Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ақылға арналған жаттығу
Ақылға арналған жаттығу

Ақылға арналған жаттығу

Күнделікті кеңестер

Баланың тілдамуы

Балаға көмек көрсету үшін, мына ережелерді еске сақтаңыз:

-        Баланың табиғи дамитын тілін ерте дамытуға тырыспаңыз. Сөйлеу сабақтармен жүктемеңіз. Ойын, жаттығу, тіл материалдары жас ерекшелігіне сәйкес болу керек.

-        Баламен сөйлескенде тіліңізге ие болыңыз. Асықпай сөйлесіңіз, дыбыс, сөздерді анық, ашық айтып, оқығанда таза оқыңыз. Түсініксіз сөз, жаңа сөздерге мәтінде кезіксеңіз, дәл сол жерде тоқтап, түсіндіріңіз.

-        Баланың тіліне ермеңіз, кішірейту, еркелету жұрнақтарынан аулақ болыңыз, себебі олар баланың тіл дамуына кері әсер береді.

-        Баланы түзеткен кезде, абайлаңыз, келемеждеуден аулақ болыңыз. Ең дұрысы – абайлап түзетіп, дәл қате жіберілген сөздің дұрысын айтыңыз. Бала жанталасып ойын айтып, ақырын сөйлесе, оның есіне мынаны түсіндіріңіз: анық айт, асықпа!

-        Баланың сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз. Сұрауды ұмытпаңыз: сіздің берген жауабыңызды ол ұқты ма?

Үйде магнитофон болса, кем дегенде айына бір рет баланың тілін жазыңыз. Баланың ең алғашқы жылдарында, түсініксіз дыбыстары мен бірінші сөздерін жазыңыз. Содан соң – оның ойын кезіндегі тілі мен өлең оқығанда, оқығанын айтып бергенде, сонымен қатар өз ойын айтқанын жазыңыз. Жазу уақыты 1-ден 5-10 минутқа дейін, сонымен қатар, баланың жасын айтуды ұмытпаңыз. Бұл жазбалар тек қана көмек емес, болашақта балаларға құнды сыйлық болады.

Сөз шығармашылығы

  •   Сөйлемді аяқтаңыз

Қоян секіреді, ал қарлығаш....

Құрт сүйретіледі, ал балық....

Ат жүгіреді, ал жылан....

(осы сияқты сөйлем құрыңыз)

  • Мына сиқырлы сөздерді кім айтқан:

«бір, екі, үш, піс қазаным, піс»?

  •  Спанч боб пен Шрэктың достары кім?

Салыстырамыз, қоямыз, жинақтаймыз, қиялдаймыз.

  •  Екі жануар мен аңды салыстыру:

-        Қоян мен мысықтың айырмашылығы не?

-        Мысық пен кіші мысық ұқсас па?

  • Қай аңдарды мына жерлерге түссек, кездестіреміз: - жунглиге, шеткі солтүстікке, хайуанаттар бағына, орманға, тауға?
  •  Қалжың сұрақтар.

-        Жарты алма неге ұқсас? (Екінші жартыға)

-        Торда су әкелуге бола ма? (Иә, болады, тор қатқанда)

Мақаланы даярлаған методист: А.Г. Терешкина