Балаларға арналған ағылшын тілі
Тілді бала кезден үйрену, үлкен табысқа жеткізетіндігі құпия емес, себебі бала кезде есте сақтау қабілеті және сөздердің дұрыс айтылуын үйреніп алу қабілеті жоғары болады.
Біздің балабакшада ағылшын тілін оқып үйрену сіздің балаңыз үшін оның өз құрбыластары жанында айтарлықтай басымдықты иелену мүмкіндігін береді.
Балаларға арналған ағылшын тілін оқыту бағдарламалары ағылшын тілінде кең көлемді білім беріп қана қоймай, олардың ой өрістерін кеңейтеді, сіздің балаңыздың зияткерлігін дамытады, тілдік кедергілерді толық жоюға көмектеседі және оған қуаныш сыйлай алады. Ағылшын тілін оқыту сабақтарында қосымша оқу құралдары пайдаланылады.
Балаларға арналған барлық сабақтар ойын түрінде, түрлі суреттерді, өлеңдерді, тақпақтарды және мультфильмдерді пайдалана отырып жүргізіледі. Балалар ағылшын тілін ауызша қабылдауға үйренеді және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде балалар тілді оқу мен жазудан бұрын түсінеді және пайдаланады.
