Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балаларды мектепке дайындауда ата – аналар қалай көмектесе алады?
Балаларды мектепке дайындауда ата – аналар қалай көмектесе алады?

Балаларды мектепке дайындауда ата – аналар қалай көмектесе алады?

     Мектепке дайындық – көп жоспарланған үрдіс.  Баланы мектепке дайындауды сәбилік мектепке дейін жастан бастау керек және тек қана арнайы сабақтарда ғана емес, сонымен қатар өздіктерінен айналысатын ойында, еңбектенуде, үлкендермен және қатарластарымен қарым – қатынастарында  бастау керектігін атап өту керек.

      Баланың еңбекқорлық,  қажырлылық, істі соңына дейін тиянақтап аяқтауға дағдылануын  дамыту керек.

      Баламен бақылау, әңгіме жүргізе отырып, оған өзін ең алғаш танушы ретінде сезінетіндей жұмыс жүргіздіру керек. Мысалға, бұлттарды бақылау арқылы адамдарға және жануарларға ұқсайтындай пішіндер табу, шалшық тереңдігін өлшеу, табиғат құбылысының өзгеруін бақылау.

       Ойлау,бақылаушылық, сыншылдық қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын оятуда тәжірибелер жүргізіңіз. Өз ойын дауыстап айтсын.

        Мүмкіншілігінше дайын жауаптар бермей, ойлануын, зерттеуін талап етіңіз. Мысалы, ол қыста ағаштар өмір сүрмейді десе, сіз онымен бірге ағаш бұтағын кесіп әкеліп, бөлмеге қойыңыз. Біршама  уақыттан соң  бұтақта жапырақшалар пайда болғанын көреді.

        Кеше  неге қардан кісі жасауға болды, ал бүгін неге болмайды деген проблемалы оқиғалар  алдына қойыңыз.

        Оқылған кітаптар бойынша әңгіме жүргізіп, оның мазмұнын қалай түсінгенін, оқиғалар байланысы себебін түсінді ме, кейіпкерлер әрекетін дұрыс бағалады ма, неге бір кейіпкерді мақтайды, неге біреуін  даттайды  соны түсіндіре , дәлелдей ала ма және т.б.

         Балаларды мектепке дайындауда  арнайы білім мен дағдының болуы ерекше орын алады, олар: сауаттылық, санау, арифметикалық тапсырмаларды шеше алуы. Мектепке дейінгі жаста оқи алуы және математика элементтерін білуі – мектептегі оқу жетісті болуының кепілі. Бала сөздің дыбысын ести, оның дыбыстық құрамын білгені маңызды.Сөзді  бірге немесе буындап оқу керек. Әріптеп оқыған мұғалім жұмысын қиындатады және баланы қайтадан үйретуге тура келеді. Сонымен қатар, бұндай жағдай есепке де қатысты, егерде  сандардың математикалық белгісін білсе, ол пайдалы, ал егер бұл дағды механикалық болса пайдасыз деп саналады.

         Балаларды мектепке дайындаудың маңызды міндеттерінің бірі – жазу үшін «қол ептілігін» дамыту.

      Баланың мектепке дайындығының психологиялық жағы – оның еркін дамуының жеткілікті деңгейде болуы. Оқушыға ерікті есті, ерікті назарды қосу керек болады, өйткені оқуда міндетті, «қызықсыз» сәттер болады.

           Ерікті танымдық қызмет жоғарғы мектеп жасында қалыптасады, ал  мектепке жаңа барған кезде ол жеткілікті, толық дамыған болмайды. Балаға  ұзақ уақыт бойы ерікті  тапжылмай назар аудару,  ұзақ  көлемді материалды жаттау  және т.б. қиындық тудырады.

Мақаланы даярлаған: А.Н.Альдекенова