"Жауқазын" зияткерлік олимпиадасы
Біздің балабақшаның дайындық топ тәрбиеленушілері «Жауқазын» VIоблыстық зияткерлік олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау. Белсене қатысып Петкер Анастасия І дәрежелі дипломы және Лузик Мария ІІ дәрежелі дипломы иегерлері атанды.
Олимпиада қатысушыларын дайындағаны үшін біздің балабақша Павлодар облысының білім беру басқармасының дипломымен марапатталды.
Ұжым атынан балабақшаның психологы Негруцак Елена Фёдоровнаны балаларды олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін алғыс білдіреміз.
