Павлодар қаласының білім бөлімі
e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz 140 000, Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25   Карта проезда телефон: 32-21-67 телефон доверия: 32-19-37
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2563143
Бір айда112182
Бір аптада37004
Кеше4679
Тәулік5412
Балабақша кезегін тексеру
Тегі (Мысалы: Абаев)
Туған жылы (Мысалы: 2009)

"№ 40 жалпы орта білім беру мектебі" ММ

Біздің мерекелер
«Күзгі отырыстар»
 
 
    Күзгі демалыс кезінде 5-6 сынып оқушылары үшін «Күзгі отырыстар» шарасы өткізілді.
    Аталған шара барысында жылдың таңғажайып мезгілі күз туралы ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар балалар шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
   Балалар күз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, әндерді нақышына келтіре орындады.
     Шара соңында әділқазылар алқасы қорытындысын шығарды. Әр топ грамоталармен және дипломдармен марапатталды.
 
 
 
 
 
 
 
1 МАМЫР   -  ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
 
Отан дегеніміз – кіндік қанымыз тамған жер, айналамызды қоршаған шалқар көлдер, ну ормандар, егіс алқаптары. Адам баласына  ерекше жылылық ұялататын туған өлкемізді кіші отанымыз деп айтсақ та болады
Әр адамның кіші Отаны болады. Біз үшін ол – ерке Ертістің саялы жағалауындағы Павлодар ауылы.
 Туған ауылымызда  түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт ғұмыр кешуде. Нақтылап айтсақ,  ауылымыздың 5858 тұрғынының құрамында 32 ұлт өкілдері бар.  Мамыр айының шуақты күнінде мектебімізде «Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреміз» атты шара өткізілді. 5-7 сынып оқушылары Қазақстан халықтарының ән-билерін орындады, салт-дәстүрлерін көрсетті. 7 «Б» сынып оқушылары қытай халқының шай ішу дәстүрімен таныстырып өтті.
Шара өте қызықты болды.
 
 
 
№40 ЖОМ аға вожатыйы
Маракина Н.Н.
 
 
 
 
Ізгілік мерекесі
 

Мектеп оқушылары «Ізгілік мерекесі» атты концерттік бағдарлама даярлады, тек мейірімді адамдар ғана қоршаған ортаға нұрын шаша біледі ғой.

Аталған шараға мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен шақырылды. Бастауыш сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Сахнада «Дударай», «Радуга» вокал тобы ән салды. «Акварель» хореографиялық ансамблінің мың бұралған бишілері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Концерттік бағдарлама барлығына ұнады. Мейірімділік нұрын шашса, үлкендер де балалар да қуанышқа бөленетіні сөзсіз.
 
                                              
№40ЖОМ аға вожатыйы     Маракина Н.Н.
 
 
 
 
Мектеп қысқы кеш

     Аулада ақпан айы. Көктем мезгіліне де аз уақыт қалды. Сондықтан оқушылар Қыспен қоштасу кешіне асықты. Кешке қонақтар шақырылды: олар бесінші сынып оқушылары үшін түрлі сайыстар, ойындар, тапсырмалар ойластырыпты.

   Балалар қыс туралы қазақша, орысша мақал-мәтелдер баламаларын айтып, «қысқы гүл шоғын» құрастырды, қыс туралы жұмбақтар шешті... Қардан түрлі өрнектер салып, қыс туралы ән айтып, тақпақтар оқыды. Қыздар әшекейлерін көрсетсе, ұл балалар құстарға арналған үйшіктерді сахнаға алып шықты.

   Әділқазалар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиындыққа соқты. Қысқы кеште барлық сыныптар шығармашылықтарын таныта білді. Қысқы кешке қарамастан, залда отырғандарға көңілді болды.

 

 

19 қараша – Қазақстан пионериясы күні

Пионер отрядтары, еңалдымен, олардың ата-аналары жұмыс істейтін өндіріс орындары мен мекемелерде құрыла бастады. Ал 1923 жылдан бастап ол мектептерде жалғасты. РКЖО ОК-нің 1924 жылдың 23 қаңтарында өткен кезектен тыс пленумында «Спартак» атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары болып аталуы жөнінде қаулы қабылданды.

   Пионер ұйымдарының жұмысы жас ұрпақты коммунизм ісіне

берілгендік рухта тәрбиелеуге, Отанды сүюге, өзге ұлт-ұлыстардықұрмет тұтуға бағытталды. 1925 жылдың қаңтар айында Орынборда  «Пионер» журналының алғашқы саны жарық көрді.

        1926 жылы республиканың барлық мектептерінде дерлік пионер отрядары құрылып, жұмыс істей бастады.

 

1929 жылы 18 тамызында Мәскеуде КСРО пионерлерінің I Бүкіл одақтық слеті ашылды. Слетке барлығы 7 мың жас жеткіншек қатысса, оның 80-і қазақстандықтар еді. Слет барысында спартакиада, олимпиада, көркемөнерпаздар үйірмелерінің конкурстары, балалар шығармашылығының көрмелері өткізілді.

1930 жылдың 14 наурыз күні «Қазақстан пионері» газетінің бірінші саны жарық көрді. 1930 жылы 6 тамыз күні Алматыда Қазақстан пионерлерінің I слеті ашылды.

Пионер ұйымдары еліміз өмірінің барлық саласына белсене қатысты: сауатсыздарды оқытып, қызыл отауларға керекті кітаптарды жинады, металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға қатысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерге балаларды тартты.

1931 жылдың 10 сәуірінде Республикалық пионерлер штабы құрылды. Алғашқы құрылған бұл штабтың төрағасы болып Ә.Асылбекұлы, бюро жетекшісі болып З.Ақышқызы сайланды. Осылайша Қазақстанда орталыққа бағынған бірыңғай пионер ұйымы өмірге келді.

БЛКЖО-ның 1949 жылы наурызда өткен XI съезінде комсомол ұйымдарының алдына — пионер дружиналары арасынан жан-жақты дайындығы бар жас жеткіншектердің белсенді тобын — вожатыйларды дайындап отыру міндеті қойылды. Съезд БЛКЖО Жарғысына «Пионер ұйымдары туралы» жаңа бөлім енгізді. Сөйтіп, комсомолдың өзінен кейінгі жас жеткіншектермен арадағыбайланысы одан сайын нығая түсті. Бұдан былайғы жерде пионер дружиналары арасындағы барлық жұмысты қалалық, аудандық комсомол комитетіндегі мектеп жастары бөлімдері атқаратын болды.

1954 жылы БЛКЖО ОК-і «В.И.Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік ұйымдарының Ережесін» бекітті. Жаңа Ереже пионер ұйымдарының жұмысына бұрынғыдан да кең өріс аша түсті. Жас натуралистер станциясы, жас механиктер мен туристер клубтарының көптеп ашыла бастауы осының айғағы. Пионерлер сонымен бірге октябряттар арасындағы, балалар бақшаларындағы, пионерлер парктері мен аллеяларындағы жұмыстарды да өз қолдарына алды, мектеп аумағында арнайы аймақтар құрып, оларды бақылап, қадағалап отырды. Бұл жұмыстарда үздік көрінгендерге алғыс жарияланып, Құрмет грамоталары, төсбелгілер, басқа да сый-сияпаттар беріліп отырылды. Ескерту, сөгіс жариялау сияқты жаза түрлері де дружина,кеңес, звено шеңберінде жүргізілді.

Пионердің жеке рәміздері: ту, галстук, төсбелгі (значок), салют жас жеткіншектерді тәртіп пен өзара ынтымақтастыққа,ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды. Жалпы пионерлер қызметі комсомол жоспарлаған шараларды орындаумен ғана шектелді. Саяси құрылымнан комсомолдың кетуіне байланысты, В.И. Ленин атындағы бүкілодақтық пионер ұйымы да өмір сүруін тоқтатты.

            Қазақстанда 19 қараша Пионерлер күні деп бекітілді. Біздің мектебімізде 2003 жылдан бері Пионерлер күнін атап өту дәстүрге айналған. Биылғы оқу жылында 5 «В» сынып оқушылары пионерлерлер қатарына салтанатты түрде қабылданды. Құттықтаймыз!

 

 

 

 

Күзгі мерекелер

 

   Қазан айында мектебімізде дәстүр бойынша күзгі мерекелер өткізілді. Күзгі шараларға барлық оқушылар белсенді қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында табиғи материалдан түрлі заттар жасаудан «Күзгі әуендер» көрмесі өткізілді.

9 «В» және 10 «Б» сынып оқушылары «Күзгі тарих» шарасын ұйымдастырды.

    Күзгі балл кешінде вальс биі орындалды. Сахнадан А.С.Пушкиннің, Феттің, Буниннің табиғат тақырыбына жазылған өлеңдері естіліп тұрды. Күз туралы әндер шырқалып, күзгі сән үлгісі көрсетілді.

      Күз – жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның адамның көңіл-күйіне де көп әсер етеді.

 

 

Астана-жас қала

Астана күніне орай  6 шілдеде  мектепте  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар  мен жасөспірімдер ұйымы қатарына   қабылдау салтанатты рәсімі өтті.      

 

 

ЕГІЗДЕРДІҢ МЕРЕКЕСІ

Әлемде қандай ғана ғажайыптар болмайды. Егіздер.Екі баланың бет жүзі – сиқырлы айнадағы екі бейнесі. Барлық балаларға осындай бақыт басына қонбайды.    Біздің мектепте осындай балалар - бес.

 

мерекелік іс-шара егіздермен басталды. Кейін ата-аналармен егіздер өз өмір баяндамаларын айттып өтті, түрлі сайыстарға  қатысып, өз үй тапсырмаларын

 

 

 

көрсетті: Маша мен Даша ән шырқады, Сәуле домбыра шертті, Самал мың бұралып биледі, Стас пен Владтың теңізші биімен отырған қауымды таң қалдырды.

 

 

 

 

8-наурыз күні аналар мерекесі

«Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі кешті біз осы залда отырған сұлу қыздарға, сүйікті аналарымызға, әжелерімізге және де қымбатты мұғалімдерге ұсынамыз. осындай керемет сөздермен 9-10 сынып ұлдары мерекелік іс-шараны ашты.

Осы мерекеде көптеген өлеңдер, мұғалімдерге, қыздарға, аналарға арнап әндер шырқалды.

 

 

 

Барша отырған әйелдеріне арнап қызықты би «Барыня» «Акварель» би тобымен орындалды.

Ұлдар қызықты сайыстар өткізді, осы сайысқа тек қана ұлдар қатысты, барлық ұлдар бірінші болуға тырысты.

 

 

«ҚЫСТЫҢ ҚАСИТЕТТЕРІ»

 

 

Сайыс       «Қысқы шоқ»

 

 

 

 

 

«Қарлы көрпе"

 

Сайысқа қатысқан оқушылар көп еңбектенді. Себебі  жұмбақ шешу,қысқы шоқ дайындау, қыс туралы ән айту, және де  өз қолынан жасаған қарлы көрпені сыйлау. суық күнге қарамай залда көіңілді және жылы болды.

 

 

 

Мереке «Күз мезгілі келді »

Қазір күз мезгілі. Біз оны әртүрлі ғып айтамыз: суық, алтын, жомартты, жамбырлы, көңілсіз... Осыған қарамастан, күз – жыл мезгілдің керемет кезі: осы кезде егінді жинаймыз, дала жұмыстарын қорытындылаймыз, оқу жылының басталуы, қысқа дайындық, далада жылы де, суық та.

 

 

 

5,6,7 сынып оқушылары түрлі сайыстарға қатысып, күздің сән-сұлуын көрсетіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Жеміс-жидектердің суретін салып, күзгі тамақты дайындады.

1маусымбалалар күні.

Сайыс «Асфальтта сурет салу»