Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің оқушылар
Арман Айдынгүл
Арман Айдынгүл
Арман Айдынгүл  - № 40 ЖОМ-ның 8 «а» сынып оқушысы. Айдынгүл – шығармашыл тұлға, ақындық өнер иесі. 2017-2018 оқу жылында  қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығына арналған дәстүрлі Абай оқулары байқауының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясының жүлдегері (3-орын).Мұқалмасын қаламың, таусылмасын жазарың, Айдынгүл!
Арман Жансая
Арман Жансая
     Мектеп мақтанышы, оқу озаты, түрлі деңгейдегі шығармашылық сайыс жеңімпазы -  Арман Жансая. 2017-2018 оқу жылында оқушы «Мұқағали  Мақатаев  оқулары» қалалық байқауында 1-орынға ие болып, бұл сайыстың облыстық кезеңінде 2-орынды қанжығасына байлады. Инновациялық Еуразия университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  өткізілген  «Ең үздік эссе» облыстық  интеллектуалдық сайысының Бас жүлде иегері. Тасың өрге домаласын, жас өрен!
Арман Құралай
Арман Құралай
      Арман Құралай  - № 40 ЖОМ-ның 10 «а» сынып оқушысы. 2017-2018 оқу жылында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпаданың қалалық кезеңінің жүлдегері. Алар асуың биік болсын, Құралай!
Мукашева Гүлзат
Мукашева Гүлзат
      Мукашева Гүлзат - № 40 ЖОМ-ның 6 «а» сынып оқушысы. Гүлзат – көркем оқу шебері, ақындықтан да кенде емес шығармашыл тұлға. 2017-2018 оқу жылында оқушы  «Алтын микрофон-2017» облыстық жүргізушілер конкурсы лауреатының  Екінші дәрежелі  дипломына ие болып,  қазақ халқының «Дауылпаз ақын – ел мақтаны»  Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған қалалық Махамбет оқуларының «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша абыройлы 3-орынды қанжығасына байлады.
Талмасын қанатың, мұқалмасын қаламың, Гүлзат!
Тайшоланова Батима
Тайшоланова Батима
     Тайшоланова Батима -  № 40 ЖОМ-ның   8 «а» сынып оқушысы. 2017-2018 оқу жылында қалалық пән олимпиадасында  қазақ тілі пәнінен   3-орынға ие болды. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын, Батима!