Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сынып жетекшілерінің ӘБ

Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігі жұмысының негізгі бағыттарының құрылымы

 
 
Конференция
 
    14 қараша  күні  дін туралы әдістемелік материалдар. ҚР  құжаттандыру  ережесі және жоғалтылған құжаттарды қалпына келтіру тақырыбы бойынша өткізілген  Он-лайн семинар сабағында жоғарғы  сынып оқушылары, мұғалімдер,ата – аналар қатысты . Біздің ойымызша қарастырылған сұрақтар  бүгінгі күнде керек мәселелер. Сол себептен   біз де ата – аналармен  керекті сұрақтарды қарастырдық.
        Бізге бүгінгі өткен Он-лайн сабағы өте керек нәрсе деп ойлаймыз. Сол себептен біздің ойымызша осы Онлаин сабағы 
жиі болып тұрса екен дейміз.
 
 
«Салауатты өмір салтыұлт денсаулығының негізі»

   № 40 ЖОМ-да Денсаулық апталығына шолу жүргізілді. Әділқазылар алқасы «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» сурет сайысын, «Денсаулық – зор байлық» плакаттар сайысын қорытындылады. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер сайысында 5 «а» сыныбы жеңімпаз атанса, 4 «б» сынып оқушылары «Денсаулыққа пайдалы тағам» сайысында театрландырылған қойылым көрсетті. 1-4 сынып оқушылары табиғи материалдан түрлі мүсіндер жасады.

Жарайсыңдар, балалар!

 

Жаңа қазақстандық патриотизм – көп ұлтты және көп конфессионалды мемлекетіміздің жетістігінің негізі

  Мектебімізде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өткізілді. Отырыста төмендегі тақырыптар қарастырылды: 1) «Жаңа қазақстандық патриотизм – қоғам жетістігінің негізі» 2) 2013/2014 оқу жылына тәрбие жоспарын құру. Мектеп психологі сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейін анықтау мақсатында тренингтер өткізді, сынып жетекшілері жұмысында туғызатын қиыншылықтарды жою мақсатында жас жетекшілерге әдістемелік ұсыныстар берілді. 

 

«Ата-аналармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек?»

сынып жетекшілері ӘБ-нің отырысы

     Мектепте «Ата-аналармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек?» тақырыбы бойынша сынып жетекшілері ӘБ-нің отырысы өткізілді. Отырыста төмендегі сұрақтар қарастырылды:

-     ата-аналар жиналысына дайындық  (мұғалім Бородулина Т.Л.)

-  әлеуметтік құжаттар туралы. «Қиын» отбасыларымен жүргізілетін жұмыс (әлеуметтік педагог Қамзинова Х.М.)

-   ата-аналармен жеке жұмыс жасауда сынып жетекшілеріне ұсыныстар (психолог Салықова Т.Т.)

-       бірыңғай мектеп формасының үздік дизайны (шығармашылық жұмыс- сынып жетекшілері).

 

 

 

«Тәрбие үдерісіндегі тиімді формалар мен әдістер» атты сынып жетекшілеріне арналған семинар

         Мектебімізде сынып жетекшілері ӘБ-не арналған «Тәрбие үдерісіндегі тиімді формалар мен әдістер» атты семинар өткізілді. Сынып жетекшілері келесі бағыттар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:

-         тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ата-аналарды жұмылдыру;

-         оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;

-         құқықтық тәрбиені ұйымдастыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

-         тәрбиенің әдіс-тәсілдерін таңдау;

-         оқушылармен жеке тәрбие жұмысын жүргізу.

Жас сынып жетекшілері тәлімгерлермен ой бөлісіп, сынып ұжымымен тиімді жұмыс жасау тәсілдерімен танысты. Осындай оқыту семнарларын ай сайын өткізіп отыру жөнінде шешім қабылданды.