Сенім телефоны
+7 (718)2 60-84-45
Мекенжайы: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі халық педагогикасының маңызы

Халықтық педагогиканың қайнар бұлағы халық ауыз әдебиетінің үлгілері болып табылады.

Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға,қиялын шарықтатып,тіл байлығын дамытуға  ертегілер,жұмбақтар,жаңылтпаштар сынды ауыз әдебиет үлгілерінің тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.

Балаларды ана тілімен сусындатуда,тілін ширатуда,сөздік қорын байытуда,сөйлеу мәдениетіне үйретуде,баланың тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз етуде  халық ауыз әдебиетінің маңызы  зор.

 Әсіресе,баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол.Ауыз әдебиетіндегі «Қуыр-қуыр,қуырмаш», «Ұшты-ұшты», «Кім керек?» т.б тақпақтары баланың танымын кеңейтіп,байқампаздыққы,зеректікке тәрбиелеп,тілін дамытады.

«Қуыр-қуыр,қуырмаш» өлеңі  балаға саусақтарының атын  (басбармақ,балалы үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек ) үйретеді.Осы өлең арқылы саусақтарымыздың біздер мән бере бермейтін көптеген қыр-сырлары бар екенін  білдірткен жөн.Мысалы,бір нәрсенің  өте жақсы,тамаша екенін ауызбен айтпай-ақ ,бас бармақпен көрсету,сұқ саусақ-нұсқағыш ,шақырушы ,тәртіп талап етуші қызметтерін атқаратыны;шынашақпен достасу,бәстесу белгілері білдіреді.Бұл да баланың ойлау қабілетін дамытумен бірге зейінін,қызығушылығын ұштаудың бір жолы

   Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.

1.     Айналадағы бар,күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек ,ыдыс-аяқ,тағам,құрал-жабдық,бұйымдар,үй жиһаздары) көрсетіп,атын сұрап айтқызу.

2.     Осы заттардың қайдан,неден жасалғандығын(ағаштан,шыныдан,жүннен, темірден ) түсіндіру.

3.     Заттар жайында жұмбақ ,жаңылтпаш,ауыз-әңгіме,өлең,ертегі айту.

4.     Заттарды қолданатын,пайдаланатын орындарын,өмірге,тұрмыста қажеттілігін айту.

5.     Заттардың қасиеттерімен,ерекшеліктерімен таныстыру.

6.     Заттарды сипаттауға,салыстыруға үйрету