Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Санауды үйренеміз
Санауды үйренеміз

Санауды үйренеміз

Айлармен танысамыз

Жылда неше ай? Наурыз нешінші ай?

Наурыз туралы жұмбақ пен мақал жатта

Оңтүстіктен жылы жел соғып

Күн жарық сәуле шашып

Қар ериді, езіліп

Бұл қай ай? Кім біледі? (Наурыз – көктемнің алғашқы айы)

Қызыл көктем, аш көктем!

Көктемде еңбек еткен, күзде тояды!

Айдың тақпағын жаттап ал.

Наурыз

Бусантып жалпақ даланы,

Бетіне өрлеп салады.

Көктемге кезек бергендей,

Қыс ұқап кетіп барады.

Бүрленген орман секілді,

Құлпырып көңіл қалады.

Қуантып кәрі, жасыңды,

Жолатпай жақын жасыңды,

Наурыздың бүгін есігі

Айқара елге ашылды,

Қуантып нұры себіліп,

Мерейлі шашу шашылды.

                            С. Қадірбекұлы

Апта күндері мен тәулік бөлшектерін қайталаймыз.

Тақпақты зінмен оқыңыз. Қай апта күндері аталынды.

Біз ұяшық жасадық

Асхананы аштық,

Торғай, суық торғай

Көктемде ас болады

Бірінші апта күнінде

Бізге сарышымшық ұшып келді

Ал сейсенбіде, қарашы,

Суық торғай келеді

Үш қарға сәрсенбіде келеді

Түске күтпеген едік.

Ал бейсенбіде жан-жақтан

Көп торғай ұшып келді.

Сосын біздің асханада

Көгершін ботқа жеді.

Сенбі күні тоқашқа

Жүз сауысқан келді

Ал жексенбіде

Көктем қосшысы келді

Саяхатшы – қараторғай мақтанды

Міне әнде аяқталды

                   З.Александрова

Апта күндері мен рет санын қолданбай бес күнді атаңыз.

(бүрсүгүні, кеше, бүгін, ертең, ертеңгісін)

Өлеңді оқып, апта күдерін белгілейтін сөздерді бөліңіз.

Қарлығаштар жоғалды

Ал кеше ұзақ ұшты

Шамшырақтай жарқырап,

Ана таудың басында

                   А.Фет

Ертеңгі күнді тосумен

Жанталасып балақай

Ерте жатады ұйықтауға

Сандарды, санауды қайталаймыз.

Санамақты жаттап ал

Бір, екі, үш, төрт!

Тышқандар пәтерде тұрыпты!

Шай ішіп, ыдыс сындырып,

Ақшасымен төледі

Кім төлегісі келмейді

Сол ойынды өткізеді.

Сандарды реттеп айтып, көрсетіңіз

28 22 26

25 23 29

24 27 21

Мысалдар мен есептерді шешеміз.

Әртүрлі мысал есепті құрыңыз, шешімі біреу болсын:

…+…=4

…+…=4

…+…=4

…+…=4

Есепті шешіңіз.

Кеше біз саяжайға бардық. Әкем көлікті айдады, ал анам әкемнің жанында отырып, қарындасымды ұстап отырды, ал біз достарымыз (Тимка мен Саша) артында отырдық. Қанша адам саяжайға барды (6)

Сергіту сәті мен ойлау – қозғалымы

Көктем келді. Аспан ашылды.

(үрлеу, қолмен алға және жан-жаққа қозғап, бұлтты итергендей етіп)

Бұлт, бұлт, ұшып – аспанды күнге бер!

Аспан ашылды,

(қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру)

Ал күннен ашық.

Күн жылуын шашып, баршаны жылытты.

(саусақты қозғап, алақанды қосамыз)

Қар еріп, жылжа болып жан-жаққа су болып ағып жатыр.

(иректетіп қолды жан-жаққа итереміз)

Жылғалар ағып, бұлаққа асығуда

(алақанды бір-біріне қойып, зигзаг сияқты сызықпен үстіге қарай итеру)

Балалар далаға шықты

Дала да жылынды

Тонды шешіп, күртеше киді.

(қозғалыс, замок таққандай болып)

Үстіге қараймыз – (бастарын көтереді)

Мұздықтар төбеді

Сылқ, сылқ, сылқ.

(саусақтарымен кезек-кезек үстелді соғады)

Аяқ астына қараңдар, мұнда шамшық-су

(басты түсіреміз)

Алға қараймыз – бұл не жүзіп келе жатқан?

(қолды алға қойып, ақырындап түсіреді)

Бұл аққала еріді, шам секілді

Балалар ойнап, қайықтар жүздірді

Көктемде жақсы – үйге кіргің келмейді

(шаплақ соғамыз)

Сағат неше екен, қайталаймыз.

Жұмбақ шешіңіз:

Біз күндіз ұйықтаймыз, түнде ұйықтамаймыз.

Күндіз де соғамыз, түнде де соғамыз

                                      (сағат)

Тақпақты оқыңыз, өлеңдегі сағатты көрсетіңіз.

Антипка мысық тұрды бізде,

Бірде ол оянатын.

Екіде асханада шұжық жейтін,

Үште қаймақ жейтін

Ал төртте жуынатын,

Бесте алашада ойнайтын

Алтыда балық жейтін,

Жетіде тышқанмен «тығылмақ» ойнайтын,

Сегізде көзін қысатын,

Тоғызда жеп, ертегі тыңдайтын,

Онда жатуға баратын

Ертең бірде тұруы керек

                   А. Барто