Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Балабақшадағы шынығу
Балабақшадағы шынығу

Балабақшадағы  шынығу – иммунитетті жақсарту мен аурулардың алдын алудың белгілі әдісі.Физикалық бағыттағы мектепке дейінгі кейбір мекемелер шынығу әдісіне аса көңіл аударып, оны  кеңінен қолданады.Дегенмен, кәдімгі балабақша ата-аналары сауықтырудың мұндай әдісін түсіне бермейді.Шынығу белгілі талаптарға сай жүргізілу тиіс. Біріншіден, балабақшадағы суда шынығу жиі жүргізілу керек. Сирек шынығу ағзаның суық тию ауруларымен күресуіне кедергі жасайды.Екіншіден, балабақшадағы шынығуды әлсіз тітіркендіргіштен бастау қажет. Бұл су температурасының бірітндеп төмендеуіне қатысты, яғни аяққа арналған ванналар немесе бөлме температурасы. Үшіншіден, балабақшадағы шынығу бала денсаулығы мен оның ағзасының жекешеленген ерекшеліктерін ескеру шарт.Сонымен қатар баланың белсенді көңіл-күйі  дұрыс шынығудың кепілі болып табылады, ал оның өзгеруі әрине тәрбиешісіне байланысты. Бұл жағдайда тәрбиеші балаларға әрдайым үлгі болу керек, яғни шынығудың әр қимыл-әрекетін балалармен бірге жасау қажет.Төртіншіден, балабақшадағы шынығу әдісін жүргізу үшін дәрігердің рұқсаты керек. Бұл талап аса маңызды, себебі, шынығуды жүргізуге болмайтын жағдайлар болуы әбден мүмкін. Дәлірек атап айтқанда:

- аурудың басылғанына немесе сауықтыру екпесі жасалғанына 5 күн өтпесе;

-созылмалы аурудың ушығуынан кейін екі апта өтпесе;

-балабақшадағы карантин;

-алдыңғы күннің кешкілік уақытында дене қызуы көтерілсе;

-шынығу алдындағы бала бойындағы қорқыныш сезімі.