ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2011 жылы жалпы орта білім беру қала мектептері командаларының 49-шы облыстық пәндер олимпиадасына қатысуы туралы АҚПАРАТ

2011 жылы жалпы орта білім беру қала мектептері командаларының 49-шы облыстық пәндер олимпиадасына қатысуы туралы

АҚПАРАТ

Пәндер олимпиадасы талантты жастарды анықтап, қолдау көрсетеді, сонымен қатар «Зияттық ұлт - 2020» ұлттық жобасын іс жүзіне асыруға және білімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруға септігін тигізеді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің базасында 2011 жылы 15-16 наурыз күндері жоғары сыныптардың 638 оқушысының қатысуымен облыстық пәндер олимпиадасы өткізілді.

Зияттық форумда Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің олимпиадалық командасын № 5, 7, 9, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 25, 29, 34, 35, 36, 39, 41, 42, 43, Стикс мектептердің 50 оқушысы  (2010 ж.-31) құрды.

Команданың құрамын көптеп құраған № 39, 9, Стикс мектептерінен ( 6 –дан 9 қатысушы), № 17, 36 ЖОМ (4 қатысушыдан), № 34 ЖОМ (3 қатысушыдан), №  7, 16, 19, 29 ЖОМ ( 2 қатысушыдан), № 5, 14, 20, 21, 25, 35, 41, 42, 43 ЖОМ (1 қатысушыдан).

Олимпиданың облыстық турының қорытындысы бойынша қалалық команда 27 жүлделі орынға ие болды (2010 ж. -31).

Олардың ішінде І орын иегерлері № 9, 29, 39, Стикс мектептерінен бес  жеңімпаз бар. Жеті ІІ орын жүлдегерлері, он екі ІІІ орын иегерлері.

№ 29 ЖОМ, 11 сынып оқушысы Темірғалиева Айсұлу география пәні бойынша  нәтижесінде Сүлеймен Д. атындағы университеттің оқу грантын алды.

Жеткілікті жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:  Стикс мектебі (7 қатысушының 5-еуі жүлделі орын алды, оның ішінде 2 жеңімпаз, 3 жүлдегер), № 36 ЖОМ ( 4 қатысушының 2-еуі жүлдегер, біреуі аталымға ие болды), № 5, 14, 20, 25, 42, 43 мектептерінен бір қатысушыдан және олардың барлығы  да жүлдегерлер. № 9, 39 ЖОМ –дар 3 жүлделі орыннан, № 17 ЖОМ – 2 жүлделі орын, №16, 34 мектептерде 1 жүлделі орындар.   

Облыстық олимпиадада жоғары нәтижемен  қалалық олимпиада көрсеткішін дәлелдеген  пәндер: неміс тілі ( 5 қатысушының 5-еуі де жүлдегер, мұғалімдері Петрова В.М.- № 39 ЖОМ, Демеуова Қ.Қ. –№ 36 ЖОМ, Шмидт Л.А.- Стикс, Федотова Е.А.- № 43 ЖОМ), француз тілі ( 4 қатысушының 3-еуі жүлдегер, мұғалімдеріПетрова В.М.- № 39 ЖОМ, Сигакова Т.Г.- Стикс), химия (2 қатысушы 2-еуі де жүлдегер, мұғалімдері Бабич И.М. –№ 16 МЛ, Айдина И.Г.–№ 5 ЖОМ), құқықтық негіздері (2 қатысушы 2-еуі де жүлдегер, мұғалімдері Төлебаева Б.Т.- № 9 МГ, Орумбаева А.Б.- № 39 ЖОМ), биология (2 қатысушы 2-еуі де жүлдегер, мұғалімдері Бедринец В.В.- № 34 ЖОМ, Касымханова Ә.Ғ.- № 14 ЖОМ),  орыс тілі ( 5 қатысушының 3 –еуі жүлдегер, біреуі аталым иегері, мұғалімдері Петрица Н.Г.- № 36 ЖОМ, Кашкимбаева К.Қ. –№ 17 ЖОМ, Таран Т.В. –№ 9 МГ, Ысмайылова Б.С. –№ 20 ЛМ), ағылшын тілі ( 6 қатысушының 3-еуі жүлдегер), оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілінен және физика пәндерінен ( 2 қатысушының 1-еуі жүлдегер), бұл көрсеткіштер қалалық олимпиада әділқазы мүшелерінің  сапалы жұмыс істегенін көрсетеді.

         Осы 2011 жылғы 49 облыстық олимпиадада  2010 жылдың  облыстық олимпиадасының жүлдегерлері мен жеңімпаздары да үздік нәтижеге қол жеткізді. Темірғалиева Айсұлу (№ 29 ЖОМ), Зюзин Константин  (№ 16 ЛМ),Ряжко Надежда (№ 9 МГ) – 2010 жылғы облыстық жүлдегерлер.

Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің олимпиадалық командасы (2005 жылдан бастап) «Үздік олимпиадалық команда» атағын растап келеді, (жалпы орта білім беру мектептерінің командалары арасында ІІ орын, барлық қатысушы-командалар арасында VI орын).

Өздерінің тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтан тұтуға құқылы және 49 облыстық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған қала мектептерінің ерекше мұғалімдері: Петрова Валентина Михайловна- № 39, Петрица Надежда Геннадьевна- № 36, Қашқымбаева Кәмила Қайырбекқызы –№ 17, Таран Тамара Васильевна –№ 9, Ысмайылова Бәтима Сайфуллақызы, Бабич Ирина Михайловна-№ 16, Сигакова Татьяна Григорьевна -Стикс, Жұмабаева Әсия Камалиденқызы -№ 29, Демеуова Қорлан Қабдулқызы -№ 36, Шмидт Лидия Андреевна -Стикс, Федотова Елена Александровна - № 43,  Төлебаева Баян Төлебекқызы - № 9, Орымбаева Айгүл Балтабайқызы - № 39, Бедринец Виктория Викторовна - № 34, Қасымханова Әсел Ғизатуллақызы - № 14 мектептерінен.

 

  

 

 

 

 

ҚББ бас маманы, Л. Жүсіпова, 650427