Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
LEGO құрастыру бойынша ата-аналарға арналған кеңес
LEGO құрастыру бойынша ата-аналарға арналған кеңес

LEGO құрастыру бойынша ата-аналарға арналған кеңес

Бала үшін ең табиғи және оның сүйікті іс-әрекеттерінің бірі-құрастыру, яғни жеке бөлшектерден тұтас бір құрылсты жасау. LEGO  конструктор балаға өзінің ерекше әлемін құруға мүмкіндік береді. Егер ойнап отырған, балаңызға мұқият қарасаңыз – оның құрылыстары үй, бөлме, үй жиһаздары,тұрмыс техникаларынан тұрады. Сондықтан, егер оның конструкторы болмаса да, бала ойын кеңістігін қолындағы  бар заттардан жасайды:  жиһаздан, қораптар, сондай-ақ әртүрлі табиғи материалдардан.

Сонымен, конструктор дегеніміз не - бос ойын құралы немесе пайдалы, дамушы іс-әрекет қызметі ме?

Баланың ақыл-ой процестері мен ақыл-ой қабілеттерін дамытуда конструктивті белсенділіктің маңызы зор. Құрастыру кезінде бала көптеген білімді, дағдыларды оңай үйренеді.

1. Біріншіден, баланың кеңістіктік ойлауы мен конструктивті қабілеттері дамиды. Іс жүзінде бала оң, сол, жоғары, төмен сияқты ұғымдарды біліп қана қоймайды, сонымен қатар осы немесе басқа нысанды қалай құрастыру керектігін түсіне бастайды.

2. Конструктор сонымен қатар қиялдық ойлаудың дамуына ықпал етеді: өйткені бала құрастыра жасай отырып, қандай құрылыс болатынын бағдарлай алу керек.

3. Конструктор қызметі құрылысты талдауды, жеке бөліктердің кеңістіктік орналасуын сипаттауды, олардың іс - әрекеттерін жоспарлауды және орындалған іс-әрекеттер туралы есепті қамтығандықтан, баланың сөйлеуі де дамиды, оның сөздік қоры кеңейеді.

4. Конструктормен жұмыс жасай отырып, бала ұсақ моториканы, көзді дамытады. Мұның бәрі ойлауды одан әрі дамыту үшін өте маңызды.

5. Сонымен қатар, қызметтің бұл түрі табандылық, ұқыптылық,зейінділік, тәуелсіз, ұйымшылдық (өз қызметін жоспарлау және басталған істі соңына дейін жеткізу мүмкіндігі) сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

6. Ең бастысы құрастыру қиялға үлкен мүмкіндіктер береді және балаға өзін Құрастырушы Инженер сияқты сезінуге мүмкіндік береді.

Құрастыруда интеллекттің шығармашылық жағын дамытуға мүмкіндік бар-бұл ойындар шығармашылық процесті моделін жасайды, өзінің микроклиматын жасайды. Олар ұзақ уақыт бойы жалықтырмайды, өйткені олар үлкен өзгергіштікке, әртүрлі комбинацияларға ие және өзін-өзі  шығармашыл  ретінде көрсетуге көмектеседі.

 

 

 

Материалды дайындаған:  М.А.Әбу