Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша.

Павлодар облысы әкімдігінің

                                                                                      2015 жылғы « 28  » мамыр         

                                                                                         №  153/5   қаулысымен

                                                                                          бекітілді

«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгiбілім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнының базасында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ― Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015  жылғы  14 сәуірдегі №  200  бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы мен өту кезеңі:

көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүргізеді, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді ― 15 минуттан аспайды.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін оқу орнына құжаттарды қабылдау туралы қолхат.

          

1.     Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің  құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында беріледі.

 

 

4. Мемлекеттік  корпорациясымен өзара іс – қимыл және басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндеақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы көрсетілмейді.

 




«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгiбілім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгiбілім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы