Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Электронды оқу жүйесі
     Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту. Осындай электронды оқыту жүйелерінің бірі E-learning. E-learning Қазақстандық білім жүйесінің дамуының жаңа бағытына айналды. Электронды оқыту жүйелеріне кіріктірілген заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына өтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. 
    ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы білім берудің ескі парадигмасының мәні «Білім беру – бүкіл ғұмырға» ұранында айтылса, ал жаңа парадигма – бұл өз тегінде жетекші қағидалары ЮНЕСКОда жарияланған қағидалар болып саналатын, болашақ үшін білім беру стратегиясы: әлемдегі ең озық идеялар мен білімдерді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті ғаламшарлық ойлауы бар әлемнің азаматтарын тәрбиелеуді қамтамасыз ететін «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» — «LifeLongLearning (LLL)» және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы.
   Қазақстанда алғаш рет электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу міндеті анықталған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.
    Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі «E-Learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру болып табылады.  Жобаның бірінші кезеңінде (2011-2015 жылдар) білім беру ұйымдарының 50%-ын, ал екінші кезеңінде (2016-2020 жылдар) білім беру ұйымдарының 90%-ын жүйеге қосу жоспарланған.
   Оқытушының жұмыс орны қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, интерактивті жабдықпен (интерактивті және мультимедиалық проектормен) жарақтандырылған. Әрбір білім беру ұйымында оқушыларға екі түрлі компьютерлік сынып ұйымдастырылған: тұрақты және мобильді, сондай-ақ кітапханадағы жұмыс орындары.Электронды оқыту жүйесінің ерекшелігінің бірден-бір негізгі ұғымы білімгерлер үшін ол – «планшетник». Бұл өте қолайлы, бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Бұл «планшетник» білім мекемесіндегі компьютерлік торапқа байланыстырылады да білімгерлер өзіне қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізіп отырады, яғни мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар тіпті алған бағаларына дейін ата-аналарымен көрулеріне жағдай жасалады. Бұл ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады деген сөз. Білім мекемесіндегі кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесі де интернетке қосылған компьютерлерге жалғану арқылы жұмыс істейді. Мектептегі компьютерлер 4 -10 Мбит/секжылдамдығымен интернетке қосылуға мүмкіндігі бар.
   Электронды оқытуда мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды оқытушылар бөлмесі, ата-аналарды SMS-хабарламалары кіреді. Әрбір оқушы мен оқытушының кез келген уақытта әлемдік ең жақсы білім ресурстарына «онлайн» өту мүмкіндігі болады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлер, зертханалар болу керек. Жалпы E-learning электронды оқыту жүйесіне берілетін анықтамалық түсініктер өте көп. Солардың бірі E-learning – оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану. Электронды оқытуды қолдану аясында қандай бір шектеулер болмайды. E-learning – күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал ретінде. Қазір Қазақстанда электронды оқытудың синонимі қашықтықтан оқыту жүйелерін (ҚОЖ) өндірістік ірі компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі – болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс десе де болады. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында.
   Электронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді деуге болады. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін бұл электронды жүйе бірден-бір шешім сияқты десе де болады, алайда балаларының сабағын тексеру сияқты жұмыстарды ата-аналардың орындауы үшін интернет байланысының қажеттігін түсінгендері жөн. Тіпті қалаған уақытта сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол, ол үшін электронды оқыту жүйесінде sms хабарлама ұйымдастырылған.
  Электрондық оқыту жүйесіне цифрлық білімдік ресурстар орналастырылатын болады.Әрбір сандық білім беру ресурсі мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен белгілі бір тақырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен болып табылады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлер, зертханалар болу керек. Олар ҚР БҒМ білім беру порталына орналастырылған.Мұғалімдер мен оқушылар порталдағы қажетті  материалдарды еркін және тегін пайдалана алады. 
  2011 жылы Қарағанды облысы, Алматы мен Астана қалаларының 44 мектебіне енгізу жоспарланды.
2012 жылы электронды оқыту жүйесіне 537 мектеп пен колледж қосылады.
Электрондық оқыту жүйесіне платформа әзірлеу және құрал-жабдықты жеткізу ісімен «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ  айналысады, мұғалімдерді осы жүйені пайдалануға даярлаумен  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы,цифрлық білімдік ресурстарды өңдеумен Ұлттық ақпараттандыру орталығы, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі қайналысады.

     Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) пайдалану жөніндегі ата-аналарға арналған жадынама
Сіздің балаңыздың бағалары журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілері мен оқытушылармен байланысу ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады.
1)  Қалай ЭОЖ пайдаланушысы болуға болады?
Ата-аналардың есептік жазбасы (логині) оқу ісі меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізумен автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.
Ескерту:Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту қатаң ұсынылады.
2)   Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?
ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:
1. https://e.edu.kzсілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
2.«Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз
3. «ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз
4. Тізімнен ата-налар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз
3) Күнделікті бағалар туралы СМС-хабарлама мен үй тапсырмасын белгілеу туралы хабарламаға қалай жазылуға болады?
Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:
1. «Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
2. «Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне»басу керек
3. Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек
4. «СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет
5.  Аылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.
4)   ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?
Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:
1. https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
2. «КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
3. «ӨТУ» қосымша бетін басу керек
4. Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ» таңдаңыз
5. «Жаңа хабарламаға» басыңыз
6. Кімге жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз  және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады
5)   Пайдаланушылармен кері байланыстар үшін Біздің байланыстар:
Сіз екі тәсілді жақсарту бойынша сұрақтар қоя аласыз және ұсыныс қалдыра аласыз:
1. 1414  анықтама қызметіне тегін қоңырау шалу
2. «ҰАТ» АҚ жергілікті өкілдігіне қоңырау шалу, ЭОЖ бойынша жауапты қызметкерінің байланыс деректерін https://e.edu.kz/63 сілтемесі бойынша табуға болады