Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жанындағы лагерьдің қызықты істері

2012 жылғы 5 маусымда мектеп жанындағы лагерьде «Кис-кис шоу» атты шара өткізілді. Шара барысында балалар өздерінің сүйікті үй жануарларының кейпін бейнеледі.  Балалар асыранды жанауарлар кейпінде түрлі сайыстарға қатысты. Шара қызықты әрі тартымды болды. Шара соңында балаларға тәтті жүлде «Кис-кис» кәмпиттері таратылды. 2012 жылғы 14 маусымда біздің шығармашыл балалар Павлодар қаласының Орталық Жағалауында өткізілген «Менің досым- бағдаршам» атты асфальтта сурет салу қалалық сайысына қатысты. Оқушылар өздерін нағыз суретшідей сезінді. Түрлі –түсті борларды қолдану арқылы балалар өз ойларын асфальтта бейнеледі. Суреттер әдемі әрі қызықты болып шықты. Сайыс барысында лагерь балалары басқа мектеп оқушыларымен танысты.

 

 

«Ертегілер күні» тамаша өтті. Таңертеңнен балаларды Мыстан кемпір мен Орман перісі қарсы алды. Балалар бірінші сыннан өтіп, жетондар алды. Әрі қарай балаларды қызықты оқиғалар күтіп тұрды. Барлық балалар ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген. Мәжіліс залында өткізілген мерекеге барлық отрядтар жиналды. Отряд вожатыйлары кітапханашылармен бірлесе отыра ертегілік шоу дайындады. Шоу «Белоснежка и семь гномов» ертегісі негізінде құрылды. Мыстан кемпір, мейірімді перизат, қатал өгей шеше рөлдері сомдалды. Ханшайымды қорғау үшін балаларға 3 сыннан өту керек болды: ертегі сұрақтарына жауап беру, сиқырлы заттың қай ертегіден екенін анықтау және ертегілердегі әуен бойынша билеу қабілеттерін көрсету. Мейірімді перизаттың жұмбақтары жағымсыз кейіпкерлерді жақсы жағынан көрсетуге көмектесті.  Мерекелік шара соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.  Балалар ертегіден көрініс қоюда актерлік шеберліктерін таныта білді. Сахнада Алдар көсе жұртты алдаса, жеті лақ жылады, ал Қызыл телпек қасқырмен кездесті. 3 отряд оқушысы Игорь Шленчак ханзада рөлін ойнап, отырғандарды күлкіге бөледі.

Соңында «Ертегілер күні» қорытындыланды. Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын-2 және 3 отряд,  2 орын – 5 отряд, 3 орын – 1 және 4 отряд. Жарайсыңдар, балалар! Ертегілер әлеміне саяхат, достық, әртістік барлық сыннан өтуге көмектесті және балаларды бір-біріне жақындата түсті. Жеңілгендер болған жоқ!  Балалар үйлеріне көңілді тарасты.

 

 

 

18.06.12ж. «Лучики солнца» және  «Улыбка» отрядтары «Карабас» ойын – сауықорталығына барды. Ойын – сауық орталығында болған 1 сағатта балалар түрлі қызықтарды өз көздерімен көріп тамашалады. Балаларға әсіресе батут, лабиринттер, домалақ шарлары бар зеңбіректер ұнады. 

 

 

 

Аптасына екі рет «Шымыр» и және «Нептун» хауыздарына бардық. Балалар су добымен ойнады, жарыса жүзіп, түрлі жаттығулар жасады. Жаттығуларды үйрену барысында және нұсқаушылардың жұмысына қарай балалардың көбі судан қорқуларын қойды. Суда жүзудің бала денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Хауыздан кейін балалар лагерьге көңілді оралды, тоя тамақтанып алып, ұйқыға кірісті.

19.08.12ж. «Қоңырау» мектеп жанындағы  жазғы сауықтыру лагерінде«Жануарлар әлемінде» күні өткізілді. Спорт сағаты кезінде «Джунглилерді шақыру» ойыны өтті. «Бремен музыканттары» атты музыка сағаты кезінде балалар вожатыйларымен бірге әр түрлі заттарды (қасықтар, бөтелке, сылдырмақ, сыбызғы) қолдана отыра оркестр құрды. Жануарларды, табиғатты қорғауды тәрбиелеу мақсатында «Жануарлар әлемінде» театрландырылған сайысы өткізілді. Шара сайыс түрінде өткізілді. Балалар тапсырмаларды кезең-кезеңмен орындай отыра, шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін көрсете білді. Бұл – капитандар сайысы, жұмбақ, сөзжұмбақтар шешу, «Жануарларды қорғаңдар» эмблемасын құрастыру және т.б. Балалар жануарлар кейпіндегі костюмдер мен бетперделерді киіп, жануарлар әлеміне тереңінен үңілуге тырысты. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.

 

«Разбойники» және«Искрята» отрядтары аптасына бір рет «Нұртас» БЖК-набарады. Клубта балалар қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қатысты. «Қолөнер» үйірмесінде Татьяна Владимировнамен бірге пластик бөтелкелерден неше түрлі заттар жасады, жаттығуларды орындауда шыдамдылықтарын, ептіліктерін таныта отыра спорт жарыстарына қатысты. «Нұртас» БЖК-нда болған күн қызықты өтті. Балалар лагерьге  көңілді оралды.

 

«Қоңырау» 4- тобы

 

 

Біздің топтыңлагердегі әр күні қызықты да,  көңілді өтуде.  Біріміз ұлттықойын ойнап жаңадан ойын түрлерін үйренсек,  ендібіріміз басымыздан өткен қызықты сәттерді  әңгімелеп барлығымыз бір мәз болысып қаламыз. Лагерь маған да достарыма да қатта ұнады деп ойлаймын.

 

 

 

Күнара  өткізілетін спорттықсайысты баршамыз асыға күтеміз. Мұнда қызыққа толы сәттер көп. Біздіңтоп әр сайыс сайын өз өнерлерін тамаша көрсете біледі.

     Топ басшысы Жандос сайысқа бар дайындықпен келетін сияқты қызбаланып топтыңалдыңғы орынға ие болуына барынша күш салады.  

     Кіп-кішкентай болса да Әділді  нағыз спортшы деуге болады. Өйткені ол барлық  сайыс түрін  қызыға орындап, қарсыластарынан қалыспайды.

 

Топтыңарнаулы тілшісі: Айнель

 

 

 

Шаттықпен қызыққа толы жазғы демалыс «Қоңырау»ға тағыда асығамыз

 

 

 

Алаңда жас футболшылар...

 

 

 

Балалықшақтың  қайталанбас сәттері...

 

 

 

2012 жыл  19- маусым

 

 

 

 

«Ертегілер елі»

 

    Қашанда өзіндік еркешелігімен дараланған қазақтыңқалжыңға толы аңыз әңігмелерінен Алдаркөсе жайлы   оқиғаларды  тілі жаңа шыққан жас сәбиден бастап  үлкендерге дейін қызыға тыңдап, көреді десек артықболмас.

Сол    Алдаркөсенің бастан өткерген қызықты оқиғаларыныңбір  бейнесін сомдау сәті...

 

 

 

 

 

«Қоңырау» жазғы лагерінің бірінші маусымына келушілер  4- топ

 

 

Жұлдыздар тобы

Біз көңілді жұлдыздармыз,

Жарқыраймыз жанамыз.

Демалыстың әр күнін,

Өткіземіз жақсылап.

 

Топ ұраны:

Бір, екі, үш;

Жұлдыздарым ұш!

Төрт, бес, алты;

Мәңгі есте бабам салты!

Лагерь ашылуы маусым айының 4-күні кешенді саяхат негізінде ашылды. Лагерь маусымын бастауыш сынып оқу ісі меңгерушісі  Продан Г.И   ашып, демалушылардың әр күнді қызықты да , көңілді өткізуін тіледі. 5 топ «Жол ережесі»,  «Кел, билейік», «Бірге шырқайық», «Мен спортышымын»  «Біз тапқырмыз»  атты бағыт бойынша әр топ жарысып, соңғы мәрені бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанды. Барлық демалушылар  бірінен –бірі оза шауып әр аталым бойынша өздерінің ерекшеліктерін көрсете білді. Бұл жарыс соңы әр топты марапаттаумен аяқталды.

 

 

Маусымның 5күні өткізілген денешынықтыру  сағаты бойынша «Қозғалысты ойындар»  эстафетасы өтті. Бұл топта «Жұлдыздар» тобы басқа топтардан қалыс қоймады. Әрқайсысы өз деңгейінде жақсы қатыса білді. Әрқайсысының ойынға деген қызығушылығы жоғары деңгейде болды.

Сайысты тартымды да қызықты өткізген денешынықтыру тәрбиешісі

Кобец Г.И және көмекші тәрбиешіге топ атынан рахмет айтамыз.

Топ тілшісі: Муханова Айнель

 

«Ертегілер әлемі» кітапханалық сағат маусымның 12-сі күні 5 топтың қатысуымен қызықты өтті. Түрлі бағытта дайындалған ертегі кейіпкерлеріне арналған сұрақтар мен тапсырмалар 5 топ демалушылары  арасында тартымды сайыс ретінде өтті. Әр топ  өз таңдаған ертегілер желісі бойынша қойылым қойып барлығы да ертегілер әлеміне еніп кеткендей сезімде болды. «Жұлдыздар» тобы Алдаркөсе әңгімелері бойынша қойылымды сахналады.

Топ тілшісі:  Муханова Айнель

 

 

Көңілді өтер әр сәтім-лагерьде!

 

 

Топ тілшісі: Муханова Айнель

 

 

Салауатты-өмір салты

 

 

Лагерь демалуышылары   «Нептун», «Шымыр» хауызына аптасында 2-3рет барады. Бұл да балалардың лагерьдегі уақыттарының тиімді де, пайдалы өтіп жатқанының бір белгісі.Әр демалушы суда жүзу ережесін есіне сақтап,  және де қажетті заттардың болуы  ережелерін ұстанып барады.

    Салауатты өмір салтының бірі-суда жүзу денені сергек ұстау екені болса бұл да балалардың денсаулығы үшін пайдалы екенін ата-аналарда  жақсы түсініп қолдайды.

 

Топ тілшісі:  Муханова Айнель

 

 

«Қоңырау» жазғы демалыс лагерінің 2 маусымының ашылуы көнілді әрі қызықты өтті.Тәрбиешілер конкурстық бағдарламасын ұйымдастырды. Балалар өздерінің интеллектуалық білімдерін, спорттық  және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Балаларға «Асфальтте сурет салу» жарысы өте ұнады- әрбір отряд өз суретін толық және тез ашу керек еді.  Денсаулығын жақсартуға және екінші маусымды ұтымды қолдануға 52 оқушы келді.

 

 

 

«Мейірімді жаз» жобасының шеңберінде мектеп жанындағы «Қоңырау» лагерінің оқушылары мектеп шағын орталығында болды. Олар сәбилерге тосын сый үйымдастыруды ұйғарды . Сәбилердің назарына «Алдар көсе мен қарау бай», « Репка», «Курочка Ряба» ертегілерінен көрініс қойды .Ата ананың көмегімен оқушыларға костюмдер жасалды. «Әртістер» әрине қобалжыды, бірақ көрермендер оларды қошеметпен қарсалды.

 

 

 

 

2012 жылғы 28 маусымда мектеп жанындағы «Қоңырау» жазғы лагерінде жануартану күні өтті. Балалардың тапқырлығы мен танымы сынға түсті. Олар жануарлар туралы жұмбақтар құрастырды, паномималар жасады, әндер айтты, өздерінің жануарлар әлемі туралы білімдерін көрсете алды.

 

 

 

 

Балалар барлық тапсырмаларды өте оңай шешіп шықты. Жануартану викторинасында жеңіс «Солнышко» отрядына бұйырды. Көрермендер де аталмыш шараға белсенді қатысып, тәттілермен марапатталды.

 

 

Астана күні мерекесі қарсаңында жазғы « Қоңырау» сауықтыру лагерінің балалары балабақшаға барды .Бұл күнге балалар ерекше ықыласпен дайындалды: Астана туралы тақпақтар, өлендер жаттап ,оның тарихы жөнінде ақпарат жинады.

 

Бүлдіршіндер оларды қуана қарсы алды Астана жайында әңгімелерін назар қойып тыңдап, әндерді бірге қосылып айтуға тырысты. Балалар оларға сыйлыққа баямақ кітапшалар сыйлады .Құттықтаудың соңында олар астанамыздың көркейіп құлпыруын ,елімізде әрқашан бейбіт- игілік болуын тіледі.

 

 

Жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиешілері  балалардың бос уақытын ерекше қызықты өтуіне әртүрлі шаралар әзірлеп , оларды қайырымдылыққа  адамгершілікке ,мейірімділікке ,ізеттілікке тәрбиелеуге тырысады.

 

 

 

Осындай шаралардың бірі Даңқ обелискісіне бару болды. Балалар Ұлы Отан соғысында елін қорғауға атсалысқан аға-әпкелерінің есімдерін мұқият қарап,оларды естерінде сақтауға тырысты .Еске алу ретінде үнсіздік жариялады.

 

 

 


Туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті ояту мақсатына Павлодар қаласындағы тарихи өлкетану мұражайына барды Бұл күн балалардың  естерінде көпке дейін сақталады.Себебі  Мұражай  күрделі жөндеуден өтіп қайта ашылды.Барлық экспонаттар балаларды және үлкендерді өзінің әседігімен әдемілігімен таң қалдырды Саяхатшы қызықты әңгімелеп, оларды бір залдан , екінші залға жылжи отырып, еліміздің тарихы жайында сонау тас ғасырдан бүгінгі күнге дейін мәлімет берді.

Сөредегі жануарлар,аңдар,жәндіктер жайында балалар саяхатшыдан қызыға  бір –бірінен таласа көп білуге тырысты. Ортағасыр залы қыздарды ерекше тарта түсті, себебі ондағы әшекей  бұйымдар әсемдігімен көзді тартып, ал ер балаларды әртүрлі қару жарақтар қызықтырды.

 

 

 

Павлодар қаласының кіре бірісінде 1929-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орналасқан. Ол не жайында еске салатынын бірі білсе,бірі біле қоймайды.  Сауықтыру лагерінің балалары қалаға бара жатқанда ол ескерткіш  жайында білуге тырысатын.

 

 

 

 

 

Сол мақсатта тәрбиешілер оларды осы ескерткішке апарып, балалардың санасына  сол тарихи жылдар жайында ақпарат беруді  шешті.  1929-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына гүл қойылып,енді осындай күндер артта қалып ешқашан болмасын деп тіледі.

 

 

Біздің балалардың денсаулығын қатал да, әділ медбике Ващенкова Татьяна Владимировна қадағалайды. Ол олардың тазалықтарын, тамақтарын, ойын бөлмесінің, жатын бөлмесінің тазалығына  жиі-жиі қарайды. Сондықтан да «Дәрігер Айболит» күні шарасын өткізуді өзіне қалдырды.

 

 

 

 

 

Бұл күні балаларға дәрігер мамандығының қыр сырын білуге көп септігін тигізді, олар бір сағатқа өздері де дәрігер болғандай сезінді. Өздерінің бас дәрігерінің жетекшілігінің арқасында көптеген қиындықтарды жеңді. Мысалы әртүрлі заттар арасынан медициналық заттарды табу, кім ағзаға  пайдалы тағамдарды көп еске түсіреді?, қуыршақтың жарасын кім тез таңады?, тұмаудан емделу жолдарын кім тез айтады?  және с.с. Шара қызықты өтіп соңынан балалар  денсаулық жайында мақал  айтты.

 

 

Біздің сауықтыру лагерінің балалары «Нұртас» жасөспірімдер  орталығмен тығыз қарым –қатынас жасайды. Олар «Нұртас» орталығымен кездесуді ерекше күтеді, себебі нұртастықтар оларды жылы қабақпен, ізгі ілтипатпен қарсы алады.

 

 

 

Балалар үшін ерекше қызықты шаралар дайындалады. Мысалы бұл маусымда балалар «Көңілді мәре» ойынынан кейін пластик құмыралардан әсем гүлдер жасауды үйреніп, оны аналарына сыйлау үшін өздерімен ала кетті. Біздің сауықтыру лагерінің тәрбиешілері мен бүлдіршіндері жылы қабақ таныта қарсы алған нұртастықтарға алғыстары шексіз.