Шынығу
«Денім сау болсын десең, шынық!»
Қазіргі күндерде көптеген жұқпалы аурулар толығымен жойылған, ал басқаларының таралуы күрт төмендеді. Бірақ көптеген мектеп жасына дейінгі балалар әлі де болса жиі жоғарғы өкпе жолдарының қабынуынан зардап шегеді. Бұл аурулар баланың денсаулығына кері әсер етеді және кей кездерде кейінгі жылдарға оның ескі науқасына айналып кетуіне себеп болады. Суық тиіп ауыратын аурулардың алдын алудың негізгі құралы болып – табиғи сауықтыру факторы саналады. Ауа, күн және су балаға сыртқы орта жағдайларының ауысатын рекцияларына көндіге бастауына көмектеседі.
Шынығудың жақсы құралы – ауа ваннасы. Баланың бақшада ойнап жүргенінде оның (аз уақытқа, 10-20 минутқа) киімінің жарты бөлігін: ерте көктемде – пальтосын, кеш көктемде – костюмін не көйлегін шешіп алады. Ауа ваннасын қозғалыс ойындарымен үйлестірген өте жақсы. Күн сәулелері балаға қорғаныстық емдік әсер етеді, бірақ белгілі бір жағдайларды сақтаған кезде. Алдымен жалаңаштанған бала күн сәулесінің астында 5-10 минут бола алады, содан кейін ұзақ уақытқа дейін созуына болады.
Үлкендер баланың өте қатты қыздырынып кетпеуін қадағалау керек. Ыстық күндері баланың киімі болып- іш киімі, аяғында – жеңіл аяқ киімі саналады, бірақ пайдалысы жалаң аяқ жүру. Басты жеңіл ақ түсті бас киіммен қорғау ұсынылады. Осындай киіммен бала күндерін ойын кезінде ауа мен күн ваннасын қабылдап таза ауада өткізеді. Кей кездерде су рәсімдерін де қабылдайды. Көбінесе көлде, өзенде, теңізде шомылу ағзаның шынығуына себеп болады. Бірақ балаларды су киіммен қалтыруға болмайды.
