Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Психологтың парақшасы

Психолог кеңесі

 


 

 

 

 

ҰЯЛШАҚ ЖӘНЕ ТҰЙЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

         Адамның өз мүмкіншіліктрін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді.

          Оқушылардың ұяң, ұялшақ мінезін сынып жетекшілер күнделікті қарым-қатынас арқылы жақсы біледі. Ондай балаларды ортаға бейімдесе де, қызығушылығын тудыратын жұмыстар жасаса да еш нәтиже бермегенін маған келіп айтады. Мен ата-анасымен жеке сұхбаттасып, кеңестер беремін. Оқушымен де әңгіме өткіземін, ашылып сөйлеуіне күшімді саламын және баланы бақылауға аламын.

         Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады. Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер оқушыңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.

         Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.    Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.

         Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.

Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз- агресивті мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.

         Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

         Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.

         Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

         Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.    

Оқушыңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының  басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.

         Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:

üНеге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.

üАйнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.

üБезеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді

üСпортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.

üДенесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.

üӨзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады. 

üТіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.

Жыныстық даму жағынан да проблема болуы ықтимал:

üНегізгі жыныстық даму (жыныстық органдардың дамуы)

üҚосымша жыныстық даму (денедегі өзгерістер: дауыстың өзгеруі, безеу шығуы, мұрт,сақалдың шығуы, кеуденің өсуі т.б.)

Егер, дұрыс мағлұмат бермеген болсаңыз, бала өз бойындағы өзгерістерден ұялып, жалғыз қалуға немесе достарымен көбірек уақыт өткізуге құштарлық танытуы мүмкін.

         Осындай жағдайларда балаларға қолдау көрсетіңіз, түсіністік танытыңыз, көбірек көңіл бөліңіз, сенетіндігіңізді білдіріңіз.

         Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өзлерін төмен көрсетеді. Содан байқап, мұғалімдер жұмыс жасаулары керек.

         Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.

1. Оқушының өзін-өзі бағалауын арнайы жағдаят арқылы анықтау

 Мысалы, мұғалім бақылау жұмысы кезінде баланың дәптеріне қарап әдейі қате бар екенін айтты делік (ол жұмыста қате болмаса да).

         Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса, мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды, сөз таластыруы да мүмкін, т.б. Ал өзін дұрыс бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды. Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады. Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса, мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз бетінше ойлау қабілетінен айырылады.

2. «Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды

         Мақсаты: белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау. Жүргізілу барысы: Мына төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.

Интерпритациясы:

Алғашқы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін жоғары бағалайды.

Ең соңғы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін төмен бағалайды.

Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.

         Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, мұғалім мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта елінің мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

            Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі кәсіби жағынан қажетті және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және мекемелерде өткізулеріне болады.

          Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады, кіші зертханалық топтарда өткізіледі.

Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті

арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар

Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.

1.  «Ватмандағы саяхат»

         Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»

2. «Титаник»

         «Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай

Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»

3. «Дұрыс бағыттағы қадам»

         Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).

4. «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.

         Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

         Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.

         Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   «Занятия и тренинги со старшеклассниками»О.А.Вершинина. Изд «Учитель»

2.  Журнал «Школьный психолог» 2003 жыл №41.

 


 

 “Суицидтік мінез құлықтың алдын алу”

Мақсаты: 
Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің   психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу.

Міндеті:

1.Ата-ананы психологиялық сауаттандыру,ескерту.

2.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.

3.Сиуцидттік мінез құлықтың алдын алу.

 

Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен салыстырғанда үш-төрт есеге өсті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.

Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41% жұмбақ жағдайда, 18 % жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18% отбасындағы жағдайлардан, 6 % махаббат “ауруының” салдарынан болған.Өзіне-өзі қол жұмсау керектігін айтып кеңес беретін қауіпті сайт жұмыс жасайды. Ол             alt. suicide. holiday. деп аталады. Өзіне-өзі қол жұмсайтындардың клубына мүшелер өздерін “эшер” деп атайды екен.

 

Сиуцидттік мінез құлықтың психологиялық ерекшеліктері.

1. Өзінің сырт келбетіне салақ қарау

2. Өзін үнемі жалғыз сезіну,пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну.

3. Бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау.

4. Өлу туралы ойға салыну.

5. Болашаққа жоспардың жоқтығы

6. Ұсақ түйектерге ашулану.

7. Сыртқы бейнесімен түрінің мұңлы болуы.

8. Бір қалыпты дыбыс

9. Асықпай сөйлеу.

10. Сөздің қысқа болуы

11. Жауаптың жоқтығы

12. Жылдам экспрессивті сөйлеу.

13. Жоқтау

14. Сыңсуға құмарлық

15. Жалпы қозғалыстың саябырсуы

16. Ештеңе істемеу

17. Тым асыра қозғалу.

 

 

Эмоциялық өзгерістері

§ 1. Көңілсіз жүру

§ 2. Қабақ шытуы

§ 3. Ашулылық

§ 4. Бұрқылдау

§ 5. Айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас

§ 6. Айналаға жек көрушілік сезіммен қарау

§ 7. Өз-өзіне деген мейірімсіздік

§ 8. Қатыгездік сезімі

§ 9. Мәнсіз қорқыныш

§ 10. Мәнді қорқыныш

§ 11. Көңіл-күйдегі қайғының үнемі болуы.

§ 12. Қайғыға душар болу

§ 13. Айнала қуанған сайын көңілсіздікке ұшырау.

§ 14. Психикалық аурулар, депрессия

§ 15. Үрейлі қорқыныштың мінездемесі, невроз, ішкі үрей және қорқыныш

§ 16. Шизофрения

 

1. Өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру

2. Өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру.

3. Қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист қөзқарас

4. Болашақта перспективтіктің болмауы

5. Айналадағы ортамен қарым-қатынасқа түспеу.

6. Сыңсуға құмарлық

7. Қырсығу.

8. Өзінің қайғысына эгоцентрлік бағыттау

9. Көзжасының вегетативті бұзылуы

10. Көз қарашығының үлкеюі

11.Ауыз құрғақшылығы

12. Дем жетпеу.

13. Бас ауруы

14. Ұйқысыздық

15. Іштің түйілуі

16. Дене салмағының төмендеуі, көтерілуі.

17. Тәбеттің болмауы

18. Тамақтың дәмсіз сезінуі

19. Етек кірдің келуінің бұзылуы

Суицид түрлері

1. Дәрімен улану

2. Тұрмыстық химиялық заттармен улану

3. Асылулар мен тамыр кесулер.

4. Көлік апатына ұшырау.

 

 

Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіндегі бітірушілердің психологиялық- педагогикалық іс- шара бағдарламасы.

Мектеп бітірушілердің емтиханға дайындық кезеңге оқушылардың мінез - құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін - өзі реттеуін, өзін - өзі бақылау дағдысын оқытуын, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

           Топтық пікір - талас.

           Сенімді мінез - құлық дағдысын арттыру.

            Стресске қарсы тұруын арттыру.

             Эмоциялық ерік сферасын дамыту.

Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айнадағыларға сенім      білдіру.

      Ішкі резервтерді өзін - өзі бақылау дағдыларын дамыту.

      Іс - әрекеті талданғанда өз жауапкершілігіне көмектесу.

      Конструиктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

      Тақырыптық жоспар.

      Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?

      Емтихандағы мінез - құлық?

      Жүйкелік - психологиялық күштенуден, қатаюдан арылу.

      Эмоция және мінез - құлық.

      Топтағы жұмыс тәртібі

Мақсаты: бірыңғай жұмыс кеңістігін қалыптастыру және  тренинг барысында топтағы мінез-құлыққағидасын өңдеу.

Нұсқау:Көз алдыңа елестет,жаныңмен сезін,осыған байланысты                     дыбыстарды жаңғырт.Сен хансың немесе ханшасың,ал біздің аудитория сенің хандығың.Сен мұнда өзің дұрыс деп санаған кез-келген қағиданы белгілеп қоя аласың,және оны біз барлық тренинг сабақтарында ұстанатын боламыз,қағида топтағы әрбір қатысушыға жағдай жасағаны дұрыс. Сен хандығыңда қандай қағида енгізесің? Ойлап тап және сол қағидаларды қағаз бетіне түсір. Ал,енді жалпы топтық бірыңғай қағиданы өңдейміз.Сіздер маған айтасыздар,ал мен ватман қағазға жазамын.

Хандықтағы қағида:

Кешікпеу

Кедергі келтірмеу

Бағаламау

Үндемеу мүмкіндігі

Қазір және осында

Қарым-қатынастың басым болуы

Құпиялылық

Белсенділік

Басынан бастап соңына дейін жұмыс

Қолды көтеру қағидасы

Тоқта қағидасы

Пирог қағидасы (көп сөйлемеу)

Осы хандықтың қағидаларын қабылдадық деген белгі ретінде қолды шапалақтайық.

                           Мини-лекция.  Емтиханға қалай дайындалу керек.

Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру.

Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек.

Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн. Емтиханға алдын-ала,біртіндеп,тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса жеңілін есте сақтап,сосын қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан,шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.

 

                                    Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі.Егер көзің шаршаса,онда ағзаң шаршайды.Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жаса. Кез-келген жаттығуды орындау керек.

- кезегімен жоғары - төмен жиырма бес секунд,оңға солға он бес секунд қара;

- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

- ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағзға жиырма секунд көзіңді тік;

- сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат,үшдұрышты сал.

 

                                              Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөл:

- емтиханға дайындық күніне сегіз сағат;

- спортпен айналысуға,таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға сегіз сағат;

- сегіз сағаттан кем ұйықтама және қажет болса түсте демалып ал.

 

                                              Тамақтану

Тамақтану үш-төрт реттен және витаминге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек.Тағы да бір кеңес:емтихан алдында көп тамақтанбау  керек.

 

                                    Сабаққа арналған орын.

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр.Үстел үстіне сары және күлгін реңктен суреттер мен заттар қой,өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

 

                       Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала.Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз,сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер.Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз.Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен.Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

 

                            Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі.Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса,онда түсіну де жоғары.

Бөліп оқыған,бірден оқығаннан жақсы.Бірден оқымай үзілістермен,аз-аздап оқыған жөн.

Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі,есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең,көбінен бастағаның жөн.

Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

Жұмыс қабілетін қолдану шарты

Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру

Гимнастикалық жаттығуларды,яғни денені айналдыру,баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс,өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.

Көзді сақтау  үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу)Теледидардан хабарларды аз көру.

 

                                Кинезиологиялық жаттығулар

Мақсаты: танымдық қабілеттерді ынталандыру.                

Нұсқау: Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алдымен артын,сосын алдын басу қажет.Сосын келесі қолды жасаған дұрыс.

Мақсаты: қимыл координациясын дамыту.              

Нұсқау: Қолды алға қойып,алақаныңызды ашып ұстаңыз.Кішкентай бөбек саусағыңызды бүгіп,қалғанын тік қойыңыз.

Қолды оңнан солға,ал аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз.Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз.

Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз. Бұйрық бергенде шапалақтап қолды ауыстырыңыз.

Бір уақытта бір қолыңызбен ант бересіз,екінші қолымен бас бармақты көтеріп қолды: "Міне",- деген сөзді айтып созамыз.

 

                                  Бірнеше пайдалы кеңестер:

Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, ойшылмын деп ойлаңдар, бәрі сендердің қолдарыңнан келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын»-деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.

Тест тапсырмаларын алғаннан кейін, тапсырмаларды оқып, сұрақтарымен танысып алғаннан соң өзіңе жеңіл деген тапсырманы орындаудан баста.

Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін, барлық фактілерді, мысалдарды есіңе түсір. Егер осынын бәрі дұрыс болса, өзіңізді жеңіл сезінесіз. Басыңыз дұрыс жұмыс істеп, жүйкеңіз тынышталады, барлық күш-жігеріңізді тест жұмысын орындауға жұмсайсыз, бағыттайсыз.

Тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес,

сондықтан өткен тест тапсырмаларын ұмыт, жаңа тапсырмаларды орындауға кіріс.

Шығарып тастау әдісін қолдан!

Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста.

Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаңыз, таңдау қиынға соғады.

Өзіңнің сезіміңе сен!

Шимай қағазға жазғаннан соң, жан-жағыңыздағы жолдастарыңыз тестерін жазып жанына қойды. Сіз олай етпеңіз. Уақытыңызды үнемдеп, таза бетке жазуды бастаңыз. Сіз жазып болғанға дейін көптеген ойлар басыңызға келеді, осындай жағдайда қателеріңізді түзеуге мүмкіндік болады.


 

Тыныштықта отыру

     Балаларға (үлкендерге де) күн сайын бірнеше минут "тын-ыштыққа бой алдыра" білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез келген жерде және кез келген уақытта жасап көруге болады.

Мұны тіпті жай ғана "үнсіз отыру" деп те атауға болады. Дәл қазіргі жағдайда "тыныштық" немесе " үнсіздік" "ой тыныштығы", "жағымды ой тізбегін жасау" деп түсініледі.

Арнаулы зерттеулер мұндай жаттығулардың байсалдылыққа, өзіне-өзі бақылау жасауға, балалардың есін жақсартуға, ойын жинақтауға, сезімін дамытуға әкелетінін көрсетті. Осындай сабақтардан соң балалар өздерін жақсы ұстап қана қоймай, білімді де оңай меңгеретінін байқатты.

Оқушыларды тыныштықта отыруға қалай даярлау керек? Олардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескерту керек. Арқаны тік ұстап, еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Жан-жаққа алаңдамау үшін көзді жұму қажет.

Келешекте тыныштықта отыра білу әркімнің дағдылы ісіне айналуы керек.

Балаларды тыныштықта отыруға үйрету үшін мұғалімнің өзі осыны меңгергені жөн.

"Тыныштықта отырудың" жүйелі тәжірибесі мен жақсы ой ойлауға икемделу ақылдың жан сезіміне қызмет етуіне жол ашады. Соның нәтижесінде біздің ішімізде жатқан кез-келген ақпаратты алу мүмкіндігі туады.

Жағымды ойларға бейімдеу

      Ойды ізгілік күйге бейімдеу өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.

Бұл әрекетте өте құнды екі фактор бар. Біріншіден, ақыл-кеңес және көмек сұрап отыратын жоғары Ақылға сенушілік. Сенім - құдіретті күш. Дәрігердің, емшінің емдік іс-әрекетіне толық сенсең, аурудан тез айығасың; ертеңгі мақсатыңды орындай алатыныңа сенсең, қандай қиындық болса да, әрекеттеніп, мақсатыңа жетесің; әлеуметтік келешегіңе сенсең, сол бақытқа өзің де барлық адамдармен бірге ұмтыласың.

Екіншіден, жағымды ой. Жағымды ойлардың маңызы зор. Ол өзіне деген сенімді дамытады, қорқынышты болдырмайды, адамның бойына салмақтылық пен қайырымдылық әкеледі. "Тек қана жақсылықты ойлап, адам баласына жақсылық жасау", "Адам баласына ізет көрсету, инабатты болу", "Әділ де, адал болу" сияқты имандылық қасиеттерді бақыт деп санаған адам ғана айналасыңдағыларға ізгілік нұрын шашады.

Балаларды жас кезінен бастап көтеріңкі ойлардың мәнін түсіне білуге үйрету керек. Мұндай білім олардың бүкіл өмірінде баға жетпес қолдау көрсетіп, жеке жұбаныш әкелетін болады. Біздің ойларымыз қандай болса, өміріміздің де сондай болатынын түсіне білу керек. Біз өзіміздің қалауымыздың бәріне егер біздің тілегіміз ізгі және шынайы болса ғана қол жеткіземіз. "Іздеңдер, табасыңдар. Сұраңдар, бәрі де сендерге ашылады", - дейді Адамдық ұлы. Сол себепті біздің өзімізге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тілеуімізді жоғары Ақылдың есігін қағу деп атауға әбден болады.

Бала үшін ізгі тілектің үлгісі мынадай: "Мен өзіме және өзімнің туыстарыма -  анама, әкеме, әжеме, ағама және кішкентай қарындастарыма денсаулық тілеймін! Менің отбасында тыныштық және сүйіспеншілік болсын! Өзімнің көршілеріме, таныстарыма, достарыма бақыт тілеймін! Біздің елімізде, бүкіл Жер  шарында бейбітшілік болсын!"

Сабақтарға келсек, бұл жерде ең қолайлысы қарапайым тілектер лайықты болып табылады. Мысалы: "Өмір, мені жалғандықпан Шындыққа, қараңғыдан Жарыққа жетеле!"

Дұрыс көңіл-күйге келтіретін басқа да сездерді пайдалануға болады.

Көптеген белгілі тұлғалардың өміріне, өздерінің айтуы бойынша, балалық шақта естіген әңгімелер мен оқиғалар оларға үлкен ықпал еткен.

Балалардың бәрі, тіпті мектепке барғысы келмейтіндердің өздері де, оларға ертегілер айтып берген кезде мінез-құлқы өзгеріп, бар ынтасын салған көрермендер мен тыңдармандар болып, тыныштала қалады.

Не себепті бұлай болады?

Бәлкім ол бала қиялының күштілігінен және ертегілер сюжеттерінен оның жанында күңгірт сақталып қалған кейбір жағдайларымен байланыс таба білуінен болар.

Қай кезде болмасын үлкендердің бірі, мәселен, әже, өзінің маңына немерелерін жинап алып, оларға ертегілер айтып берген кезде, отбасында сүйіспеншілік пен бірліктің ахуалы жасалатын. "Ертегі туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өйткені ол халық шығармасы", - деген болатын тамаша педагог В.А.Сухомлинский. Ертегілерде жанның батылдық, адалдық, Отанға берілгендік сияқты қасиеттері үнемі қатысып отырады және өз бойында осы қасиеттерді сіңірген кейіпкерлер балалар үшін олардың еліктейтін үлгілері болып табылады. Соныменқатарертегібаланыңқиялындамытып, өзіндікпікірінтуғызады. Адамбойындағықасиеттердіңара- жігінажыратып, жағымдыжақтарынөзінеруханиазықетугетырысады. Өкінішкеорай, қазіргікездеүлкендердіңбалаларменосындайжандықарым-қатынасжасауыайтарлықтайдәрежедеқысқарды. Оныңорнынжастардыңсанасынаәсерететінадамгершілікқұндылықтарымардымсызтолыпжатқанхабарларыбартеледидарбасты.

Балаларға арналған телехабарлар балаға дүние туралы білімнің бәрін береді дейтін пікір де жоқ емес. Қалай болғанда да, бұл хабарлар жанды түрдегі танымды алмастыра алмайды.

Әрбір ата-ана (тәрбиеші) жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым-қатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек! Анасы баласының қолынан ұстап тұрып, оған құсты көрсетумен былай дейді: "Бұл - құс. Оныңекіқанатыбар. Олбиіктеқалықтапұшады, шырылдапәнсалады". Осыныңөзіғанабойынақұндымәліметберетіншағынәңгімеболыптабылады. Албүлдіршінніңкөздеріндегітаңданушылыққандайдесеңізші! Олбаланыңтанымдыққабілетініңдамуынаықпалететінісөзсіз. Баладатаныпбілугедегенқұштарлықоянады.

Баланы рухани - жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды төмеңдегіше іріктеп алуға болады:

1. Оларды таңдағанда оның көлеміне назар аудару керек. Бүлдіршінге қозғалмай ұзақ отыру қиынға соғады;

2.  Мазмұны сабақтың тақырыбына сәйкес болғаны жөн;

3. Олар балаға қандай да болмасын құндылықты түсінумен қатар,оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек.

4. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алған жөн. Шамамен мынадай:

6-9 жас

Бұл жаста балалар қиялы әдеттегіден тыс болады. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың және хайуандардың сөйлейтініне сенеді. Бұл жаста бала естіген ертегі-әңгіме желісімен өзі де оларды құрастыруға бейім болады.

Сондықтан мұғалім ертегіні бастап беріп, оны аяқтауды тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. Сол сияқты олардың қиялын дамыта отырып, адамның құндылықтарын игеруге бағытталған ертегілерді құрастыртуға бағыт беруге болады.

Ертегі-әңгімені іріктеуде баланың көңіл-күйіне, ішкі жан сезміне әсер ететіндей, одан алған әсері есінде қалатындай болып, олардың мазмұнына жоғары мән берілуі қажет.

Мысалы, ағылшын тілінде шыққан бір кітапшада Қызыл телпектуралы ертегі жаңа, осы заманғы жағдайға бейімделіп, мазмұны өзгертіліп баяндалған. Онда қасқыр әже мен немерені жеп қоймайды, керісінше, олармен және аңшылармен бірге үстел басында шүйіркелесіп, самса жеп отырады. Мұнда ертегінің қиялымен қатар, балаға түсінікті терең мазмұны да жойылған.

10-14 жас

Бала өскен сайын қиялдың атқаратын ролі кеми түседі. Онда әлем туралы көбірек білуге деген ынта пайда болады. Сондықтан тарихи және күнделікті тұрмыстық әңгімелер оған барынша қызықты бола бастайды. Сонымен бірге оның бойында ертегілерге деген қызығушылық әлі де сақталып қалады.

15 - 17жас және одан үлкен

Бұл жаста тартымды, шынайы әңгімелер қызықты болады. Балалар бәріне дәлел іздейді және естігендеріне өзінің бағасын береді. Мұндайда балаларды пікірталасына шақыру да қиындық келтірмейді.

Әңгімелеуге қажетті материалдар:

     Қиял-ғажайып ертегілер, халық ертегілері, өлеңдер, мысалдар, атақты адамдардың өмірі туралы жазылған балаларға арналған әңгімелер, нақыл сөздер мен балалардың рухани әдебиеті, түрлі картиналар, сюжетті суреттер, бейне кассеталар, т.с.с.

Әңгімені қабылдау:

1. Мұғалім оқиғаларды, әңгімені, ертегіні және нақылды кітаптан оқымай, ауызша әсерлі етіп баяндап берген жөн. Мұндайда мұғалімге оқушылармен тікелей байланыста болып, олардың алған әсеріне бақылау жасауға мүмкіңдік туады.

2. Ертегіні айтушы кейіпкерлердің қимыл-әрекетін, дауыс ырғағын, көңіл күйін, дене қимылы (ымдау, қол сермеу және т.б.) арқылы жеткізе білсе, ол оқушыларға өте қызықты болады.

3. Әңгімені мұғалімнің өзі жақсы меңгерген болса, оның мәнін балалар оңай түсінеді. Өзіңізге әсер қалдырмайтын оқиғаны айтып берудің пайдасы шамалы. Сіздің әңгімеге деген қарым-қатынасыңыз оқушылар тарапынан аңғарылмай қалмайды. Сондықтан өз көңіліңізден шыққан сөз оқушының жүрегіне жол табуы тиіс.

4. Әңгіме тындаушыларының қиялына әсер ететін көрнекі құралдардың көмегімен айтылатын болса, ол өте қызықты болады және олардың есінде көп сақталады.

5. Әңгімені таңдағанда мүмкіндігінше балалардың отбасы жағдайын ескеру қажет. Әлдебір оқиғаныңолардың қасіретіне әсер етпейтіндей болуын есте ұстаған жөн.

Әңгіме бойынша сурет салу

Оқушылардан жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді. Сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.

Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады.

Ол үшін:

  1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
  2. Оқушыларға берілетін тірек-схемалар:
  3. Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
  4. Суретші қандай көңіл-күйде болған?

Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.

"Ертегі туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өйткені ол халық шығармасы", - деген болатын тамаша педагог В.А.Сухомлинский. Ертегілерде жанның батылдық, адалдық, Отанға берілгендік сияқты қасиеттері үнемі қатысып отырады және өз бойында осы қасиеттерді сіңірген кейіпкерлер балалар үшін олардың еліктейтін үлгілері болып табылады. Сонымен қатар ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне рухани азық етуге тырысады. Өкінішке орай, қазіргі кезде үлкендердің балалармен осындай жанды қарым-қатынас жасауы айтарлықтай дәрежеде қысқарды. Оның орнын жастардың санасына әсер ететін адамгершілік құндылықтары мардымсыз толып жатқан хабарлары бар теледидар басты.

Балаларға арналған телехабарлар балаға дүние туралы білімнің бәрін береді дейтін пікір де жоқ емес. Қалай болғанда да, бұл хабарлар жанды түрдегі танымды алмастыра алмайды. Әрбір ата-ана (тәрбиеші) жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым-қатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек!

ӘН ЖӘНЕ МУЗЫКА

     Ән сабақтары жалпы білім беру бағдарламасына қосылғанмен көптеген адамдар оларды ешбір пайда бермейтін қосалқы пән деп санайды. Бірақ ән мен музыка баланың жан-жақты дамуында маңызды роль атқарады. Рухани жан азығы ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден басталады. Ол біз әлі жарық дүниеге келмеген кезде жанымыз алатын білімді оятады.

Бұл бізді жігерлі және дені сау ететін ең күшті құрал екенін адамдар түсінген сайын болашақта білім беруде музыка мен әннің оқу мен жазу сияқты қажетті болатынына шек келтіруге болмайды.

Музыка мен дауыстың әсері адамның дене және жүйке сияқты барлық құрылымына таралады. Дауыс басқа дыбыстарда болмайтын терең және жігер беретіндей күшке ие. Басқа дыбыстардың қатты болып естілуі мүмкін, бірақ олардың ішінде бірде бірі жанды бола алмайды. Дауыс адам жанының сыртқа шыққан көрінісі болып табылады.

Ән балаларға көптеген себептер бойынша қажет.

Біріншіден, тынысты терең және ырғақты етеді, бұл денсаулыққа пайдалы. Екіншіден, өзіңді өзің тәртіпке келтіруге үйретеді. Дауыс еркін және анық шығуы үшін ән ырғағының пайдасы зор.

Ән балаларды топта жұмыс істеуге, басқалармен бірлікте сезініп, хормен (қосылып) айтуға үйретеді.

Әнді бірге орындаудың өзіндік үлкен мәні бар. Олар бір-бірін тыңдай білуге, түсіне білуге үйрене отырып, әнді орындау барысында олардың ішкі сезімдерінде  үйлесімділік қалыптасады.

Тақта алдында дегбірсіз, ұялшақ балалардың да хорда рахаттана ән айтатыны байқалып жүр. Олардың мінез-құлқындағы өзгерістерден адамгершілік қасиеттердің айқын көріністерін байқауға болады. Мысалы, Республикаға танымал, сонымен қатар шетелдерде де өнерлерін көрсетіп жүрген "Ертөстік" балалар хорына қатысатын оқушыларды атауға болады.

Барлық әлемде балалар ән айтуды және музыка тындауды жақсы көреді. Музыка мен өлең сезімді оятьш, шығармашылық қабілетті дамытады. Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Әннің терең мазмұнды мәні оятар, - деп Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуында әннің маңызы зор және сол күйінде қалады.

 

МУЗЫКА ТӘРБИЕ ӘДІСІ

Балаларды әдеттегі сабақта музыкаға қызықтыруға, оны тыңдауға және түсінуге үйретуге болады.

Бұған классикалық музыкалық шығармалар қолайлы келеді. Музыка шығармашылыққа дем береді, сондықтан балалар сурет салумен, жабыстырумен, әдеби шығарма жазумен шұғылданған кезде оны қосып қойған жөн. Музыканың тамаша үлгілері адамның санасын оятуға, оның бойынан күтпеген талант пен қабілетті ашуға себепкер болады.

Балаларға олардың тыныш, денені; бос ұстаумен, көзді жұмып отыруға болатынын түсіндірген жөн. Тыңдап болған соң, балалардан түрлі түсті бейнеде айтып беруін сұрауға болады. Бұл қызық эксперимент болады. Ғылымда дыбыстың түспен белгілі бір дәрежеде байланысы бар екенін дәлелдейді.

1. Тыныш отыруға арналған музыка.

2. Тыныштықта отырып жағымды ойларды шоғырландыруға әуенді пайдалану өте тиімді.

Музыка шығармашылыққа дем береді, сондықтан балалар сурет салумен, жабыстырумен, әдеби шығарма жазумен шұғылданған кезде оны қосып қойған жөн. Музыканың тамаша үлгілері адамның санасын оятуға, оның бойынан күтпеген талант пен қабілетті ашуға себепкер болады.

 

Топтық қызмет

Адам - ұжымдық жанды организм. Ол қоғамда өзі үшін және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қарым-қатынас жасай білуді, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүруді үйренуі керек.

Сондықтан да балаларды жас кезінен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйретудің ерекше маңызы бар. Сабақтарда оқушыларды топтап оқыту осы мақсатқа қызмет етеді. Баланы жас кезінен бастап, бірге ойнауға, бірлесе ойлауға, көпшілік пікірімен санасуға, айналасындағылармен келісе отырып, шешім қабылдауға бағыт беріп отырған жөн. Осындай қызмет ретінде мынаны ұсынуға болады.

Сахнада ойнау

Балалардың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың білімін дамытуда сахналық шығармалардың эмоциялық әсері мол болады. Балалар  сахнасында көбірек пайдаланылатын шығармалар: көркем әңгіме, ертегі, монолог, диалог, тақпақ,жыр, скетч, қысқа пъесалар мен интермедиялар. Әсіресе, пәндік және мерекелік кештер мен ертеңгіліктердің сценарийлері, көркем шығармалардың инсценировкалары мектеп сахнасына өте қажет. Оларды таңдап, талғап, лайықтап іріктеген соң, тиісті көрсетудің қойылымын әсерлі дайындау оқытушы мен окушының шеберлігіне байланысты.

Күнделікті өмір жағдайындағы қиындықтардың бірі қандай да болмасын бір күтпеген жайларда адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдаймен ұшырасып қалған адамның оны дұрыс бағалай білмеуі және дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі.

Осындай жағдайларды сахнада ойнап көрсету балалардың бойында жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып үйренеді.

Сахнада ойнап көрсетуде оқушылардың әрқайсысы оларға белсене қатысуы үшін сыныпты 4-6 адамнан шағын топтарға бөлген жөн. Топтар сол бір ойынды алма кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермендер болады. Содан соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады.

         Алғашқы кезде балаларды белгілі әңгіме, ертегі немесе мысалды сахналауға үйрету оңай болады. Кейіннен, олар мұны меңгеріп болған соң, олардың өздері ойлап тапқанын ойнап көруді ұсынуға болады.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған.

Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді.

Осындай қызмет ретінде мыналарды ұсынуға болады:

-  Сахнада ойнау.

- Тестілеу

- Бірлескен жұмыс түрлері.

- Шығармашылық.

Сахнада ойнау

Балалардың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың білімін дамытуда сахналық шығармалардың эмоциялық әсері мол болады. Балалар  сахнасында көбірек пайдаланылатын шығармалар: көркем әңгіме, ертегі, монолог, диалог, тақпақ,жыр, скетч, қысқа пъесалар мен интермедиялар. Әсіресе, пәндік және мерекелік кештер мен ертеңгіліктердің сценарийлері, көркем шығармалардың инсценировкалары мектеп сахнасына өте қажет. Оларды таңдап, талғап, лайықтап іріктеген соң, тиісті көрсетудің қойылымын әсерлі дайындау оқытушы мен окушының  шеберлігіне байланысты.

Күнделікті өмір жағдайындағы қиындықтардың бірі қандай да болмасын бір күтпеген жайларда адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдаймен ұшырасып қалған адамның оны дұрыс бағалай білмеуі және дұрыс шешім жасай алмауы  жиі кездеседі.

Осындай жағдайларды сахнада ойнап көрсету балалардың бойында жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып үйренеді.

Сахнада ойнап көрсетуде оқушылардың әрқайсысы оларға белсене қатысуы үшін сыныпты 4-6 адамнан шағын топтарға бөлген жөн. Топтар сол бір ойынды алма кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермендер болады. Содан соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады.


Психологиялық тренинг: «Мен ғажайыппын»

Психолог: Мурсалимова Адина Тулегеновна

Тренингтің мақсаты: Оқушылардың сана сезімін жоғарлату,өзіндік бағалауын көтеру, әр оқушыға сенімділігін арттыру.

Тренингтің жүргізілу формасы: топтық,индивидуалды

Көрнекіліктер: Плакаттар,фломастрелер, бейне көрсетілімдер,карточкалар,доп,интерактивті тақта.

Қатысушылар: 3 «А»сыныбы

Жоспар:

  1. Сәлемдесу.
  2. «Тілек тілеу», «Көңіл күй»
  3. «Алтын балық» жаттығуы
  4. «Ойлан, шеш» бейне ролик
  5. «Сезіну»жаттығуы
  6. Дене жаттығулары
  7.  «Рубейнштейн» тесті
  8. Көзге арналған жаттығу «Жұлдыз санаушы»

                                                    9. Түстертерапиясы

  1. Қорытынды.

Тренингтің барысы:

-Амандасу

-Балалар,біз бүгін «Мен ғажайыппын» атты тренингті өткіземіз.Сендердің ойларыңызша «ғажайып» сөзі нені білдіреді?

- Қазір ендеше, біздің тренингіміздің алғашқы сатысы «Тілек білдіру» жаттығуымен басталады. Ол үшін әр оқушы қасында отырған оқушыға қарама –қарсы отырып,тілек айтады.

-Ал,ендеше өз көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.Алдарыңда тұрған смайликтерді көрсету арқылы біз өз көңіл күйімізді анықтаймыз.

- Келесі «Алтын балық» жаттығуы.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін өзіне деген сенімділігін арттыру.

Алдарыңызда тұрған алтын балықтарды аулап, сол балықтардың артында жазылған сөздерді табу керек. Ол үшін аулаған адам берілген сөзді тек  мимимка, жест арқылы көсете алады.

  • Ал енді балалар өз қиялымызды арттыру мақсатымызда ситуациядан шығу тәсілін үйренейік. Ол үшін қазір бейнеролик қойылып,сол бейне роликтан ситуациядан шығу тәсілін ойластырасыңдар.Әр команда өз ойларын қорғайды.
  • «Сезіну» жаттығуы 

Мақсаты:  Оқушылардың сезім мүшелерін арттыру мақсатында ұйымшылдыққа,бірін-бірі түсінісуге жасалатын ойын.

Оқушылар бірінің артында бірі тұрып, сөйлемей тек қана алдында тұрған оқушының артына саусақтарымен жүргізіп сурет салады.Солай алдында тұрған оқушы қағазға сол ұққан суретті түсіреді. Содан кейін ақырғы және алдындағы тұрған баланың айтылған суреттері салыстырады.

  • Ал енді біраз денемізді жаттықтыру мақсатында дене жаттығуыларын жасаймыз.Слайд көрсетіледі.Музыка қойылады.
  • Балалар,сендер өздеріңді қалай  бағалайсыңдар? Сол үшін Рубейнштейн тестін орындаймыз. Ол біздің өзімізді қалай бағалайтынмзды көрсетеді.
  • Келесі өз денсаулығымызды нығайту мақсатында «Жұлдыз санаушы» жаттығуын орындаймыз. Бұл біздің көздеріміз шаршаған кезде орындалатын жаттығулар.
  •  Түстертерапиясы адамның оқуға қабілеттілігін жоғарлататын бірде-бір тәсілі. Сондықтан психологтар бұл тәсілді қолдануды жөн көрді. Әр түстің өзінің қасиеті бар. Солармен таныс болайық. Денемізді бос ұстайық.
  • Балалар,сендер бұл терапиядан кейін қандай жағымды қасиеттер алдыңыздар?
  • Мұндай тренингтер керек деп ойлайсыңдар ма? Неліктен? Қай жаттығуда сендер көп қиналдыңдар? Не себепті?
  • Өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.Алдағы сабақтарға ынталы қатысуларыңды тілеймін.Сау болыңыздар!