Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Психологиялық тәжірибе
Психологиялық тәжірибе

Психологиялық практикум

Туған балам менің

«Бізде бәрі болады»

Баламен мына өлең жолдарын оқы.

Барлығын төңкеріп тастауға болады.

Асхананың пешінде ұйықтау,

Аяқпен жоғары отырып, тамақтану

Қармен пеш жағу,

Балтамен жүзу

Пілді шелекте шомылдыру.

... сұрауға рұқсат бер:

Пеште ұйықтайсың ба?

Тоқашты саңырауқұлақпен жейсің бе

Аяқпен жоғары отырып?

Таң атқанда теңізде

Балтамен жүзесің бе?

Африканың пілдері

Шомылар ма шелекте?

                  Роман Сеф

Балаға ойлануға уақыт беріңіз. Немен айналысқысы келер еді. Оған барлығына рұқсат беретін болсаң. Айтылғандардың қайсысы керек емес, неге; жазылғандар басқа адам мен баланың ойына кіріп шыға ма. Үлкен қағазды алып фламастермен «Бізде бәрі болады» деп жазыңыз.

Балаңызға құрастыруға көмектесіңіз, ол үшін көмекші сөздерді ұсыныңыз.

·         Дос болу,

·         Ойнау, қалжыңдау,

·         Бөлісу,

·         Ұрыспау,

·         Жалқауланбау,

·         Еңбектену,

·         Қуанышты болу,

·         Ақылды болу,

·         Мейірімді болу.

Балаңыз өзі бірнеше сөз жазсын. Үлкен қағазды 2-3 күнге балаңыздың бөлмесінің есігіне іліп қойыңыз. Сосын алып тастаңыз. 2-3 ай өткен соң тағы сол қағазды алып, қосымша тағы да не болады деп жазыңыз. Бұл сұраққа үйдегі туыстармен, достарды араластырыңыз. Үйдегі мерекелерге қолданыңыз. Мысалы «Кім боламын», «Ертең мектепке» және тб

Балаңыз бүгінгі таңда қандай.

 Баланың ойлау қабілеті

Бәрімізге мәлім, баланың ойлау қабілеті қиындық туған кезде жақсы дамиды. Балаңыз қалай жауап береді, тексеріңіз.

·         Есінде қалғандағыдай сыртқы келбеттерін еске түсіре ала ма?

·         Заттың, нәрсенің сөзбен айтып, түсіндіргенінен, не туралы айтып жатқанын біле ала ма?

·         Бір бөлшегіне қарап, түгел суретті еске түсіріп, сала ала ма?

·         2 нәрсеге қарап, айырмашылығын таба ала ма?

·         Бір нәрседен, екінші нәрсеге қызметтерін ауыстыру

·         Заттардың орындарын кеміту, кері тәсілмен ауыстыру.

·         Кез-келген объект туралы мазмұнды әңгіме құру

·         Көкейкесті мәселе туғызу

·         Қарама-қайшылықты шешу

·         Өлшемді қолданып, заттың өлшемі мен көлемін табу.

Қорытынды

Берілен тапсырмалардың дұрыс орындалған, балаңыздың ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейде екені туралы айтады. Бұл туралы балабақшадағы тәрбиешімен сөйлесіп, сіздің балаңызға арнайы күрделі тапсырма дайындап, жеке дара жұмыс жасауын сұраңыз. Ал керісінше бала аз сұраққа жауап берсе, баламен қосымша сабақ өткізіп, онда салыстыру, қою, үлкейту, жалпылау әдістерін қолданғаныңыз жөн.