Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мектепке дейінгі балаларға арналған май табанның алдын алу жаттығулары
Мектепке дейінгі балаларға арналған май табанның алдын алу жаттығулары

Мектепке дейінгі балаларға арналған май табанның алдын алу жаттығулары

Табанның дамуы жылдам өтеді. Табанның дұрыс сәйкестігі баланың жынысы мен жас ерекшелігіне байланысты болады. Баланың сәл ауырлықтың әсерінен және жүріс пен тұрыстан кейін айтқан аяғының ауырды деген шағымына үлкендер назар аударып, сақтанғаны жөн.

Май табанның болмауы үшін берілген жаттығуларды, отырып та, тұрып та орындауға болады.

1.Табанды сылау

Орындықта отырып, аяқты созамыз, оң аяқтың табанын сол аяқтың үштен бір бөлігіне қойып, белсенді уқалаймыз. Кезекпен аяқты ауыстырып, уқалаймыз.

2. «Балерина»

Орындықта отырып, аяқтың саусақтарымен еденге тірелу. Кіші адым жасап, балерина сияқты блу. Тізені ішке бүкпеу.

3. Аяқтың ұшы мен өкшені кезекпен көтеру.

4. Аяқтың ұшы мен өкшені жаю.

5. Жағажайда

Балалар жағажайда аяқтарының саусақтарымен құмды ұстағандай көрсетеді.

6. Дөңгелекті сал

Балалар дөңгелек қозғалысты бір жақтан екінші жаққа аяқтың үлкен саусағымен орындайды

7. А) Құтан

Тұрып. Аяқтың ұшымен жүру, арқа түзу

Б) Тышқандар

Аяқ ұшымен тышқан жүреді. Мысық естімес бізді дейді

8. Піл

Тұрып. Өкшемен жүру. Аяқтың ұшы ішке бұрулы. Денені түзу ұстаған жөн, демді іште ұстамай, дем алу.

9. Мысық

А) Мысық ұрланып кіреді. Аяқ ұшымен жүру

Б) Мысық жүгіреді. Аяқ ұшымен жүгіру

В) Мысық секіріп, көбелекті ұстайды. Жәй секіру, түгел табанмен жерге түсу.

10. Қонжық

Тұрып. Табанның сыртымен жүру, сосын ішкімен. Қолымыз белімізде.

11. Мәз аяқтар

Отырып орындау. Аяқты екінші аяқтың табанына қою, ұшына қою, орындықтың астына алу. Екінші аяқпен де солай жасау, 4 рет қайталау.

12. Серіппелер

Елестетіңдер, біз аяғымызды серіппеге қойдық. Бұл серіппелер еденнен секіріп, аяғымыздың ұшын лақтырғаны сонша, табанымыз еденнен алшақтап, жоғарыға көтеріледі, ал өкше еденде қалады. Тағы да табанымызды еденге итеріп, ұстап тұрамыз.

Қаттырақ! Күштірек! Қалай ауыр! Аяғымыз қысыңқы. Серіппені басуды доғарамыз. Аяғымызды босаңсытамыз. (Педагог қозғалыстарды көрсетеді)

Не деген қызықты серіппе. Аяқ киіміме ілікті? Осы кезде балалар аяқтарының ұштарын көтереді, ал өкшелері еденде қалады.

Аяқ ұшын түсір де,

Серіппені бас,

Қатты, қатты бас.

Ал серіппе – дем ал!

3 рет қайталау.