ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
53 қалалық пәндер олимпиадасының қорытындысы
53 қалалық пәндер олимпиадасының қорытындысы

Оқушылардың қалалық  53 –ші

пән олимпиадасының қорытындысы туралы

 

        

Павлодар қ. білім беру бөлімінің 2014  жылғы 3 желтоқсандағы  «2012 – 2013 оқу жылдарында оқушылардың пән олипиадаларын өткізу туралы»  № 1715  бұйрығына сәйкес жоғары сыныптардың қалалық пән олипиадасы 2014 жылғы  11-12  желтоқсанда № 22 орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді.

 Қалалық олимпиаданың алдында мектептік пән олимпиадалары болып өтті, оған 12399 оқушы қатынасты, оның  4804 –і қазақ тілінде білім алушылар,                         543-і ауыл мектептерінен, 74 –і  жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарынан болды.

Қалалық олимпиадаға 15 пән бойынша 6-11 сыныптардың 678 оқушысы қатынасты, оның 235 – і  мемлекеттік тілде оқытылатындар, 37-сі жеке пәндерді тереңдетіп оқу сыныптарынан, 34 - і ауыл мектептерінен келді. 

Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы олимпиадаға тапсырмалар ұсынды.

Апелляциялық комиссия өз жұмысын аяқтаған соң, 2014 жылғы 12 желтоқсанда қалалық олимпиаданың нақты қорытындылары шығарылды.

         Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар:

№ 9 гимназия-мектебі  - 21 жүлделі орын

№ 39 ЖОМ - 17 жүлделі орын  және  2 грамота

№ 22  ЖОМ - 16 жүлделі орын  және 1 грамота

№ 25 ЖОМ  - 14  жүлделі орын және 3 грамота

№ 19 ЖОМ - 14 жүлделі орын және 1 грамота

«Стикс» мектебі- 13 жүлделі орын және 1 грамота

№ 16 лицей-мектебі  - 11  жүлделі орын және 3 грамота

№ 17  - 10  жүлделі орын және 3 грамота

  нәтижелі қатысқан мектеп командалары:  № 20 лицей-мектебі, №  21, 29, 35 - 8  жүлделі орын.

Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша 9-10 қаңтарда 2015 жылы өткізілетін облыстық турға 20 жалпы білім беру мектептердің 47 қатысушылары ұсынылды: № 11, 14, 19, 21, 24, 25, 29, 30, 33, 35, 36, 41, 43, КСОШ Кенжекөл мектептерінен (1 оқушы), № 16, 20  лицей-мектебі, № 17  ЖОМ - (2 оқушы), № 9 гимназия-мектебі   - (5 оқушы), № 39 ЖОМ - (7 оқушы),    № 22 ЖОМ ( 7 оқушы),  «Стикс» мектебі - (8 оқушы).