Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
ПОЛИОМИЕЛИТ
ПОЛИОМИЕЛИТ

       ПОЛИОМИЕЛИТ немесе балалардың сал ауруы — балалар мен жас өспірімдердің орталық жүйке жүйесіне, бірінші кезекте жұлынға əсер ететін, кейде сал ауруына əкеліп соқтыратын өткір, жұқпалы ауру. Ауру туындаған кезде жұлын қабаттарындағы қозғалмалы жүйке клеткалары бұзылады. Ауру сүзгіленген вирус арқылы пайда болады.

      Эпидемиология. Қазіргі таңға дейін вирустың адамнан адамға қандай себептермен жұғатындығы туралы мәлімет белгісіз, әлі анықталған жоқ. Бұдан бұрын ауру ауа тамшылары арқылы жұғады деп есептеліп келген болатын, бірақ 1938 жылы нәжістер мен тұрғын сулардан да табылғандығына байланысты вирус ағзаға ауыз арқылы да түседі деген тeория шындыққа айналып отыр. Сүтті пайдаланғаннан кейін де эпидемия туындаған деген мәлімет болған, бірақ жұқпалардың әдетте су арқылы жұғатындығына қарамастан полиомиелит ауруы туындаған кезде су ағысы арқылы эпидемияның таралмайтындығы мә-лім болды. Ауру тасымалдаушы жәндіктерден қазір тек қана үй шыбындары ғана күдік туғызады. Жұқпалардың негізгі таралу түрі аурумен тікелей және жанама қатынас (қол, беторамал, киім, төсек-орын) арқылы. Ауру жер шарының барлық бөлігінде кездессе де, ауырғандардың жас ерекшеліктері мен мезгілі әр түрлі.

        Тропиктерде жылдың барлық мезгілінде, субтропиктерде жаз айының басында, солтүстік кеңістіктерде жаз айының екінші жартысында пайда болады. Ереже бойынша өмір сүру деңгейі жоғары, санитарлық жағдайы мен медициналық көмек көрсету деңгейі жетілген аймақтарда көбінесе ересек тұрғындар жиі ауырады.

          Клиникалық ағымы. Жалпы алғанда, полиомиелит балалар ауруы болып есептелсе де, бұл аурумен ересектер де ауырады және ауру түрі оларда өте ауыр қалыпта өтеді. Инкубациялық жасырын кезеңі жобамен бір апта (3 тен 35 күнге дейінгі аралықта да болуы мүмкін). Вирус дем алу және ас қорыту жолдарынан өтіп бастағы ми мен жұлынға түседі. Аурудың бірінші белгісі дене қызуы көтеріледі, бір-екі күн басы ауырады, құсады. Осы белгілер бір күн өткеннен кейін қайта қайталанып, мойын мен бел бұлшық еттері қатаяды және ауырып, артынан салдануға әкеліп соғады. Осы кезде жергілікті рефлекс-тер жойылып, салдану аяқ-қолға тез тарайды. Көбінесе аяқ-қолдардың біреуі ғана зардап шегеді немесе сопақша миға қозғалыс беретін бұлшық еттерге тарайды. Кейде тыныс алу және жұтыну бұлшық еттерінің салдануының салдарынан өлім-жітімге әкеліп соқтырады. Салдану қалпы бір аптаға созылуы мүмкін, одан кейін аурулардың жартысында бұлшық еттің қызметі ақырындап өз орнына келеді. Бірақ соған қарамастан, полиомиелиттің салдану түрімен ауырған аурулардың ¼-і мүгедек болып қалады.

           Емдеу. Осы уақытқа дейін полиомиелитті өзіндік ерекшелігіне қарай емдеу тәсілі табылған жоқ. Тeориялық көзқарас бойынша адамның иммунды сарысуы немесе жалпы гамма- глобулині (салданудың алдында бірнеше күн бұрын егілген жағдайда) ағзаны уақытша қорғауды қамтамасыз ету керек еді, бірақ олардың әсері жеткіліксіз болып шықты. Салдану кезінде төсек тәртібін қатаң сақтау аса маңызды. Салданған бұлшық еттер өзгеріске ұшырамас үшін тіректермен қорғалуы тиіс. Ауырған адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер ету үшін ауырған бұлшық еттерге ыстық, дымқыл мата басу әдісі кеңінен пайдаланылады.

           Аурудың өткір кезеңі аяқталғаннан кейін бұлшық еттердің бастапқы қалпына келуіне су астында жаттығулар жасау сияқты емдік физкультураның әсері өте зор. Жаттығуды арнайы дайындалған ортопедтік клиникаларда жүргізудің пайдасы мол. Алқым бұлшық етінің салдануы кезінде көмейден сөлді үнемі сорып алып отыру керек, ал тыныс алу бұлшық еттерінің салдануы кезінде аурудың өкпесіне жасанды демалдыру жасайды.

      Алдын алу. Жүргізілген егу жұмыстарының арқасында полиомиелит ауруының деңгейі біршама төмендесе де әрқашан қырағылық танытып, аурудың алдын алатын шаралар жүргізіліп отырылуы тиіс. Полиомиелит ауруына күдік туындаған жағдайда ауруды ауруханаға жатқызып, оқшауландыру және полиомиелит ауруының белгісі анықталған немесе күдікті аурумен міндетті емес қатынасты тоқтату қажет. Басқа да алдын алу шараларына шектен тыс шаршамау және суық тигізбеу, мұрын мен тамаққа операция жасауды күз айына қалдыру түрлері жатады. Сонымен қатар ластанған су айдындарында суға түсуден сақтанып, су, тамақ, сүт өнімдері шыбындардан қорғалуы қажет.

           Алғашқы рет полиомиелитке қарсы егу 1955 жылы жасалынды. Әлемде вакцинация басталғанға дейінгі дәуірде жүздеген мың балалар зардап шекті. 1988 жылы 125 мемлекетте салға ұшыраған науқастар саны 350.000 баладан асқан еді. Бүгінгі күні әлемде балалар арасында полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайы 99 пайызға дейін төмендеді.

           2010 жылдың наурыз айына дейін әлемде полиомиелит қоздырғышының қоршаған ортада тек 4 мемлекеттерде тіркелген, олар – Нигерия , Үндістан, Пәкстан және Ауғанстан. 2010 жылы Үндістанда тіркелген полиомиелит Тәжікстанға таралды.Соңғы мәліметтер бойынша Тәжікстанда салға ұшыраған нау-қастардың саны 200-ден асады.

Полиомиелит індетін тек полиомиелитке қарсы егу арқылы ғана тоқтатуға болады. Аталған вакцина балаларды өмір бойына полимиелит вирусынан тиімді қорғайды.

           Қазақстанда соңғы рет полиомиелит жағдайы 1995 жылы тіркелді.