Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ескеткіштен ескерткішке» автовеложүгірісі
«Ескеткіштен ескерткішке» автовеложүгірісі
 
 
     Үстіміздегі жылдың 30 мамырында Павлодар қаласының № 40 орта мектебінде «Балаға мейірімді қала» жазғы жобасы аясында «Ескерткіштен ескерткішке» өлкетану қызметінің инновациялық жобасы іске асырылды.
Автовеложүгірістің негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдерді велоспорт сабақтарына жұмылдыру, қала және ауыл қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақыру.
Веложүгірістің ұйымдастырушылары Павлодар ауылы әкімдігі, «Бейбітшілік қоры» Халықаралық Қоғамдық қоры, ауыл ардагерлері мен кәсіпкерлері кеңесі, оқушылардың ата-аналары, «Ремэнергосервис-ПВ» ЖШС бас директоры В.И.Ноздрин, Черноярка, Чернорецк, Пресное ауылының мектептері мен әкімдігі.
 
Веложүгіріске № 40 жалпы орта білім беру мектебінің 25 оқушысы, Павлодар ауылы ардагерлер қозғалысының шығармашылық ұжымы, ауыл әкімдігі қызметкерлері, байкерлер, «Жас Отан» жастар қанаты қатысты.
 Веложүгіріс жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің қолдауымен Павлодар ауылы – Черноярка ауылы – Чернорецк ауылы – Пресное ауылы бағыты бойынша өткізілді.
Веложүгіріс кезінде спортшылар аталған елді мекендерде орналасқан Даңқ ескерткіштері мен саябақтарына барды. Веложүгіріске қатысушылар ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімін жасады, ардагерлер ұжымымен бірлесе отыра концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
   Автовеложүгіріске қатысушылардың барлығына ескерткіш сыйлықтар таратылып, сертификаттар табысталды.
Жүгіріске қатысушыларды тамақтандыру, автокөлік қызметі, гүл шоқтарын және сыйлықтар шығыны «Ремэнергосервис- ПВ» ЖШС мен Павлодар ауылы әкімдігі есебінен жүргізілді. Концерттік бағдарламаны ұйымдастыру шығыны «Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі» ММ есебінен жүргізілді, ата-аналар тарапынан да көмек көрсетілді.
         «Ескерткіштен ескерткішке» автовеложүгірісін БАҚ беттеріне шығару үшін «Новое время» газетінің тілшілері, «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы, «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты қатысты.