Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қысқы серуен
Қысқы серуен

Мектепке дейінгі балалардың таза ауада серуенде уі дене шынықтыруын дамытуға зор ықпал етеді. Серуендеу - бала ағзасының шынығуының ең басты және қолайлы әдісі. Шынығудың бұл түрі ағзаның қоршаған ортадағы қолайсыз әсерлеріне төтеп береді, әсіресе тұмау, суық тиюден сақтайды.Серуендеу барысында балалар көп ойнап, қозғалыста болады. Қозғалыс бала ағзасындағы зат алмасу, қанайналым, газалмасу процестерін жақсартады және асқа деген тәбетін ашады.Балалар түрлі қауіп-қатерге төзімді, икемді,шапшаң, батыл бола түседі. Оларда қозғалыс дағдысы қалыптасады, бұлшықет жүйесі жақсарады,өмірлік тонусы жоғарылайды. Серуендеу ақыл-ой тәрбиесіне ықпал етеді.Аулада серуендеу арқылы бала қоршаған ортаның таңғажайыптарын тани бастайды, оның түрлі әсерлеріне куә болады: үлкендер еңбегі, көлік пен көшеде жүру ережелері жайлы, т.б..Табиғатты бақылау нәтижесінде олар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біліп, түрлі табиғат құбылыстары арасындағы байланысты ажыратады.Бақылау бала бойында қызығушылықты арттырады, туындаған сұрақтарға бала өзі жауап іздеуге тырысады.Осының барлығы бала бойындағы бақылағыш қасиетін дамытып, қоршаған орта жайлы ойы мен қиялын оятады.Серуендеу адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.Тәрбиеші балаларды туған өлкесімен, оның ескерткіштерімен,даланы көгалдандыратын, зәулім үйлер тұрғызатын, жол салатын адамдардың еңбегімен таныстырады. Сонымен қатар еңбектің ұйымшылдығымен маңызы есепке алынады: осының барлығы адамдардың қолайлы, әдемі және көңілді өмір сүруіне ықпал жасайды. Қоршаған ортамен танысу балалардың өз өлкесін сүюге үйретеді. Сәбилер гүл отырғызу алаңында еңбектенеді – гүл егеді, суарады, жерді құнарлатады. Оларда еңбек ету сүйіспеншілігі және табиғатты аялау сезімдері тәрбиеленеді. Табиғаттың сұлулығын байқауға үйренеді. Табиғат сұлулығымен дыбыстарының сабабірлестігін оның қайталануын не өзгеруін яғни оның ритмін білуге ықпал жасайды, осының бәрі ең кішкентай деген балаларда да қызықтарын арттырады. Дұрыс ойластырылған және ұйымдастырылған серуендер балалардың жан жақты дамуын қалыптастырады. Бала бақша тәртібі бойынша күндізгі сабақтан кейін және кешкі астан кейін серуеге шығу қарастырылған. Серуенге шығу уақыты қатаң түрде сақталу керек. Баланың жан жақты дамуы үшін бала бақшада соған арнайы аймағы бар. Ойын алаңынан басқа бала бақшада жауын шашыннан және күн көзінен қорғайтын арнайы шатырлар болуы керек. Ал қысқы уақытта сырғанақ, мұзды жолдар және қарлы мүсіндер жасау керек.