Ата –аналарға арналған психолого-педагогикалық тәжірибе.
«Мектеп алдындағы жыл»
Балалар өз алдымен жан мен дүниетанымдық құндылық әкеледі, олар оны жасайды, шығару мен жасау үшін дүниеге келеді. Оларға қоғам мен қоғамдық құбылыстар әсерін тигізіп тағдырларын бұзбау үшін, ашылу үшін көмектесу керек.
Ш.А. Амонашвили
Құрметті ата-аналар!
Біздің бетіміз ең алдымен үлкендерге арналған, бұл бет сіздердің педагогикалық мүмкіндіктеріңізді кеңейтуге көмектеседі.
Балаларға ашылуға жәрдемдесіп, дене мен жанымен сау отбасы болуға көмектеседі.
Отбасы адамды бақытты етіп, барлық шаруаларына табыс әкеледі, бірақ кері әсер бере алады. Бақытты отбасы ол, әр мүшесіне дамуға әрекет жасап, бақытты болуына ат салысады. Мұндай отбасында махаббат, түсінушілік пен тыныштық табуға болады. Жалғыз отбасында бақытты болу мүмкін емес. Ал отбасында бір адам тек теріс сезім алса, барлығы ойлануы керек. Бақытты отбасын құру үшін, бір минутта демалмай, өз мүмкіндігінше ат салысады. Қиын кезеңдердің бірі, ол баланың алғаш мектепке баруы.
Айдан айға (қыркүйектен тамызға дейін) өз балаңызбен қызықты да мазмұнды мектепке дайындық сапарын кешеміз.
Оқу процесін қызықты да ерікті ету үшін неше түрлі ойындар, дамыту әдістерін қолданып жаттығулар орындатасыз. Балалармен жұмыс жасағанда мына қағидаларды есте сақтап, орынды қолданықыз.
Ата-аналарға арналған ережелер.
- Балаңызды, өзіңізді үйреткендей үйретпеңіз. Сіз басқа уақытта дүниеге келдіңіз.
- Балаңыздың өміріне қызығушылық танытыңыз, бақытты сәттеріне, реніштеріне, керек жерде баламен бірге сол сәттерді кешіңіз, сезініңіз.
- Балаға үлкен адамға қарағандай қараңыз, ол да сізден екі жақта сенімділік, құрмет пен түсінушілік күтеді.
- Жақсы көретініңізді білдіріп, одан табыс күтетініңізді сезіндіріңіз.
- Онымен бірге күліп, ойнаңыз.
- Баланың балалық ермегін қызықтап, қатысыңыз.
- Баланың жағына қателік жіберсеңіз кешірім сұраңыз.
- Балаңыздың сұрақ қоюын, өз ойын айта білуін қолдаңыз.
- Өз ойларын беделді айта білуге, айқай – шусыз, ренішсіз бәстесуге үйретіңіз.
- Ізденімділік, зерттеушілік қасиеттерін қолдап, баланың өз бетімен ойлап, ойын жеткізуге үйретіңіз.
- Баланың алдына қиынырақ мақсат қойып, өз мүмкіндіктерінен асып кетуге көмектесіңіз.
- Өзіңіздің сөйлеу мәдениетіңізге жаргондар мен жаман сөздерді қолданбаңыз.
Осы берілген ережелерді орындап, педагогика принциптерін ұстаныңыз, балаңызбен істес болыңыз.
Ата-аналарға арналған ескертулер
(әдістемелік ұсыныстар)
1. Барлық материал жыл мезгілдеріне негізделген (қыс, күз, көктем, жаз).
2. Сосын, жылдың әр айына бет берілген. Онда әр айға түсінік берілген, тақпақтар.
3. Әр айдың ішінде оқу материалы келесідей:
- Психологиялық практикум (тәжірибе)
- Ақылға арналған жаттығу
- Санауға үйренеміз
- Оқуға үйренеміз
Мынаны ескеріңіздер, әр айдың материалы әдейі құрастырылған. Материал көп немесе одан кішкене аз болуы мүмкін. Күнініе сабақты 25-30 минут өткізген жөн.
Баламен бірге тексеріңіз, мақтауды ұмытпаңыз. Нені үйрене алмады, соған көңіл бөліңіз.
Өткен айдың жетістіктері мен кемшіліктерін ескере отырып, алдағы айға жоспар құрып, баламен жұмысыңызды ойластырыңыз, ұйымдастырыңыз.
Сәт сапар!
Мақаланы даярлаған методист: А.Г.Терешкина
