Ата-аналарға кеңес!
1. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты сұрақтарға психологтан ақыл-кеңес алыңыз.
2. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.
3. Салалық дәрігерден алдын-ала біліп алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса, онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.
4. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз. Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.
5. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.
6. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.
7. Өз уақытыңызды былай жоспарлаңыз: баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.
8. Баланы өзі жақын арада келетін топтың балаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.
9. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.
10. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!
Мақаланы даярлаған: Г.С.Гросс
