Халық педагогикасы-балабақшада
Үйелмен-бала үшін алтын бесік.Халық педагогикасы бойынша бала тәрбиесі мен оның барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен от басында жүзеге асады.Сондықтан балалардың болашағы үйелмендегі өзара қарым-қатынасқа,ата-аналарының тіршілігі мен еңбек етуіне тікелей байланысты болады.себебі бала өзінің өн бойына үйелмендегі естіп-көрген жақсы мен жаманның бәрін сіңіріп отырады,ата-аналардың жағымды, жағымсыз қылықтарына еліктейді. Халық-педагогикасы деген не?Ол-даналыққа толы мақал-мәтелдер.Ол-түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі балдырғанның балдай тіліне оралған тәтті тақпағы,думаны мол ойын баласының өлеңдері.Халқымыз бала психологиясының қалытасуына ойын әрекеті де елеулі роль атқаратындығын жақсы аңғарған. Ойында бөбектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қаблеті өсіп, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын-балалық шақтың басты ерекшелігі.Мысалы «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама шаршарсың», «Қыз-қуыршақ,ұл-құлыншақ», «Ойнай білмеген ,ойлай да білмейді» деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіндігі,ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатындығы,ойын арқылы баланың сана-сезімі,кәсіп таңдауы,ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі көрсетілген.
Бала тәрбиесіне байланысты үйелмен мен балабақша арасындағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерден арылу үшін 3 міндетті белгілеп сол бағытта жұмыс жүргізу.
1. Бала тамағының түрлілігі мен нәрлілігін, тазалықты басты назарда ұстай отырып дене тәрбиесі сабағының сапасын көтеру, қимыл-қозғалысты ұлттық ойындарды үйретуді басты назарда ұстау, сол арқылы дені саудың-ділі сау, ділі саудың-тілі сау дегендей-қоғамға пайда келтіре алатын, оның дамуына, нығаюына өз үлестерін қоса алатын денсаулығы мықты адам тәрбиелеу.
2. Тіл дамыту сабақтарының сапасын,берілу методикасын жетілдіре отырып,ана сүтімен берілетін ана тілін дұрыс меңгерту.Бала қиялын,ақыл-ойын жетілдіретін қазақ ертегілері мен жұмбақ,жаңылтпаштар үйретуді басты назарда ұстау.Сол арқылы бала бойына ұлтының қадір-қасиетін,әдет-ғұрпын біліп өсудің бастауын қалыптастыру.
3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің сапасын көтеру. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып халыұ педагогикасы негізінде бүлдіршіндерге еңбек, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде үйелмен мен балабақша арасындағы байланысты ынтымақтастыра отырып ізгелендіру.
Бала-бақыт, бала-нұр, бала-тыныс, бала-жыр. Ана сүтімен берілетін ана тілін дамытудағы ата-ананың, тәрбиешінің білім мен біліктілігі өте қажет. Қазіргі экологиялық жағдайымыз қарама-қайшылыққа кездескен кезеңде дені сау, ділі сау, бала тәрбиелеу, басқа тілге деген құрмет, ұлттар достығы рухында тәрбиелеудің мақсаты мен міндеті жан-жақты айтылады.
