Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата-аналарға арналған кеңес «Балаларды үйде қазақ тілінде оқыту ережелері»
Ата-аналарға арналған кеңес «Балаларды үйде қазақ тілінде оқыту ережелері»

Ата-аналарға арналған кеңес «Балаларды үйде қазақ тілінде оқыту ережелері»

Баланы тілге үйрету бала үшін қызықты болуы керек екенін әрдайым есте ұстау өте маңызды.Егер сіздің істеп жатқаныңыз балаға ұнамаса, оны тоқтатып, басқаша жаттығуға тырысыңыз.

Балаға әр сөйлеу әрекетінің мотивін құруды ұмытпаңыз: бала анасының неге басқа тілде сөйлейтінін және өзі неге осы тілде сөйлеу керек екенін түсінуі керек.

Балаларды оқыту әдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты

Сөздерді дұрыс айту өте маңызды.Әйтпесе,бала дұрыс емес айтылымды үйренеді, содан кейін одан құтылу өте қиын болады.Егер сіз сөзді дұрыс айтатындығыңызға сенімді болмасаңыз, фонетикалық транскрипциясы бар сөздікте айтылымды тексеріңіз. Қажет суреттер мен ойыншықтар тек оқыту процессіне арналған болғаны жөн: оларды «сиқырлы сандыққа» бөлек қорапқа салып ,сабақ уақытында қолданған дұрыс.

«Сиқырлы сандықтың» ішндегі керек заттар:

  • Тақырыптық суреттер
  • Ойыншық - сабақтың басты кейіпкері. Қолғап қуыршағын  қолданған дұрыс.
  • Адамдарды, жануарларды, көлік құралдарын бейнелейтін ойыншықтар.
  • Құрылыс материалы.

          Әр түрлі түсті санау таяқшалары

  • Аудиокассеты или диски с записью песенок на казахском языке.

Баланың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру үшін ертегілердің кейіпкерлерімен ойнатқан дұрыс, мысалы «Теремок» ертегісі.«Сиқырлы сандықтың» ішінен мультфильмдер, түрлі суреттер көрсету қажет.

Кішкентай балалармен бірге жануарларды мүсіндей отыра оларды диалог түрінде сөйлету.Мысалы: Бір-бірімізбен танысайық, жаңа досымызды басқа ойыншықтармен таныстырайық, т.б.Ересек жастағы баламен келесі ойын түрлерін ойнатуға болады:«Не артық?»; «Себетке жинайық»; «Кім көп сөз айтады?»

 

 

 

Материалды даярлаған: К.З. Каирбекова