үзік
қыркүйек
Пән мұғалімдері
Аралық үзік
желтоқсан
Пән мұғалімдері
Қорытынды үзік
мамыр
Пән мұғалімдері
Факультативтік  жұмыс:
«Абайтану» 7,9 «а» сыныптары
«Қазақтың шешендік өнері» элективтік курс 8 «а» сынып
«Мәтінмен жұмыс» элективтік курс
8 «а» сынып
 
аптасына бір рет
Жанакиева А.А,
 Мұсатаева С.Х
Жанакиева А.А
 
Тілеуғабыл Ж.С.
 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мемлекеттік стандарт орындалуын қадағалау
әр тоқсан аяғында
Оқу ісінің меңгерушісі
Өз білімін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарын бекіту
қыркүйек
Пән мұғалімдері
Қосымша сабақтар өткізу, мұғалімдерге арналған үйірме сағаты
аптасына бір рет
Пән мұғалімдері
Кәсіптік деңгейді көтеру
Кәсіптік санатты жоғарлату бойынша мұғалім өтініштерін қарау
Қыркүйек
А.Т. Токушева
Әдістемелік әдебиеттерге жазылу, кабиентте суммативтік және формативті бағалау түрі
Қыркүйек-қазан
Пән мұғалімдері
Қайта даярлау курстарына қатысу
Жыл бойы
Кабышева О.А
Өзара сабақтарға қатысу, білімдерін жетілдіру бойынша семинарларға, шығармашылық топтарға қатысу
 
Әдістемелік күндері сабақ беру:
  «Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатымен сабақтың жаңа технологияларын қолдану»
«Құзіретті көзқарас» семинары
«Ең үздік портфолио»
  
 
 «Жалпы  білік пен дағдыларды дамыту мақсатында оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру»
 
«Оқушының танымдық қасиеттерін арттырудың маңызды құралы ретіндегі оқыту дифференциациясы»
 
«Құзіретті көзқарас» семинары
Педұжымға сабақ беру
Жыл бойы
 
 
 
 
 
13.12.
 
 
 
20.11-1.12
 
 
23.01.
 
 
 
13.03.
 
 
 
25.03.
Пән мұғалімдері
Жанакиева А.А
Мұсатаева С.Х
Серғазина Ж.Т
 
 
Жанакиева А.А.,
Нұрғалиева Е.В.,
 
ӘБ жетекшісі
Тілеуғабыл Ж.С., Мұсатаева С.Х.
 
Тілеуғабыл Ж.С., Мұсатаева С.Х.
 
 
Сыздыков Т.Қ
Жанакиева А.А
Байкенова Б.Қ
 
ӘБ жетекшісі
Серғазина Ж.Т.
Баспа өнімін шығару үшін материалдарды бекіту
 
Ақпан
Нұрғалиева Е.В.
Педагогикалық тәжірибемен алмасу
Өзара сабақтарға қатысу
Жыл бойы
Пән мұғалімдері
Семинарларға қатысу
Тәжірибе алмасу«Жанпейісованың модульдік оқыту»жүйесі бойынша
Жыл бойы
Желтоқсан-қаңтар
Пән мұғалімдері
Нұрғалиева Е.В
Қалалық олимпиадаға қатысатын оқушылар тізімін жасау, олармен жұмыс жүргізу
Қыркүйек-қазан
 
 
Пән мұғалімдері
 
Баяндама
«Оқушылардың білім деңгейін көтеру »
Қаңтар
Тілеуғабыл Ж.С.
Жанакиева А.А
Сын тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша ашық сабақ беру
наурыз
Жанакиева А.А.
Қалалық пән олимпиадасына қатысу
қаңтар
Мұсатаева С.Х.
Қабілеті жоғары балалармен жекелей жұмыс
Жыл  бойы
Пән мұғалімдері
Қ. Бекхожин оқуларына дайындық
Жыл  бойы
Сыздыков Т.Қ
Абай оқулары оқуларына дайындық
Жыл  бойы
Жанакиева А.А,
Нұрғалиева Е.В.
Қабілеті жоғары балаларды анықтау мақсатында психологпен жұмыс
ӘБ электрондық қорын әзірлеу
Қазан
 
Жыл бойы
Пән мұғалімдері
 
Пән мұғалімдері
Пән апталықтары
Тілдер күні шаралары:
 «Тілім –  алтын қазынам» эссе жазу 7- 9 қазақ сыныптары
 «Тілмар» сайысы
 «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» дөңгелек үстел
«Мақал-мәтелдер сайысы»
 
«Қазақша сөйлесейік» акциясы
 
 
Қыркүйек
 
 
 
 
 
 
 
әр айдың бірінші сәрсенбісі
 
Тілеуғабыл Ж.С.
 
Байкенова Б.Қ.
Нұрғалиева Е.В.
 
Кабышева О.А., Сыздыков Т.Қ.
Пән мұғалімдері
Пән апталығы шаралары
желтоқсан
Пән мұғалімдері
 
 
 
 
 
Әдістемелік бірлестік отырыстары
 
отырыстары
№ 1-отырыс:
1.     Нормативтік құжаттармен танысу, 2013-2014 оқу жылының жұмыс талдауы, жаңа оқужылына әдістемелік  бірлестік жұмысын бекіту.
2.     Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары және  бұл бағыттағы жұмыс  жоспары.
3.     Тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды  талқылап, бекіту.
4.     Бірыңғай орфографиялық жүйе туралы.
5.     Әр түрлі.
қыркүйек
 
Жанакиева А.А
 
Мұсатаева С.Х 
 
 
 
 
№ 2-отырыс:
1.     Мұғалімдердің жеке тақырыптарын бекіту
2.     Нөлдік үзік қорытындыларын талдау
3.      
қазан
 
Жанакиева А.А.
Пән мұғалімдері
 
№ 3-отырыс:
1.     Мектепішілік пән олимпиадасына дайындық
2.     Қалалық  пән олимпиадасына дайындық
3.     1- тоқсан қорытындыларын талдау
қараша
 
Мұсатаева С.Х
Жанакиева А.А.
 
Пән мұғалімдері
 
№ 4-отырыс:
1.     Қалалық пән олимпиадасының қорытындыларын шығару.
2.     Семинар. «Сабақ үстінде шығармашылық тапсырмаларды қолдану»
3.     Мұғалімдердің оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу
4.     Әдістемелік бірлестіктің есеп беруіне дайындық
қаңтар
 
Пән мұғалімдері
 
Жанакиева А.А.
 
Пән мұғалімдері
 
№ 5-отырыс:
1.     Семинар «Оқушының өзіндік жұмыс түрі »
2.     Өзара сабаққа қатысу туралы есеп
3.     Сабақтарды талдау
4.     Емтихан материалдарын бекіту
5.     Жеке тақырыптар бойынша есеп беру
6.     Бірыңғай орфографиялық жүйенің орындалуы туралы
 
наурыз
 
Жанакиева А.А.
Пән мұғалімдері
 
 
 
Нұрғалиева Е.В.
 
№ 6-отырыс:
1.     Жылдық бақылау жұмыс талдауы
2.     Әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындыларын шығару
 
мамыр
 
Жанакиева А.А
 
 
 
 
ӘБ жетекшісі:   Жанакиева А.А.

 

 

Байкенова Бақытгүл Қаирқызы Ережепова Бибігүл Махметқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері 2013 жыл

 

Мен тұратын жердің табиғаты
(Қазақ тілі пәнінен оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған әлеуметтік – мәдени ая бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік  құрал)

 

 

 

 

 

 

ТІЛІМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

     Мақсаты: оқушылар бойында мемлекеттік тіл маңызы, қызметі, қоғамдағы рөлі туралы түсінік бере отырып, қызығушылығын ояту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, насихаттау.

Жоспар

1.    Кіріспе

2.    Слайд

3.    Концерттік бағдарлама

Барысы:

1 (Салтанатты музыка, сырнай ойналады)

Ортаға Шокубаев Бағдат пен Қайкен Мейірман жүгіріп шығып:

-  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Мектебімізде той болды, Оу, жиналған халық, әлеумет! Баршаңызға сый- құрмет! Тіл мәртебесін асқақтар, думан  болар керемет!

(Сахнаға жүргізушілер: Нұрғалиева Зәмзәмгүл мен Асылбек Жанбота шығады.)

Ж:Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар,  қадірменді ұстаздар, қонақтар кауымы! Көктемнің  осындай жайма шуақ күні сіздермен қауышып отырғанымызға шексіз қуаныштымыз!

З:«Қазақша сөйлесейік» акциясының  «Тілім – алтын қазынам» атты  қорытынды есеп беру мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер!

ӘНҰРАН

Ж  Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз  - ана тіліміз! Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

З:  Өткірдің жүзі,

     Кестенің бізі,

     Өрнегін сендей сала алмас, - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де - осы қасиетті тіліміз. Мектеп қабырғасында жыл бойы өткен  «Қазақша сөйлесейік» акциясының барысы туралы 8 «А» сынып оқушысы Петрова Ксения  мәлімдемек. Ксения, сөз кезегі сізде.

Ксения слайд бойынша әңгімелейді.

Ж:Қазақстан – ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса  ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып, үйренуде. Осы бағытта қол жеткізген  табыстары да бар. Солай емес пе, Зәмзәмгүл?

З:  Иә,  біздің мектеп оқушылары өзге ұлт  өкілдері арасында өткізілетін қалалық «Әй, жарайсың!» сайысында  дипломға ие болды. Қарсы алыңыздар!

Ж:Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» деп алдарыңызға Александра атты қызымызды ортаға шақырайық.

Александра:

Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып,

Көркем сөзді оқимын,

Мың бұралып билеймін,

Коньки тебу ермегім,

Орыс қызы болсам да,

Тілді білу – міндетім,

Елге ерекше құрметім.

З:

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер» дей келе алдарыңызға Алена атты аруымыз келіп тұр.

Алена:

Туған жерім – тұғырым,

Сұлу Ертіс жағасы.

Кіндік кескен бұл жерім,

Ыстық маған әрқашан.

Оқу-білім – талабым,

Көп тіл білу – арманым.

Бағымды сынап көрем деп,

Келіп тұр Алена атты қыздарың.

Ж:

Кел, балалар, келіңдер,

Гүлден десте өріңдер.

Көрермендер сүйсінсін,

Владимирге сөз  беріңдер.

Владиамир:

Әрқашанда біліммен әлдімін,

Футбол ойнау – ермегім.

Шырқап өсер Әнұраның Отанның,

Жігіт болам жаудың алар қорғанын.

З:

 Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың» дей келе ортамызға Элеонора атты  қызымызды шақырамыз.

Элеонора:

Ал, ағайын, туғандар,

Элеонораны да тыңдаңдар.

Ән мен жырды ағызып,

Елімді тамсандырар!

 

1.Күй «Қосалқа»

2.Сахналау. «Шешендік өнер»

3. «Отаным»әні.Вальц.Ю

4. «Сәлем»биі.

5.    «Сен»әні.

Қорытынды.

 

 

 

 

Мұғалімнің өз сабағын талдауы

 

Күні    ______  Сынып______ Мұғалімнің аты-жөні_________

 

Сабақ            ________

Тақырып       ________

Мақсаттары  ___________________________

 

1.Сабақтың дамытушылық функциясы: _____________________

 

2.Тәрбиелік мүмкіндіктері:                     _____________________

 

3.Әдістерді таңдау.

   Негіздеу:                                               ______________________

 

4.Сабақтағы жүйелілік:                          ______________________

 

5.Сабақтағы балалардың іс-әрекеті:     ______________________

 

6. Мұғалімнің әрекеті:                            ______________________

 

7. Нәтиже.

   Қорытыңды                                         ______________________

 

 

ОЖіБ тестері

http://files.gameworld.kz/n3yxg8b3zz.html

 

 

 

 

 

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық технология

     Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

     Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

     “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

     Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.

     Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

    Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту

     Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

     Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

     Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:

     Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

     Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

     Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

    Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

    Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады.

 

 

 

  М.М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында ұйымдастырылған    Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған     «Тарих және тағдырлар» қалалық зияткерлік сайысында біздің   10 «а» «Көшбасшы» командасы II орынға ие болды.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында өткізілетін іс-шаралар жоспары

Мерзімі:  7.12.2011-12.12.2011

Жауаптылар:қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мүшелері

 

ТІЛІМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тіл маңызы, қызметі, қоғамдағы рөлі туралы түсінік бере отырып, қызығушылығын ояту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оны  насихаттау.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Слайд.
  3. Концерттік бағдарлама.

 

Іс-шара барысы

1. КІРІСПЕ

1 (Салтанатты музыка, сырнай ойналады)

Ортаға Шокубаев Бағдат пен Қайкен Мейірман жүгіріп шығып:

  • Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Мектебімізде той болды, Оу, жиналған халық, әлеумет! Баршаңызға сый- құрмет! Тіл мәртебесін асқақтар, думан  болар керемет!

(Сахнаға жүргізушілер: Нұрғалиева Зәмзәмгүл мен Асылбек Жанбота шығады.)

Ж:Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар,  қадірменді ұстаздар, қонақтар кауымы! Көктемнің  осындай жайма шуақ күні сіздермен қауышып отырғанымызға шексіз қуаныштымыз!

З:«Қазақша сөйлесейік» акциясының  «Тілім – алтын қазынам» атты  қорытынды есеп беру мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер!

ӘНҰРАН

Ж  Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз  - ана тіліміз! Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

З:  Өткірдің жүзі,

     Кестенің бізі,

     Өрнегін сендей сала алмас, - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де - осы қасиетті тіліміз. Мектеп қабырғасында жыл бойы өткен  «Қазақша сөйлесейік» акциясының барысы туралы 10 «А» сынып оқушысы Петрова Ксения  мәлімдемек. Ксения, сөз кезегі сізде.

2. СЛАЙД

Ксения слайд бойынша әңгімелейді.

3. КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА

Ж:

Біздің ауыл қыздары өнер асқан,

Билейді мың бұралып  бала жастан.

З:

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

«Сәлем» биі

Ж: 

Саусағынан бал тамған,

Сан түрлі бүгін күйші бар.

З:

Көрермен аямай қол соқса,

Сізге тартар сыйы бар» деп  мектебіміздің домбыра  үйірмесінің өнерін тамашалайық.

КҮЙ

Ж:Қазақстан – ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса  ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып, үйренуде. Осы бағытта қол жеткізген  табыстары да бар. Солай емес пе, Зәмзәмгүл?

З:  Иә,  біздің мектеп оқушылары өзге ұлт  өкілдері арасында өткізілетін қалалық «Әй, жарайсың!» сайысында  дипломға ие болды. Қарсы алыңыздар!

Ж:Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» деп алдарыңызға Александра атты қызымызды ортаға шақырайық.

Александра:

Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып,

Көркем сөзді оқимын,

Мың бұралып билеймін,

Коньки тебу ермегім,

Орыс қызы болсам да,

Тілді білу – міндетім,

Елге ерекше құрметім.

З:

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер» дей келе алдарыңызға Алена атты аруымыз келіп тұр.

Алена:

Туған жерім – тұғырым,

Сұлу Ертіс жағасы.

Кіндік кескен бұл жерім,

Ыстық маған әрқашан.

Оқу-білім – талабым,

Көп тіл білу – арманым.

Бағымды сынап көрем деп,

Келіп тұр Алена атты қыздарың.

Ж:

Кел, балалар, келіңдер,

Гүлден десте өріңдер.

Көрермендер сүйсінсін,

Владимирге сөз  беріңдер.

Владимир:

Әрқашанда біліммен әлдімін,

Футбол ойнау – ермегім.

Шырқап өсер Әнұраның Отанның,

Жігіт болам жаудың алар қорғанын.

З:

 Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың» дей келе ортамызға Элеонора атты  қызымызды шақырамыз.

Элеонора:

Ал, ағайын, туғандар,

Элеонораны да тыңдаңдар.

Ән мен жырды ағызып,

Келіп отыр өренің,

Шалқып жүрген қыз едім,

Құлақ түрген халыққа,

Ұнаса деп өлеңім.

Ж:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ел дәстүрін сақтамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Боғдан шықсын ортаға!

Богдан:

Шарықтаймын биіктерге қазақпен,

Жыр жазамын қазағыма арнап мен.

Шықсын деймін шын көңілден сөздерім

Тыңдаңыздар Богданның да өнерін.

Бәрі бірге:

Бір шаңырақтың астында тәуелсіздігіміз көркейе берсін!

З: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Ж:  Вальц Юлияның орындауында  «Отаным» әні. Қарсы алыңыздар!

 «Отаным»әні.Вальц.Ю

З:  Қазақ жұрты  -  жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Би-шешендер даулы мәселені 4-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.

Ж:        6 «А» сыныбының оқушылары әзірлеген «Жиренше шешен» қойылымын қабыл алыңыздар.

«Жиренше шешен» қойылымы.

 З:                     Біле ме сіздің қазақ ғашық жайын,

                       Ұқсаңыз, білгенімше сипаттайын.

                       Ғашықтық – махаббаттың ең күштісі,

                       Жүрекке қатты орнығар басқан сайын.

Ж:9 «а» сынып оқушыларының орындауында «Сен» әні. Қошеметпен қарсы алайық.

 «Сен»әні.

З:    Біздің мектеп оқушылары оқу мен ойынды, еңбек пен өнерді ұштастыра білетін жан-жақты жандар.

Ж:  Тал шыбықтай иіліп, мың бұралып билейтін

«Көк өрік» би тобынортаға шақырайық.

«Көк өрік» биі

З: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өлсе тілім, мен де бірге өлемін

 

Ж:    Әрбір ұлттың қасиетті байлығы - тіл. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік!

З:      Осымен бізідң бүгінгі бағдарламамыз аяқталды. Келесі кездескенше күн аман!

 

Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.

 

     Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

     Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

     Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

  Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

     Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.

     Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.

    Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.

    Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.

     Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.

     Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.

     Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.

    Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.

     Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.

     Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.

     Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.

    Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.

    «Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.

     Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.

    Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.

    Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен  өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.

    Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.

     ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.

     И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.

    Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.

      Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл  жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге  басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.

    Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.

    Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.

       Мәселен, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:

- психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;

- денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;

- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;

- әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;

- жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк – эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.

     Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды «қиын балалар» етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне тоқталады.

     Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың  бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт – дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып көрсетедi.

     Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен  өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады.

     ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды.

    Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған.

    Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, «Тарих тағылымдары» атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге  алдық.

     Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми – теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.

      Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.

    Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы менталитетiне жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол. Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған ортаның бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк.  Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл – күйiне сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым – қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады [2].

      Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.

      Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);

  • психологиялық (Б.Г.Ананьев, М.Я.Басов, Л.С.Выготский, Б.Ф.Ломов т.б.);
  • педагогикалық (Ш.А.Амоношвили, Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Г.И.Щукина т.б.).

      Биологиялық аспект– белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

     Психологиялық аспект- тұрғысынан белсендiлiк С.Л.Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.

        С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

 - объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,

 - объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,

 - тапсырмаларды қою,

 - iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,

- мәселенi шешуге бағытталуы.

      Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.

     Әлеуметтiк тұлғалық аспектмәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.

      Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.

      Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

      Педагогикалық аспектiдегiбелсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:

  • белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
  • белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
  • Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты – объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.

      Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.

     Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.

      Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;

  • интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.

     Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi -  белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.

     Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

        Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:  қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

        Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады.  Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:

  • Адам зейiнiнiң  белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, Т.Рибо).
  • Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).
  • Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д.Фрейер).
  • Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев).
  • Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).
  • Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
  • Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов).
  • Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
  • Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).

      Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.  танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен  таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.

        Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi

 

 

Оқу үрдісі субъектісінің  құзіреттілігін дамыту

Мектептің білім беру ортасын қалыптастыру, оқу үрдісі субъектісінің даму жағдайы

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОТЫРЫП, ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

 

     Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

     Орта білім беру жүйесіндегі жаңа тың өзгерістер 2005-2010 жылдарға арналған білім беру дамуының Мемлекеттік бағдарламасын негізге алады.

    Бүгінгі күні білім беру саласына «құзіреттілік», «құзырлық» сөздері кеңінен енуде. Осы жағдай, бұл мәселе бойынша  кең және қызығушылықпен пікір таластыруға жетелей отырып, ең басты «құзіреттілік», «құзырлық» ұйымдарының негізгі мағынасын түсінуді, анықтауды қажет етеді. Competent сөзі французша «копонетті»  заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

     Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік»,       «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.

      Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. Демек,  құзіреттілік ұғымы «білім, біліктілік, дағды» сияқты ұғымдармен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесінде көрінеді.

    Жалпы орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, оқу мерзімі  12 жылдық «нәтижеге бағыттал-ған» мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан- жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

      Танымдық әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі.  Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оның жеке бас ерекшелігіне ғана қатысты емес, сонымен қатар мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру проблемасына көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған.  Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық  құзіреттіліктің қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен,  оның ұстаған мақсат – мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс.

      Профессор Ж.Қараев танымдық белсенділікке мынандай анықтама берген. Танымдық іс-әрекет белсенділігі деп, мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.

1-сызба

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет. Оның ішінде есте сақтау, зейін, ойлау және т.б. танымдық үрдістерінің даму деңгейлерін мектеп психологының көмегімен анықтап алынды. Мысалы, 5 «А» сыныбындағы бірінші топ оқушыларында есте сақтаудың көріп қайталау ерқылы еске сақтау түрі орташа көрсеткіш берді. Сондықтан, осы сыныптың оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық жұмыс түрлері іріктеп алынды. Ал, таным дегеніміз не? Таным – бір-бірінен ажырамас, тығыз байланыстағы екі компоненттің қатынасын көрсететін күрделі үрдіс.

Бірінші компонентке баланың қабылдаған мәліметтері, қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар және әлі де алынатын, талданатын, қорытындыланатын ақпараттар жатады.

Яғни:

  • Баланы не қызықтырады, ол қоршаған ортадан нені танығысы келеді;
  • Бала ақпаратты қалай алады:  таным түрлері (ойлау, есту, көру т.б.) құралдары туралы айтылады.
  • Бала ақпаратты қалай қорытады: жас ерекшелігіне байланысты жүйелеу, жинақтау, реттеу, ұмыту және т.б.

Екінші компонент – адамның ақпаратты қатынасы.

   Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Мұғалім оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру үшін,  танымдық үрдіс (ойлау, есту, зейін, қиял) деңгейлерін анықтауы қажет. Оқу –танымдық құзыреттіліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты төрт деңгейде қалыптастыруға болады.

1-деңгей Қарапайым өзіндік жұмыстар.

Білім алушы қарапайым тапсырмаларды мұғалім берген үлгісіне қарап орындауға дағдыланады. II деңгей – жылжымалы (вариативті) өзіндік таным

Оқушы мәліметтерді өз бетінше талдап, жинақтайды. Жинақталған анықтамалардың тиімділігін іріктеп, салыстырмалы түрде қорытынды жасайды. Кездескен қиындықтардан шығу жолын іздейді. III деңгей - өзіндік ізденушілік әрекет. Оқушы анықтамаларды салыстырып қана қоймай, өз бетінше мүмкін болатын жауаптарды іздестіреді, яғни зерттеу мәдениеті қалыптасады.

IV деңгей – тұлғалық өзіндік таным. Оқушы жеке тұлғалық қажеттілігі мен қызығушылығын өтеу үшін өзіндік таным әрекетіне көшеді. Мұғалім бағыт-бағдар беруші болып есептеледі.

Жалпы оқу-танымдық құзіреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі оқушының өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында оқушы белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу. Оқушы оқу-танымдық іс-әрекеттің субъектісі болады, себебі оқушы үшін бұл іс-әрекет маңызды, оның қажеттілігін және әлеуметтік маңызды танымдық мәселелерін шешеді. Қазақ  тілін өзге ұлтқа оқытудың сапасын арттыру мұғалімнің оқыту әдісін ұтымды таңдауына байланысты. Мақсаттар жүйесі жеке тұлғаны психомоторлы, танымдық, ойлау, эмоциялық, қатысымдық әрекеттерге дайындауға және оны жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі тануға бағытталған.

Қазақ тілі сабағында оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру үшін, ең алдымен қазақ тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын, олардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту негізіне бағытталған, яғни оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруда қазақ тілінде жаттығулар жиынтығын дұрыс пайдалану маңызды рөл атқармақ. Жаттығулар тапсырмасы  бірнеше топқа бөлінеді: фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, сөйлеу алды, сөйлеуге арналған, оқуға арналған.

Сөйлеу дағдысын дамытушы жаттығуларды құрастыруда оқушының жас ерекшеліктері ескеріледі. 

Лексикалық материалды еске сақтауға арналған тәсілдің бірінен мысал келтірейін:

  • сөздерді мағынасына қарай топтастыру (классификация)

(классификация) жүйелеу – дегеніміз ойлау операциясы; ол заттардың сипаты мен сынына қарай топтастыру. Алдымен сөздерді тақырыпқа сай бөлеміз, тапсырма әрине оңайдан қиынға қарай жүйеленеді. Соның бірі оқушылардың сөздерді тақырыпқа сай топтастыру:

  1. Мына сөздерден кейін тағы қандай сөздер жазасың? Топтастыруға арналған барлық сөздер беріледі:

Әке, шеше, ...   (5-ші сынып тақырып «Менің отбасым»)

  1. Мысалы: «Менің мектебім» тақырыбына байланысты зат есімдер мен етістіктерді атаңыз.

Үлгі: Менің мектебім

Зат есім:                              Етістік:

1. Кезекші                           Сүрту

2. Мұғалім                          Түсіндіру

Үстеу

Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.

Кеше, жоғары, тез, жазбаша, жақсы

Мезгіл үстеу:

Мекен үстеу:

Қимыл-сын үстеу:

Тіл үйрену процесіндегі оқушының оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруда ойлау дағдысын дамытудың маңызы зор. Ойлау дағдысын дамытуға салыстырмалы тәсілді қолданамын.

Мысалы: 5-ші сыныпта «Көктем» тақырыбын өткенде, оқушыларға екі түрлі сурет беремін. Олардан салынған заттардың аттары белгілі болуы керек. Екі суретте де бірдей бағы бар сурет салынған, бірақ жыл мезгілі әр түрлі: бірінде - көктем, екіншісінде - күз мезгілі. Оқушы екі суретті салыстыра отырып, бірінде – көктем мезгілі, екіншісінде – күз мезгілі екендігін дәлелдейді: «Мына суретте шөп жасыл, ал мынада сары, мынада жапырақтар жасыл, ал мына суретте сары, қызыл; аспан көкшіл, ал мында сұрғылт»

Қазақ тілі сабағында оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру – көптеген ізденістерді, жаңа оқыту технологияларын қолдануды керек етеді. Мен өз сабақтарымда М. Жанпеисованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тіл үйренуде ұтымды әдістердің бірі – деңгейлік тапсырмалар беру. Деңгейлік әдістің маңыздысы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Қазақ тілі сабағында белгілі бір модульдік тақырып бойынша сұхбаттасу бөлімінде мәтінмен оқушылар әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы танысады.

Мысал: Мәтіннің тақырыбын оқып шығып, оны оймен байланыстырыңыз. (2 топ)

1-ші топ оқушылары тақырыпты сурет арқылы оймен байланыстырып көрсетсе, ал  2-ші топ оқушылары тақырыпты сөз тіркестері айтылымдар арқылы оймен байланыстырып көрсетеді.

Немесе,  1-ші топ мәтіннен таныс сөздердің, сонымен бірге мағынасын оңай түсінуге болатын сөздердің астын сызып, және оларға сүйене отырып, мәтін мазмұнын болжап біліңіздер деген тапсырма беруге болады.

Оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда мәтінді зерттей оқудың маңызы зор. Зерттей оқу кезінде оқушыларға келесідей жаттығулар беремін:

  • Мәтіннен өзіңізге маңызды, жаңа деп табылатын ақпаратты көшіріп жазыңыз;
  • Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойыңыз;
  • Мәтіннің мазмұнына байланысты бір-біріңізге сұрақтар қойыңыз;
  • Мәтіннің мазмұнына және мәселесіне қатысты сурет салыңыз;
  • Мәтіннен алынған келесі сөйлемді түсіндіріңіз;
  • Мәтінге басқа қандай тақырып берер едіңіз?

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың сөйлеу дағдысын ғана қалыптастырмайды, ол оқушыларды ойлауға, өз пікірін айтуға, өз талғамын қорғауға үйретеді, яғни оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға, танымдық белсенділіктерінің артуына мүмкіндік береді.

Танымдық қызығушылығының белсенді дамуы нәтижесінде, өзін-өзі келешекте де дамыта алатын, қазіргі жағдайға бейімделген жеке тұлға қалыптасады. Демек, қазіргі жас шәкірттеріміз - еліміздің болашағының тұтқасын ұстайтын азаматтар.

Қорыта айтсақ, өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған,  адамзатқа қызмет етуге даяр абыройлы дәрежеге жеткізу.

 

    ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Есипович К.Б. Управление познавательной деятельности учащихся при изучении иностранных языков в средней школе. –М: Просвещение, 1988.- с191
  2. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілін оқытудың төрт деңгейлік бағдарламасы. Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4 2007ж-2 бет.
  3. Воровщиков С.Г. Учебно-познавательная компетентность школьников. Завуч. Управление современной школой №6 2007г. - с 81
  4. Г.Әтежанова  Психологиялық-педагогикалық құзырлықты қалыптастырудағы жаңа формация мұғалімінің рөлі. Қазақ тілі,  №4 2008.- 6-бет
  5. Н.Бақзыбекова. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.  Қазақ тілі,  №4 2007ж.-16-бет