Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі рөлi
Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі рөлi

Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі рөлi

Адамгершілік саласының ұйымдастырылуы – баланың жан-жақты тәрбиесінің маңызды шарты болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы баланың мектепте жақсы оқуы ғана емес оның алдағы өмірлік ұстанымы да адамгершілік тәрбиесіне байланысты болады.

Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі рөлi ерекше. Жақсы жанұяда махаббат пен аяушылық, қамқорлық пен қуаныш күлкілері кездеседі. Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі.

Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.

Баланың ойына құлақ салып, онымен ақылдасып, оның ішкі жан дүниесін ұғып, түсіне білу, сыйлау бала үшін көп нәрсені білдіреді. Ол өз қылықтары мен сөздерін талдап, өзін қасындағы баланың орнына қойып, соңында не болатынын болжап, бұзақылық жасамайды.

Баланың өзін-өзі бағалауы үлкен кісілермен қарым-қатынасынан кейін белгілі болады. Өйткені үлкен кісілер оның жақсы, жаман қылықтарын бағалайды. Бала өзіне сенетін адамдардың сөзіне көбінесе көңіл аударады. Баланың қателіктерін бетіне баса бермей, ата-анасы ақыл айтып, дұрыс жолды көрсете білулері керек.

Баланы жастайынан тәрбиелеу қажет және баланың өміріндегі басты тәрбиеші ата-анасы болып табылады.

Мақаланы даярлаған: А.Б.Аскарова